Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этикасының қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 482 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2013 жылы 26 желтоқсанда № 9034 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 331 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 23.05.2016 № 331 бұйрығымен.

       «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 Жарлығының 2-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары бекітілсін.
      2. Әкімшілік департаменті (Ш. Жұмағали):
      1) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейіннен оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурстарда орналасуды;
      3) осы бұйрықты құрылымдық бөлімшелер және ведомстволар басшыларының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы Ә. Ғалымоваға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                     А. Сәрінжіпов

Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 29 қарашадағы
№ 482 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік
қызметшілерінің қызмет этикасының
ҚАҒИДАЛАРЫ

1. Жалпы ережелер

      1. Министрліктің мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының осы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексіне (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы ережелеріне) сәйкес әзірленген.
      2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) мемлекеттік қызметшілері мінез-құлқының негізгі нормаларын белгілейді.
      3. Мемлекеттік қызметшілердің Қағидалар нормаларын бұлжытпай орындауы қоғамның Министрліктің қызметіне сенім білдіруі мен қолдау көрсетуінің қажетті шарты болып табылады.
      4. Осы Қағидалардың мақсаттары:
      1) Министрліктің мемлекеттік қызметшілерінің жоғары корпоративтік мәдениетін қалыптастыру;
      2) Министрліктің мемлекеттік қызметшілерінің Қазақстан
Республикасының мемлекеттік қызметшілері мінез-құлқының негізгі
стандарттарын сақтауы;
      3) Министрліктің ұжымында жағымды моральдық-психологиялық
ахуал жасау және қолдау;
      4) Министрліктің имиджін нығайту және арттыру.
      5. Министрліктің мемлекеттік қызметшілері қызмет этикасының
мынадай қағидаттарын басшылыққа алады:
      1) заңдылық;
      2) қазақстандық патриотизм;
      3) адалдық;
      4) әділдік;
      5) мемлекеттік қызметшілердің кәсіби шеберлігі мен құзыреттілігі;
      6) мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерін орындамағаны не тиісті түрде орындамағаны және өздерінің өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауапкершілігі;
      7) мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін үздіксіз арттыруы.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2014.10.15 № 426 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      6. Министрлік барлық мемлекеттік қызметшілер жоғарыда көрсетілген қызмет этикасының қағидаттарын сақтап, лауазымдық міндеттерін орындау кезінде жеке мүддені немесе бас пайданы көздемей, Министрліктің мүддесін басшылыққа алады деп сенеді.
      7. Жұмысқа қабылдау кезінде Министрлік қандай да болмасын белгілер бойынша ешқандай кемсітушілікке жол бермейді. Кадрларды іріктеу мен қолдау тек олардың кәсіби қабілеті, білімі мен біліктілігі негізінде жүзеге асырылады.
      8. Министрліктің басшылығы:
      1) өз міндеттерін тиісті түрде орындағаны, жұмысты нақты
қалыптасқан жағдайды ескере отырып ұйымдастырғаны және жоспарлағаны;
      2) қарамағындағы мемлекеттік қызметшілерден олардың қызметтік міндеттерінен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеуі; басқа адамдарды құқыққа қайшы теріс қылықтар жасауға мәжбүрлемегені;
      3) өзі басқарып отырған бөлімшедегі мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерін, тапсырмаларды сапалы орындауына жауапты болғаны;
      4) адамгершілік мінез-құлықтың үлгісі болғаны;
      5) қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттырғаны;
      6)әділ болғаны, өзінің кәсіби қызметіне басқаның ықпал етуіне жол бермегені;
      7) өзіне жүктелген міндеттерді дұрыс орындағанына күмән тудыратын кез келген іс-әрекеттер мен шешімдерден аулақ болғаны;
      8) өзінің лауазымдық міндеттерін орындау процесінде шыдамдылық танытқаны, сыпайы, әдепті болғаны және басқа адамдарға құрмет көрсеткені және осы қасиеттерді қарамағындағы қызметкерлерден талап еткені;
      9) қарамағында қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы сақтауын жеке бақылауға алуды, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша уақытылы және жан-жақты шаралар қабылдауды қамтамасыз еткені;
      10) осы Қағидалар талаптарының бұзылу фактілеріне түбегейлі ден
қойғаны, кінәлі адамдардың жауаптылығымен қатар, өзінің жеке
жауаптылығы мәселесін қоюға да дайын болғаны жөн.
      9. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары:
      1) ұжымда жұмыстың жайлылығы деңгейімен, кеңпейіл және шынайы
өзара қарым-қатынастармен, ұжымның оң дәстүрлерімен сипатталатын
қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қамтамасыз еткені;
      2) Министрліктің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге
бағытталған пікірлес ұжымды кұра отырып, қарамағындағы мемлекеттік қызметшілердің бойында ортақ іске жанашырлық сезімін дамытуға ұмтылғаны;
      3) ұжымда іскерлік өзара қарым-қатынасты және сындарлы
ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал жасауға;
      4) қол астындағылардың жеке басының қадір-қасиетін қадірлегені,
олардың өз кәсіби пікірінің бар болу құқықтарына түсінушілікпен қарағаны, әсіресе ол пікір оның өз пікірінен ерекше болған жағдайда, қол астындағылармен қарым-қатынаста әділеттілік көрсеткені;
      5) сыбыс пен өсек-аяңның таралуын, әділетсіздік көріністерін
болдырмай, бағынысты қызметкерлердің өзара қарым-қатынастарын
этикалық нормалар негізінде реттегені жөн.
      10. Министрліктің мемлекеттік қызметшілері:
      1) адал, әділ, қарапайым да сыпайы болуға, азаматтармен және өзінің әріптестерімен қатынас жасау кезінде сыпайылылық пен әдептілік сақтауға;
      2) Министрліктің мемлекеттік қызметшісі деген атақтың беделін
түсіруге ықпал ететін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге;
      3) азаматтардың өтініштерін қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеуге, өтініштер бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қолдануға;
      4) кімге болса да басымдық бермеуге, қызметтік міндеттерін орындау кезінде кімнің де болсын ықпалынан тәуелсіз болуға;
      5) басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан Қағидалар нормаларын бұзу фактілерін болдырмауға және олардың жолын кесуге;
      6) Өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сындарлы кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға;
      7) басқаның пікіріне құлақ асуға;
      8) сөзі мен ісінің бір жерден шығуын қамтамасыз етуге, берген
уәделерін орындауға;
      9) өзінің қателерін жасырмауға/мойындауға;
      10) дөрекілікке, адамдық қадір-қасиетін кемсітуге, жөнсіздік, орынсыз мінез-құлық көрсетуге жол бермеуге;
      11) Министрліктің басқа мемлекеттік қызметшілерінің функционалдық міндеттерін орындауына кедергі келтіретін іс-әрекеттерге жол бермеуге;
      12) әріптестер мен азаматтарға кез келген жағдайда төзімділік пен әдептілік танытқаны, агресивті мінез-құлық, дөрекілік көрсетпегені, сондай-ақ қызметтес әріптестерімен тілдескенде нормативтік емес лексика қолдануға жол бермегені;
      13) өз әріптестері туралы олардың жеке басының қадір-қасиетін және кәсібилігіне нұқсан келтіретін ақпараттар таратпағаны;
      14) Министрліктің іскерлік беделі мен имиджіне тікелей немесе жанама түрде нұқсан келтіретін дау-жанжалдарға жол бермегені;
      15) мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей, пікірсайысты әдепті түрде жүргізгені;
      16) Мемлекеттік саясат және қызметтік ісінің мәселелері жөніндегі өз пікірін, егер ол жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашатын болса, мемлекеттің лауазымды тұлғаларының, мемлекеттік басқару органдарының, басқа да мемлекеттік қызметшілердің атына әдепке сай емес сөздер айтудан тұрса, көпшілік алдында білдірмегені;
      17) Министрліктің және Министрліктің мемлекеттік қызметшілерінің қызметі мәселелері бойынша ақпаратты Министрліктің атынан жарияламағаны;
      18) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұрғаны;
      19) Министрліктің мемлекеттік қызметшісіне сыбайлас жемқорлық жасаған деп көпшілік алдында негізсіз айып тағылған жағдайда, ол осындай айыптауды анықтаған күннен бастап бір ай мерзімде оны теріске шығару жөнінде шаралар қолданғаны;
      20) өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде киімнің іскерлік қалпын, іскерлік этикетті ұстанғаны;
      21) қызметтен тыс уақытта қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермегені жөн.
      11. Қызметтік этика мәселелерін және/немесе қызметтік этика қағидаттарының бұзылу жағдайларын Министрліктің мемлекеттік қызметшілері өздерінің тікелей басшысымен немесе Қағидалар нормаларын тікелей басшының өзі бұзған жағдайда, деңгейі бойынша келесі басшымен бірге талқылауына болады. Егер талқылау нәтижелері бойынша қолайлы шешім табылмаса, ұсынымдар алу және/немесе тиісті шаралар қабылдау үшін тиісті проблема туралы персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар еткен жөн. Қалыптасқан жағдайды шешу кезінде Министрлік тексерілген фактілер мен сенімді ақпаратты басшылыққа алады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады