Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 23.05.2016 № 331 бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этикасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 482 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2013 жылы 26 желтоқсанда № 9034 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 1 ақпанда № 22 (28246) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларында мемлекеттік тілдегі нұсқасында:
5-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мемлекеттік қызметшілердің кәсіби шеберлігі мен құзыреттілігі;»
2. Әкімшілік департаменті (Ш. Жұмағали) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурстарында орналасуын;
3) «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде осы бұйрықтың қағаздағы және электрондық жеткізгіштегі көшірмесін жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы Ә.Ғалымоваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А.Сәрінжіпов