Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 25 ақпандағы № 65 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 289 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 мамырда № 9387 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 269 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 269 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 25 ақпандағы № 65 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8670 тіркелген, 2013 жылғы 17 қазанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 233 (28172) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларында:

      2-тармақтың 5), 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) қаржы ұйымдары – банктер (ұлттық даму институты болып табылатын, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банкті қоспағанда) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;

      6) провизиялар (резервтер) – қаржы активінің құнсыздануынан болған зиянның немесе шартты міндеттемені орындаудан болған зиянның сомасы;

      7) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес құрылған провизиялар (резервтер) бойынша шығыстар уәкілетті органның ескертулері жоқ Әдістеме негізінде Қағидаларға сәйкес айқындалады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Жеке активтер бойынша провизиялардың (резервтердің) сомасын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында корпоративтік табыс салығы бойынша белгіленген салық кезеңінің соңына жылына кемінде бір рет айқындау нәтижелері бойынша мынадай тіркелімдер толтырылады:

      провизиялардың (резервтердің) мөлшерлері бойынша ақпарат – Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген 1-нысан бойынша;

      болашақ ақша ағындарының дисконтталған құнының есебі – Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген 2-нысан бойынша;

      құнсыздануына байланысты провизиялар (резервтер) құрылған жеке актив бойынша деректер – Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген 3-нысан бойынша.

      Салық кезеңінің ішінде тіркелімдер электрондық түрде толытырылады және сақталады және мемлекеттік органдардың сұратуы бойынша қағаз тасымалдауышта ұсынылады.";

      10, 11 және 12-тармақтар алып тасталсын;

      16, 17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Қаржы ұйымы бекітілген Әдістеменің көшірмесін, Қағидаларға 3-қосымшада белгіленген нысан бойынша Әдістемеге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Әдістеме, Әдістемеге өзгерістер және (немесе) толықтырулар бекітілгеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға ұсынады.

      Бекітілген Әдістемені қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган бекітілген Әдістеменің көшірмесін алған күннен бастап күнтізбелік жүз жиырма күннен кешіктірмей қаржы ұйымына Қағидаларға 4-қосымшада белгіленген нысан бойынша ескертулердің болмауы немесе болуы туралы хабарлама жібереді.

      Әдістемеге өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды қарау нәтижелері бойынша, сондай-ақ банк қызметі мәселелері бойынша бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру барысында уәкілетті орган қаржы ұйымына Қағидаларға 4-қосымшада белгіленген нысан бойынша ескертулердің болмауы немесе болуы туралы хабарлама жібереді.

      Уәкілетті органның ескертулері осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген уәкілетті органның хабарламаларында айқындалған мерзімдерден кешіктірілмей жойылады.

      Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген негіздер бойынша өзгертуге және (немесе) толықтыруға жататын Әдістеме уәкілетті органның ескертулері жойылғанға дейін, сондай-ақ оны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келтіргенге дейін қолданылмайды.

      17. Уәкілетті орган салық қызметі органының сұратуы бойынша осындай сұрату алынған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Әдістеменің, оған өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың көшірмелерін, сондай-ақ уәкілетті органның ескертулері туралы ақпаратты ұсынады.

      18. Салықтық тексеру жүргізу кезінде уәкілетті орган салық қызметі органының сұратуы бойынша осындай сұратуды алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Әдістеменің Қағидаларға сәйкес келетіндігі туралы қорытынды ұсынады.";

      4-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. 2013 жыл үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес құрылған провизиялар (резервтер) бойынша шығыстар 2013 жылдың аяғындағы жағдай бойынша халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жасалған аудиттелген жеке жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген шығыстар сомасы ретінде айқындалатыны белгіленсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және осы қаулының 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылатын 1-тармағының бесінші және алтыншы абзацтарын қоспағанда, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Қ. Келімбетов


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      Министр___________ Б. Сұлтанов

      2014 жылғы 07 сәуір

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 289 қаулысына
қосымша
Халықаралық қаржылық есептілік
стандарттарына және Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік
туралы заңнамасының талаптарына сәйкес
провизиялар (резервтер) құру қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Әдістемеге ескертулердің болмауы немесе болуы туралы
хабарлама

      ____ жылғы "___" ____________ № ____

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ______________________________

      _____________________________________________________________________

      (ұйымның мекенжайы)

      _____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы)

      келтірілген кестеге сәйкес Әдістемеге өзгерістердің болмауы туралы


      Әдістемеге ескертулердің болуы туралы хабарлайды.


Р/с

Жобаның құрылымдық элементі

Жобаның редакциясы

Ескерту

Түзету мерзімі

1.





2.










      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

      басшысы немесе басшысының орынбасары ________________________________

      (аты-жөні, қолы)

      Орындаушы ___________________________________________________________

      (аты-жөні, қолы, телефоны)

      Хабарламаны алды ____________________________________________________

      (ұйым қызметкерінің аты-жөні, қолы, күні)

      Хабарлама салық төлеушіге жіберілді

      _____________________________________________________________________

      (жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжаттың атауы, күні, нөмірі)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады