Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Елді мекеннің құрамдас бәліктеріне атау беру және атауын өзгерту тәртібін, жер учаскелеріне, ғимараттарға және құрылыстарға реттік нөмір беру туралы талаптарын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 120-753 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 779 болып тіркелген, 2013 жылғы 20 маусымдағы «Астана ақшамы» № 69 (2979), 2013 жылғы 20 маусымдағы «Вечерняя Астана» № 75 (2996) газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. «Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Виталий Брониславович Силецкий осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.М. Хорошунға жүктелсін.
Әкім Ә. Жақсыбеков