Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 11.12.2013 № 158-2106 (алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабының 1-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2013 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 158-1828 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 4 қаңтарда № 759 болып тіркелген, 2013 жылғы 5 қаңтардағы № 2 «Астана ақшамы», 2013 жылғы 5 қаңтардағы № 2 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
қаулының барлық мәтіні бойынша және жоғарыда аталған қаулыға қосымшадағы «мен оқитын жастар үшiн», «мен оқитын жастардың» деген сөздер алынып тасталсын.
2. «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Әкім И. Тасмағамбетов