Ақмола облысында жылу беру маусымына дайындалу және өткізу қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облыстық мәслихатының 2013 жылғы 20 маусымдағы № 5С-147-5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 30 шілдеде № 3788 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 2014 жылғы 31 қазандағы № 5С-31-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 31.10.2014 № 5С-31-4 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Ақмола облысында жылу беру маусымына дайындалу және өткізу қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облыстық
      мәслихаты сессиясының
      төрағасы                                   В.Миронов

      Ақмола облыстық
      мәслихатының хатшысы                       Н.Дьячек

      КЕЛІСІЛДІ

      «Мемлекеттік энергетикалық
      қадағалау және бақылау
      комитетінің Ақмола облысы
      бойынша аумақтық департаменті»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы            К.Бақпаев

Ақмола облыстық мәслихатының
2013 жылғы 20 маусымдағы 
№ 5С-14-5 шешімімен   
бекітілген        

Ақмола облысында жылу беру маусымына дайындалу және өткізу қағидасы 1. Жалпы ережелер

      Осы Ақмола облысында жылу беру маусымына дайындалу мен өткізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі, «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңдарының, «Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 желтоқсандағы № 1822 қаулысының, «Электр энергиясын пайдалану және Жылу энергиясын пайдалану ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 10 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3455 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 23 қаңтардағы № 76 бұйрығымен бекітілген жылыту маусымына жылумен жабдықтау жүйелерінің дайындығын анықтау жөніндегі әдістемелік нұсқалардың негізінде әзірленді және Ақмола облысында жылыту беру маусымына дайындалу мен өткізу тәртібін белгілейді.
      1. Қағида Ақмола облысының жергiлiктi атқарушы органдарының, тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешен ұйымдарының облыстың өндiрiстiк, әлеуметтiк, тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешен объектiлерiн жылыту маусымына дайындалу және оның өтуi кезеңiнде тұрақты қызмет көрсетуiн қамтамасыз ету бойынша қызметiн үйлестiредi.
      2. Осы Қағиданы:
      1) облыстың жергiлiктi атқарушы органдары;
      2) ведомстволық бағыныстылығы және меншiк нысанына қарамастан, балансында, жедел басқаруында, шаруашылық жүргiзуi немесе жалдауында, қызмет көрсетуiнде жылумен жабдықтау көздерi, инженерлiк құрылыстар, коммуникациялар және ғимараттар бар коммуналдық қызметтердi көрсетушiлер мен тұтынушылар;
      3) Ақмола облысының тұрғын үй-коммуналдық және энергетикалық кешен объектiлерiн салу, монтаждау, реттеу және жөндеумен айналысатын құрылыс-монтаж, жөндеу және реттеушi ұйымдарымен орындауға мiндеттi.
      3. Облыстың тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешенiне жататын ұйымдары мен мекемелерi тұтынушыларды жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, отынмен жабдықтау және су бұрумен тұрақты қамтамасыз етедi, сондай-ақ энергия тасығыштардың қажеттi параметрлерiн сақтайды және тұрғын үйлер мен ғимараттардағы қалыпты температуралық режимдi, олардың белгiленуi мен энергия тұтынудың төлемдiк тәртiбiн ескере отырып қамтамасыз етедi.
      4. Облыс аумағында күзгi-қысқы жағдайлардағы жұмысқа объектiлердiң дайындығы Ақмола облысының өндiрiстiк және әлеуметтiк кешенiн күзгi-қысқы кезеңде жұмысқа дайындау туралы облыс әкiмдiгiнiң жыл сайынғы қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
      5. Өз құзыретi шегiнде Ақмола облысын жылыту маусымына дайындау мен өткiзуiне жалпы бақылауды облыстың өндiрiстiк және әлеуметтiк кешенiн қысқы жағдайларда жұмысқа дайындалуды бағалау жөнiндегi облыстық ведомствоаралық комиссиясы жүзеге асырады.
      6. Облыстың қалалары мен аудандарының елдi мекендерiнде жылыту маусымына дайындалу мен өткiзудi үйлестiруді энергетикалық кешен, тұрғын үй қоры, әлеуметтiк сала және инженерлiк-инфрақұрылым объектiлерiнiң қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындығын бағалау жөнiндегi қалалық немесе аудандық ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрi – қалалық (аудандық) комиссия) жүзеге асырады.
      7. Алдағы жылыту маусымында облыс өңiрлерiнiң инженерлiк-энергетикалық кешені мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектiлерiн қысқы жағдайларда жұмысқа дайындаудың жыл сайынғы жоспарын (бұдан әрi – жылыту маусымына дайындалу жоспары) ұсыну тәртiбi:
      1) облыстың тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешенiне жататын кәсiпорындар жыл сайын, жылыту маусымы аяқталғаннан кейiн жергiлiктi атқарушы органдарға (қалалар (аудандар) әкiмдiктерiнiң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмдерiне) жылыту маусымына дайындалу жоспарларын ұсынады;
      2) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалар) жергiлiктi атқарушы органдары ұсынылған жылыту маусымына дайындалу жоспарларын бiрыңғай жоспарға бiрiктiредi;
      3) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалар) жергiлiктi атқарушы органдары жылыту маусымына дайындалудың бiрыңғай жоспарларын «Ақмола облысы әкiмдiгiнiң энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» жинақ үшiн ұсынады.
      8. Жылыту маусымына дайындалу бойынша жоспарларды орындау жөнiндегi есептер келесі тәртiпте:
      1) тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешенге жататын кәсiпорындар қалалар мен аудандардың жергiлiктi атқарушы органдарына – апта сайын;
      2) қалалар мен аудандардың жергiлiктi атқарушы органдары өз өңiрi бойынша жинақ есептi – «Ақмола облысы әкiмдiгiнiң энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне апта сайын;
      3) «Ақмола облысы әкiмдiгiнiң энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттiк мекемесi Ақмола облысы бойынша жинақ есептi – Ақмола облысының әкiмдiгiне апта сайын ұсынады.
      9. Жылыту маусымына дайындалу кезiнде жоспарланған жұмыстар орындалмағанда есепке:
      1) орындалмау себептерi көрсетiлген анықтама;
      2) ахуалды түзету бойынша қабылданып жатқан шаралар;
      3) жұмыстарды орындаудың жаңа мерзiмдерi қоса берiледi.
      10. Кәсiпорындар мен ұйымдардың жедел-диспетчерлiк қызметтердiң қалалар мен ауданның елдi мекендерiн энергиямен қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзара әрекеттестiгi қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықталады.
      11. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тұтынушылармен қарым-қатынасы олардың арасында жасалған шарт пен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен анықталады.
      12. Осы Қағидамен реттелмеген жағдайларда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы нормаларын басшылыққа алу қажет.

2. Жылыту маусымына дайындалу

      13. Жылыту маусымының дайындығына:
      1) өткен жылыту маусымында анықталған ақауларды талдау, анықталған ақаулар мен бұзушылықтарды жою бойынша iс-шараларды орындау;
      2) жылыту маусымына дайындалу жоспарларын әзiрлеу;
      3) мердiгер ұйымдарымен қаржыландыру және шарттар жасау, жөндеу және құрылыс-монтаж жұмыстарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерiн шешу;
      4) жылумен жабдықтау көздерi және орталық жылу пункттерiнде қажеттi жөндеу жұмыстарын өткiзу, соның iшiнде қазандар, түтiкшелер, құбырларды қарау және сынап бiлу;
      5) жылу желiлерi жұмысының жылуды беру және гидравликалық режимiнiң кестесiн әзiрлеу;
      6) инженерлiк желiлерде, соның iшiнде жаңартумен, күрделi және ағымдағы жөндеулер, сынаулар және шаюмен байланысты жұмыстарды орындау;
      7) электр көздерiнде, жылу көздерiнде және инженерлiк желiлерде алдын-ала қарау, жоспарлы жөндеулердi орындау;
      8) ғимараттарды (үйлердi) дайындау, ғимараттардың (үйлердiң) iшiндегi инженерлiк жүйелердiң алдын-ала қаралуы, жөнделуi және ауыстырылуы бойынша жұмыстарды өткiзу;
      9) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектiлерiнде технологиялық апаттарды және табиғат апаты салдарларын жою үшiн негiзгi және резервтi отынның нормативтiк қорларын, сондай-ақ материалдық-техникалық ресурстарының апатты қорларын құру;
      10) отын қоймаларын дайындау, қорлы отын шаруашылықтардың инженерлiк жабдықтарының, отын дайындау, отын беру, қоқыс және күлдердi жою жүйелерiнiң, темiржол және автомобиль кiреберiс жолдарының, өртке қарсы шаруашылықтың жөнделуiн орындау жатады.
      14. Пәтер иелерiнiң кооперативi, үй-жай иелерiнiң кооперативi, кондоминиум объектiлерiн басқару органдары:
      1) жылумен жабдықтау бойынша қызметтер көрсетiлетiн үйiшiлiк инженерлiк желiлер мен құрылыстар, пайдалану жауапкершiлiгi бөлiгi шегiнде ортақ үйлiк жылу энергиясын есептеу құралдарының сақталуын, қауiпсiздiгiн, тиiстi техникалық жағдайы мен пайдаланылуын қамтамасыз етедi;
      2) ортақ үйлiк қажеттiлiк үшiн пайдаланылатын жылумен жабдықтау бойынша қызметтердiң тиiмдi тұтынылуын қамтамасыз етедi, үйiшiлiк желiлер мен құрылыстарда шығындарды болдырмайды;
      3) жылумен жабдықтау бойынша қызметтердi көрсетушiге жылумен жабдықтау бойынша қызметтердi көрсетушiмен орнатылған пломбалардың тұтастығының бұзылу жағдайлары туралы хабарлайды;
      4) мүмкiн болған жағдайда үйiшiлiк инженерлiк желiлерде және құрылыстардағы зақымдарды өз күшiмен жояды;
      5) жылумен жабдықтау бойынша қызметтердi көрсетушi өкiлдерiнiң ортақ үйлiк есептеу құралдарына, үйiшiлiк инженерлiк желiлер мен құрылыстарға кедергiсiз қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi;
      6) үйiшiлiк инженерлiк желiлер мен құрылыстарды тиiстi техникалық күйде ұстау бойынша жөндеу және пайдалану жұмыстарын жүзеге асыру үшiн үшiншi тараптарды тартады, сервистiк қызмет субъектiсiмен шарттарды жасайды және орындалуын бақылайды;
      7) үй-жай (пәтер) иелерiмен жиналыстар, жазбаша сауалдарды өткiзудi ұйымдастырады;
      8) барлық пәтер (үй-жай) иелерi үшiн барлық қол жетiмдi орындарда ақпарат тақталарында үй-жай, сондай-ақ ортақ мүлiкке қызмет көрсету мен жөндеудi жүзеге асыратын ұйымдар туралы, сондай-ақ жылумен жабдықтау бойынша қызметтердi көрсетушi ұйымдар (атауы, байланыс телефондары, апатты қызметтердiң телефондары) туралы ақпараттың орналастырылуын қамтамасыз етедi;
      9) кондоминиум объектiсiнiң санитарлық-техникалық және инженерлiк жабдықтардың үздiксiз жұмысын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;
      10) апатты жағдайлардың туындау жағдайларынан басқа, пәтер (үй-жай) иелерiн инженерлiк желiлер жұмысы режимiнiң сөндiрiлуi, сыналуы немесе басқа да өзгерiстерi туралы екi тәулiкке дейiн хабарлайды.
      15. Жылу желiлерiнiң күзет аймағы шекарасында осы желiлерге иелiк ететiн ұйымдардың жазбаша рұқсатсыз:
      1) кез келген объектiлер мен құрылыстарда құрылыс, монтаждау және жер жұмыстарын жүргiзуге;
      2) тиеу-түсiру жұмыстарын жүзеге асыруға, әртүрлi алаңдар, автомобиль көлiктерiнiң тұрақтарын жасауға, әртүрлi материалдарды қаттауға;
      3) қоршаулар мен шарбақтар салуға;
      4) ұңғымалар мен шурфтарды орнатуға байланысты iздестiру және басқа да жұмыстар жүргiзуге;
      5) биiк жүгi бар немесе жүксiз машиналар мен механизмдердiң жол немесе жер бетiнен 4,5 метрден жақын өтуге (эстакадтарда автожолдар астында төселген жерүстi құбырларының астында) жол берiлмейдi.
      Жылу желiлерiнiң күзет аймақтарының темiржол және автомобиль жолдары тармақтарының алқаптарымен, басқа құбырлардың күзет аймақтарымен, байланыс, телекоммуникациялар желiлерiмен және басқа объектілермен түйiсуi кезiнде түйiсу аумақ учаскелерiнде осы объектiлердi пайдаланумен байланысты жұмыстарды өткiзу мүдделi ұйымдармен олар арасында келiсу бойынша жүзеге асырылады.
      Жылу желiлерiнiң және оның маңындағы күзет аймақтарындағы ұйымдар, заңды және жеке тұлғалар жылу желiлерiне иелiк етушi ұйымдардың қызметкерлерiнiң жылу желiлерiнiң сақталуын және жазым жағдайларды болдырмауды қамтамасыз етуге бағытталған талаптарын орындайды.
      Жылу желiлерiне иелiк етушi ұйымдар осы желiлердiң күзет аймақтарында «1000-ға дейiн және 1000 В асатын электр желiлерiн және жылу желiлерiн қорғау ережелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы № 1436 қаулысымен бекiтiлген Жылу желiлерi объектiлерiнiң күзет ережесi (бұдан әрi – Күзет ережесi) талаптарының бұзылуына байланысты басқа ұйымдар, заңды және жеке тұлғалармен орындалатын жұмыстарды тоқтатады.
      16. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтiк сала объектiлерiнде апаттарды жою апатты жағдайларды жою тәртiбiне сәйкес және жылумен жабдықтаушы, жылу берушi және жылу тұтынушы, жөндеу-құрылыс, көлiк ұйымдары және басқа қызметтердiң өзара iс-әрекет регламентi ескерiле отырып жүзеге асырылады.
      17. Жылу желiлерiн пайдаланушы ұйымдар осы желiлердiң қорғау зоналарында Күзет ережелерiнiң талаптарына сәйкес жылу желiлерiн жөндеу үшiн қажеттi жұмыстарды жүргiзедi.
      Жылу желiлерiндегi апаттардың алдын-алу немесе олардың салдарларын жою бойынша жұмыстар жылдың кез-келген уақытында жер пайдаланушының келiсiмiсiз, бiрақ осы жұмыстарды өткiзу туралы ескерте отырып жүргiзiледi.
      Аталған жұмыстарды орындағаннан кейiн жылу желiлерiне иелiк етушi ұйымдар жер учаскелерiн мақсатты қолданылуы үшiн жарамды күйге келтiредi.
      Жол жабынының бұзылуын туғызатын жылу желiлерiн жөндеу және жаңарту бойынша жоспарлы жұмыстар автомобиль жолдарын басқарушы жол органдары, жол полициясы бөлiмшелерi және жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiлгеннен кейiн жүргiзiледi.
      Жолдарда жұмыстарды жүргiзуге автомобиль жолдарын басқарушымен берiлген және жол полициясы органдарымен келiсiлген жұмыстарды жүргiзу құқығына арналған рұқсат (ордер) болған жағдайда ғана жол берiледi.
      Жол органдары мен жол полициясы бөлiмшелерi келiсудi жетi жұмыс күннен кешiктiрмей жүргiзедi.
      Шұғыл апатты қалпына келтiру жұмыстары жол органы мен автомобиль жолдарын басқарушы өкiлiнiң қатысуымен орындалады.
      Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде жол органдары өкiлiнiң нұсқаулары мiндеттi болып табылады.
      Жұмыстар аяқталғаннан кейiн жөндеу жұмыстарын жүргiзушi ұйым барлық механизмдердi, материалдарды, уақытша белгiлердi, конустарды, тосқауылдарды алып тастайды, жол киiмiн және жолдың инженерлiк орналасуын қалпына келтiредi.
      Жолдарда орындалған қалпына келтiру жұмыстарын қабылдау жол органдарымен мердiгер ұйымының қатысуымен жүзеге асырылады және екi жақты актiмен ресiмделедi.
      18. Жылу көздерi мен жылу желiлерiн пайдалану және жөндеу жұмыстарын өткiзу қолданыстағы нормативтiк-техникалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.
      19. Жылу көздерi мен жылу желiлерiн жаңарту және күрделi жөндеу жұмыстары жылытуаралық кезеңiнде жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiлген жұмыстарды жүргiзу кестесi бойынша жүргiзiледi. Бұл ретте ғимараттарды (тұрғын үйлердi) электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау және сумен жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша жылу энергиясын пайдалануға арналған үлгiлiк шарттың талаптарына сәйкес шаралар қабылданады.
      20. Жылумен жабдықтау көздерiн және жылу желiлерiн жоспарлы жөндеу, сондай-ақ жылу желiлерiнiң сынауларын өткiзу жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiлген кестеге сәйкес жүзеге асырылады.
      21. Жылумен жабдықтау көздерi мен орталық жылу пункттерiнде жұмыстар келесі мерзiмдерде:
      1) күзгi кезеңдегi жылыту қажеттiлiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттiлерi – жыл сайын 1 қыркүйекке дейiнгi мерзiмде;
      2) жүктелiмнiң қысқы максимумын өту кезеңiнде жылыту қажеттiлiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттiлерi – жыл сайын 1 қазанға дейiнгi мерзiмде орындау ұсынылады.
      Жылумен жабдықтау көздерiн қамтамасыз етушi электр, су құбырлы және газ коммуникацияларын жөндеу және алдын-ала қарау жұмыстарын 1 қыркүйекке дейiн аяқтау ұсынылады.
      22. Қор отын шаруашылығын жоспарлы алдын-алу жөндеу жұмыстарын 1 қыркүйекке дейiн аяқтау ұсынылады.
      23. Күзгi-қысқы кезеңде энергетикалық көздерiндегi отынның пайдалану қорының нормасы меншiк формасына қарамастан:
      жеткiзiлуi 100 километрге дейiн қашықтықта – 15 тәулiктi;
      жеткiзiлуi 100 километрден асатын қашықтықта – 30 тәулiктi құрайды.
      24. Тұтынушы мен энергия берушi немесе энергиямен жабдықтаушы ұйымдар арасындағы жылу пайдалану жүйелерiнiң күйi мен қызмет көрсету жауапкершiлiгiнiң шегi баланстық тиесiлiгi немесе келiсiм бойынша анықталады және жылумен жабдықтауға арналған шартқа қоса берiлген тараптардың пайдалану жауапкершiлiгi актiсiнде тiркеледi.
      25. Тұтынушылардың жылу тұтыну қондырғыларын пайдалануға жiберу кезiнде мыналар ескерiледi:
      1) жаңадан қосылатын және жаңартылатын барлық жылу тұтыну жүйелерi энергия берушi және (немесе) энергия өндiрушi ұйымдармен келiсiлген жобалау құжаттамасына сәйкес орындалады;
      2) пайдалануға қосуға дейiн және әрбiр жылыту маусымының алдында жылу тұтыну қондырғылары қабылдау-тапсыру сынауларынан (техникалық дайындық актiсiмен көзделген техникалық) қосымшаға сәйкес өтедi.
      Жылу тұтыну жүйелерiн пайдалануға енгiзу тек қана тұтынушыда жылу тұтынудың сенiмдi әрi қауiпсiз жұмысына жауапты, дайындалған лайықты қызметшiлер мен тұлғалардың бар болуы немесе осы қызмет түрiне рұқсаты бар мамандандырылған ұйыммен қызмет көрсетуге арналған шарттың болуы жағдайында мүмкiн.
      Энергия берушi және (немесе) энергия өндiрушi ұйым жылу тұтыну жүйелерiн үнемi пайдалануға тек оларды сынаудан кейiн, анықталған ақауларды жойғаннан кейiн, сараптау ұйымынан қорытындыны және жылумен жабдықтау шартының қорытындысын алғаннан кейiн рұқсат бередi.
      3) жұмыс iстеушi объектiлердi және отын-энергетикалық ресурстарды жылдық тұтынуы 500 тонна және шартты отын одан асатын кәсiпорындардың жаңасын салу және қолданыстағысын кеңейту жобалары және техникалық-экономикалық негiздемесi мiндеттi түрде энергия үнемдеу сараптамасынан өтуi тиiс.
      26. Жылу желiлердiң құбырлары пайдалануға енгiзгенге дейiн монтаждалуы, күрделi жөнделуi мен жаңартылудан кейiн тазартуға тартылады.
      27. Жылумен жабдықтау көздерi, орталық жылу пункттерi, жылу желiлерi және жалпы жылумен жабдықтау ұйымдарының жылыту маусымына дайындығы қалалық (аудандық) комиссияның отырысында анықталады. Магистральді желілердің сағатына 100 гигакалориядан жоғары жылу көздерінің, сондай-ақ 0,4 киловольт және жоғары электр желілерінің дайындығын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген және Энергетикалық бақылау және қадағалау комитетімен берілген күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлігінің паспортын алғаннан кейін комиссия қабылдайды.
      Жылумен жабдықтау көздерiнiң дайындығы мына шарттар кезiнде расталады:
      1) негiзгi және қосалқы жабдықтардың жоспарлы жөндеуiн орындау;
      2) жылу желiлерi мен жылу көздерiнiң есептi режимдегi жұмысқа дайындығы;
      3) электрмен жабдықтаудың резервтi кiрмелерiн сынау;
      4) өндiрiстiк ғимараттар мен жұмыс орындарын жылыту, жылылау және жарықтандыру бойынша барлық жұмыстарының аяқталуы;
      5) сыртқы ауа температурасының төмен болуы жағдайында жабдықтардың, технологиялық сызбалардың және құрылыстардың зақымдалуының алдын-алу бойынша iс-шараларды орындау;
      6) релейлi қорғаныс және апатқа қарсы автоматика құрылғыларын тексеру жоспарларын орындау;
      7) жұмыс орындарын оқытылған және аттестатталған қызметшiлермен толықтырылуы;
      8) жылумен жабдықтау көздерiне арналған жобаға сәйкес негiзгi отын қорларын және резервтi отын қорларын құру бойынша жоспарды орындау, резервтi отын шаруашылығын жұмысқа дайындау бойынша кешендi жұмыстарды өткiзу;
      9) техникалық куәландыру және жабдықтарды сынау актiсiн алу;
      10) күзгi–қысқы кезеңдегi кезектi жұмысқа объектiлер мен жабдықтардың жылыту маусымына дайындығының техникалық актiсiн алу.
      28. Тапсырыс берушiлермен (тұтынушылармен) және жылумен жабдықтаушы ұйымдармен пайдалануға қабылданбаған салынған қазандықтар, жылу желiлерi, орталық жылу пунктерi, сорғы станциялары, орталық жылыту жүйелерiн жылыту маусымына дайындау және жаңа үйлердi ыстық сумен жабдықтауды құрылыс ұйымдары қамтамасыз етедi.
      29. Жылыту маусымына тұтынушылардың инженерлiк желiлерiн дайындау бойынша ұйымдастыру iс-шаралар тiзбесiне:
      1) инженерлiк желiлердi пайдаланылуына жауапты тұлғаны тағайындау;
      2) инженерлiк желiлердi пайдалануына жауапты тұлғаларды дайындау: энергиямен жабдықтау ұйымдары өкiлiнiң мiндеттi түрде қатысуымен, инженерлiк желiлердi техникалық пайдалану ережелерiн, инженерлiк желiлердi пайдалану кезiнде техникалық қауiпсiздiк ережелерiн оқыту және бiлiмiн тексерудi жүргiзу;
      3) техникалық құжаттаманың толық пакетiн дайындау;
      4) бақылау-өлшеу құралдарын және коммерциялық есептеу құралдарының тексеруiн өткiзу;
      5) жертөле және шатыр жайларының барлық жылумен жабдықтау және ыстық су құбырларының жылу оқшаулауын орындау;
      6) кiреберiстер мен жертөлелердiң сыртқы есiктерiн жөндеу;
      7) шатырлар мен жертөлелердiң терезелерiн жабу;
      8) саты шаршық терезелерiн қос шынылануын қалпына келтiру;
      9) саты шаршықты жылытуды қалпына келтiру және жұмыстарға қосу;
      10) тұрғындардың пәтерлерiн жылылауды қамтамасыз етуi бойынша ұйымдастыру;
      11) жылу пунктiнiң үй-жайларын жөндеу: ақтау, сырлау, қажеттi жарықтандыруды және берiк бекiтiлуiн қамтамасыз ету;
      12) сыртқы құбырлар мен арматуралардың жылу оқшаулағышын қалпына келтiру;
      13) жылу пайдаланушы қондырғылардың орнатылған барлық тиектi, реттеушi арматуралардың тексеруiн және жөндеуiн өткiзу;
      14) техникалық термометрлердi тексеру, кейiннен техникалық майды құя отырып гильзаны тазарту;
      15) жылыту маусымын аяқтау бойынша жылу тұтыну жүйелерiнiң элементтерiн механикалық тазарта отырып, гидропневматикалық шаюды жүргiзу;
      16) жөндеу iс-шараларын өткiзу;
      17) пломбыланған, тексерiлген монометрлердi орнату;
      18) жылу тұтыну жүйелерiнiң барлық элементтерiн механикалық бекемдiлiгi және жылу тұтыну жүйелерiнiң гидравликалық тығыздығын (гидравликалық сығымдау) гидравликалық сынауын өткiзу;
      19) ғимараттардың (үйлердiң) электр сымдарының оқшауларының кедергiлерiн тексеру жатады.
      30. Транзитпен инженерлi коммуникациялар өтетiн жертөле үй-жайларын жалға алушы немесе иесi пайдаланушы ұйым қызметкерлерiнiң инженерлiк желiлердi жөндеу жұмыстарын орындау және қызмет көрсету үшiн инженерлiк құрылыстарға өтуi және еркiн қол жеткiзуiн (апатты-қалпына келтiру жұмыстарын өндiру үшiн тәулiктiң кез-келген уақытында) қамтамасыз етедi.
      31. Жұмыстар орындалғаннан кейiн жылу тұтыну жүйесiн қабылдау жылумен жабдықтаушы ұйыммен жүзеге асырылады және екi жақты техникалық дайындық актiсiмен қосымшаға сәйкес рәсiмделедi.
      Техникалық дайындық актiсi бойынша қабылданбаған жылу тұтыну жүйесi жылыту маусымына дайындалмады деп есептеледi және қайтадан техникалық тексеруден өтуi тиiс.
      Жылумен жабдықтаушы ұйыммен объектiнiң техникалық дайындық актiсi ресiмделмесе, жылу тұтыну жүйесiн қосуға жол берiлмейдi.
      32. Егер энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия берушi ұйымдардың қолданыстағы нормативтiк-техникалық құжаттамаға сәйкес жылумен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкiндiгi болмаса, жылу энергиясын тұтынушыларын жылумен жабдықтау жүйелерiне қосуға жол берiлмейдi.
      Жылу энергиясын тұтынушы белгiсi және ұсыну режимi тұтынушымен жылыту маусымына дайындау және энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия берушi ұйымдармен берiлген техникалық дайындық актiсiнiң ресiмделуi және сараптама ұйымының қорытындысын алу бойынша iс-шаралар кешенiн орындау жағдайында, жоспарлы жөндеу, апатты қалпына келтiру жұмыстары жағдайын қоспағанда қолданыстағы нормативтiк-техникалық құжаттамамен бекiтiлген талаптарға сәйкес келедi.

3. Жылумен жабдықтау жүйесiн байқап көру

      33. Жылыту маусымының басталуына жылумен жабдықтау көздерiн, жылу желiлерiнiң дайындығын тексеру және жасырынған ақауларды анықтау үшiн жылумен жабдықтау жүйелерiн байқап көру жүргiзiледi.
      34. Жылу көздерi жабдықтарын қосу және ғимараттарды (үйлердi) қосу мына тәртiпте жүргiзiледi:
      Жылу көздер жабдықтары мен ғимараттардың жабдықтарын қосу үшiн:
      1) бiрiншi тәулiкте:
      жылу көздерiнде жылыту жабдықтарының сызбасын жинақтау, жабдықтарды қайта iске қосу және байқап көру, бактарды-аккумуляторларды мүмкiнше барынша толтыру, жылу желiлерiн сумен толтыру және берiлетiн және қайтарымды құбыр қысымына қою және циркуляцияны орнату бойынша жұмыстар орындалады;
      үйiшiлiк жүйелерде арматураның iске қосу ережесiн орнату, таратушы құбырлар мен жылумен жабдықтау жүйелерiн сумен толтыру, сенiмдi бақылау-өлшеу құралдары мен реттегiштерiнiң болуын тексеру жөнiнде жұмыстар жүргiзiледi;
      2) екiншi тәулiктен бастап кестеге сәйкес қатаң түрде ғимараттарды қосу жүргiзiледi.
      35. Магистральдi және таратушы жылу желiлерiн iске қосу және байқап көру iске қосу-жөндеу бригадасымен жүргiзiледi.
      Iске қосуға дейiн желiнiң iске қосылатын учаскесiнiң жабдықтарының жарамдылығы тексерiледi, сынау, шаю және қабылдау актiлерi қаралады.
      36. Байқап көру үрдiсiнде жылу желiлерi, жылумен жабдықтау көздерi және тұтынушылар бойынша айқындалған ескертулер жылыту маусымының басына дейiн жойылады.

4. Жылыту режимi

      37. Жылумен жабдықтаушы ұйымдарға 1 қыркүйекке дейiн қаланың және ауданның жылумен жабдықтау жүйелерiн байқап көру, қосу кестелерiн және гидравликалық және температуралық көрсеткiштердiң есептiк кестелерiн әзiрлеу және жергiлiктi атқарушы органдарымен келiстiру ұсынылады. Жылу желiлерiнiң құбырлары тұтынушыларға берiлген кестеге сәйкес бекiтiлген көрсеткiштi жылу тасығышты (су және бу) берудi қамтамасыз етедi.
      Қосу кестелерiнде тұтынушыларды қосудың мына кезектiлiгi сақталуы тиiс:
      1) бала, емдiк және мектеп мекемелерi, басқа оқу орындары;
      2) тұрғын үйлер, қонақүйлер, жатақханалар;
      3) қоғамдық және тұрмыстық ғимараттар, театрлар, мәдениет үйлерi, әкiмшiлiк ғимараттар, өнеркәсiп кәсiпорындары және басқа ғимараттар.
      Бiр уақытта толтырылатын үйiшiлiк желiлердiң санын анықтау кезiнде жылумен жабдықтау көздерiнiң шаруашылық-ауыз сумен қамтылуын, су дайындау және сiңдiру құрылғыларының өнiмдiлiгiн ескеру қажет.
      38. Барлық ғимараттарды (үйлердi) қосқаннан кейiн пайдаланушы ұйымдар жабдықтардың күйiнiң тексеруiн және үйiшiлiк жүйелердiң бастапқы реттелуiн өткiзедi.
      39. Пайдалану үрдiсiнде анықталған жылумен жабдықтау көздерiнiң, жылу желiлерi мен үйiшiлiк жүйелердiң жұмысындағы кемшiлiктер жылыту маусымының басына дейiн жойылады.
      40. Жылыту маусымы кезiнде жылумен жабдықтаушы ұйым жылу энергиясын беру және (немесе) тарату бойынша қызметтердi көрсетуге арналған шартқа сәйкес мынаны қамтамасыз етедi:
      1) жылу энергиясын беру және (немесе) тарату бойынша қызметтердi барлық тұтынушылар үшiн тең жағдайларды көрсету;
      2) жылу желiлерiнiң баланстық тиесiлiгi бөлiгiнiң шекарасында Шартпен белгiленген жылу энергиясы көрсеткiштерiн қолдайды;
      3) тұтынушымен жылу энергиясын беру және (немесе) тарату бойынша қызметтердi көрсетуге шарт жасайды;
      4) тұтынушыға Шарт талаптарымен анықталған тәртiпте және мерзiмде тиiстi сапада жылу энергиясын беру және (немесе) тарату бойынша қызметтердi көрсетедi.
      41.Жылыту маусымы жарияланғаннан кейiн:
      1) хабарландыру сызбасы белгiленедi, облыстың тұрғын үй-коммуналдық және энергетикалық кешен объектiлерiнiң жауапты қызметшiлерiнiң кезекшiлiгi бекiтiледi;
      2) кәсiпорындарда апатты-қалпына келтiру бригадалары дайындалады;
      3) ғимаратты (үйдi) пайдаланушы ұйым қызметкерiмен ғимараттың жылу тасығыш жүйесi жұмысын және жылылау күйiн кезеңмен тексеру және бақылау ұйымдастырылады;
      4) жылумен жабдықтау көздерiнде қор және апатты жабдықтардың жұмысы, негiзгi және қор отынының, құралдардың, материалдар мен қосалқы бөлшектерiнiң болуы тексерiледi.
      42. Жылу көздерiнде және жылу желiлерiнде апатты жағдай жарияланса:
      1) барлық тұрғын үй-коммуналдық және энергетикалық кешен объектiлерiнде күнi-түнi кезекшiлiк енгiзiледi;
      2) қала (аудан) әкiмiнiң өкiмi бойынша кәсiпорындар мен ұйымдарда апатты жағдайларда пайдалану үшiн тетiктермен және материалдармен қамтамасыз етiлген қосымша апатты-жаңғырту бригадалардың күшейтiлген дайындығы енгiзiледi.
      43. Күшейтiлген және есептеуден тыс режимдерi кезiндегi ғимаратты (үйдi) пайдаланушы ұйымның қызметшiлерiнiң қажеттi iс-шаралары мен әрекеттерi ұйымдардың тиiстi нұсқаулықтарында көрсетiлуi тиiс.

5. Жылыту маусымының аяқталуы және жылытуаралық кезеңде ыстық сумен жабдықтауды қамтамасыз ету

      44. Жылыту маусымының аяқталуы жыл сайын аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң өкiмiмен хабарланады.
      45. Жылыту маусымы аяқталғаннан кейiн ғимаратты (үйдi) пайдаланушы ұйымдар орталық жылыту жүйесiн сөндiредi және ыстық сумен жабдықтау жүйелерiнiң жұмысын жазғы сызба бойынша қамтамасыз етедi.
      46. Жылытуаралық кезеңде жылумен жабдықтаушы ұйымдар тұтынушыларды жылу көздерi мен жылу желiлерiнiң жабдықтарының жұмысының бекiтiлген сызбасы бойынша ыстық сумен жабдықтаумен қамтамасыз етедi. Су бөлетiн нүктелерге (шүмектер, араластырғыштарға) берiлетiн судың температурасы техникалық және санитарлық норма талаптарына жауап бередi. Ыстық суды беруде жылумен жабдықтау көздерiнде ыстық сумен жабдықтау қондырғыларын жөндеу, элеваторлы тораптарды, автоматтандырылған жылу пункттерi мен үйiшiлiк жүйелердi дайындау үшiн қажеттi уақытқа жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiлген кестелермен бекiтiлген мерзiмiнен асатын үзiлiстерге жол берiлмейдi.
      47. Жылу желiлерiн, жылу пункттерiн және жылу тұтыну жүйелерiн жөндеудi бiр уақытта 1 қыркүйекке дейiн жүргiзу ұсынылады. Ыстық сумен жабдықтаудың тоқтатылуымен байланысты жөндеудiң ұсынылатын мерзiмi – 14 күн.

6. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен тұтынушылардың жауапкершiлiгi

      48. Қағиданы бұзғаны үшiн қызмет берушiлер мен тұтынушылардың жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және жылу энергиясын беру және (немесе) тарату бойынша қызметтердi көрсетуге арналған шартқа сәйкес анықталады.

Ақмола облысында Жылу беру
маусымына дайындалу және
өткізу қағидасына    
қосымша         

20__ – 20__ж. жылу беру кезеңіне
тұтынушының жылу желілері мен жылытатын қондырғылары
жылу беру кезеңіне техникалық дайындығы
АКТІСІНІҢ НҰСҚАСЫ

Елді мекеннің атауы _________________________________________________
Тұтынушының атауы ___________________________________________________
Объектінің мекенжайы ________________________________________________
Энергоресурстар беруге келісімнің № _________________________________
Тіркелген мекенжайы _________________________________________________
Басшының Т.А.Ә. _____________________________________________________
Қызметтік, ұялы телефон №____________________________________________
Жылу беру шаруашылығының жалпы жағдайына жауапты ____________________
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы, қызметтік, ұялы телефоны)_________________________
Жылу энергиясын есептеу аспаптары____________________________________
20___жылғы « » қарағанда берешектері болуы
_____________________________________________________________________
20___жылғы « » қарағанда максималдық-сағаттық жылу жүктемелері
_____________________________________________________________________

№ р/т

Объектінің атауы, мекенжайы

Келісім-шарт бойынша жүктемелер, Ккал/сағ

20__ – 20___ж. жылыту беру кезеңінде ағытылған жүктемелер Ккал/сағ.

жылыту

ыстық сумен жабдықтау

желдету

жылыту

ыстық сумен жабдықтау

желдету

















































Жылуға қосу нүктелері саны __________________________________________
Жылу тораптарының саны ______________________________________________
Жылу беру қондырғыларын реттеу қызметінің ескертулері: ______________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
 
Пайдалану қызметтерінің ескертулері:_________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
__________________________________________________

Үй ішілік жылу жүйесі және ыстық сумен жабдықтау жүйесі бойынша ескертулер:_______________________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________
      ЕСКЕРТУ: Жылумен қамту жүйелерін жұмысқа енгізу тек қана рәсімделген 20__–20__ж. жылу беру кезеңіне тұтынушының жылу желілері мен жылытатын қондырғылары жылу беру кезеңіне «техникалық дайындығы актісі» болғанда жүргізіледі.
Тұтынушы өкілі ______________________________________________________
                                 (Т.А.Ә., қолы)
Энергосараптама _____________________________________________________
                                 (Т.А.Ә., қолы)
Жылумен жабдықтаушы ұжымның өкілі____________________________________
                                 (Т.А.Ә., қолы)

20__-20__ж. жылу беру кезеңіне дайындық бойынша
орындалған жұмыстарға
АКТІСІНІҢ НҰСҚАСЫ

Объект атауы ________________________________________________________
Объект мекенжайы ____________________________________________________

№ р/т

Жұмыстар атауы

Орындалу күні

Жылумен қамтушы ұжым өкілінің қолы


1. Жылу желілері



1.1

Жылу желілері мен қосылу нүктесінің тежегіш арматурасын тексеру



1.2

Жылу желілерін қысыммен тексеру



1.3

Жылу желілерін жуып шаю



1.4

Жылу желілерін қымтау




2. Үйішілік жылу жүйелерін тексеру



2.1

Жылу торабының тежегіш арматурасын тексеру



2.2

Кір ұстағыштарды тексеру



2.3

Жылу жүйесінің тежегіш арматурасын тексеру



2.4

Жылу торабы бақылау-есептеу аспаптарының толықтығы



2.5

Жылу торабын қысыммен сынақтау



2.6

Ыстық сумен жабдықтау жылытқышты қысыммен сынақтау



2.7

Ыстық сумен жабдықтау жылытқышты тексеру



2.8

Жылу жүйесін жуып-шаю



2.9

Есептеліп Диаметрі мм, сопло орнатылған



2.10

Есептелген сопло № пломбамен пломбыланған



2.11

Қайтару желісінде клапан болуы (суық су құбырында)



2.12

Энергия үнемдеуші шаралар орындалуы



Жұмыстар 20__ жылғы «____» ______________ аяқталған
Тұтынушы өкілі ______________________________________________________
                               (Т.А.Ә., лауазымы, қолы)
Жылумен қамтушы ұжымның өкілі _______________________________________
                               (Т.А.Ә., лауазымы, қолы)
      ЕСКЕРТУ: Акт тұтынушының жылу желілері мен жылытатын қондырғылары жылу беру кезеңіне Техникалық дайындығы актісінің бөлігі болып табылады және 2 данада толтырылады: 1 дана – тұтынушы үшін 2 дана – жылумен қамтушы ұжым үшін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады