Көкшетау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № А-2/386 "Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 9 қазандағы № А-10/1972 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 9 қазанда № 3830 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 18 қыркүйектегі № А-9/3497 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 18.09.2017 № А-9/3497 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Көкшетау қаласы әкімдігінің "Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй–жай беру туралы" 2011 жылғы 25 ақпандағы № А-2/386 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-1-138 болып тіркелген, "Степной маяк" газетінде 2011 жылдың 2 наурызында жарияланған және "Көкшетау" газетінде 2011 жылдың 2 наурызында жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1 қосымшасы осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын;

      көрсетілген қаулының 2 қосымшасы осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Б.Әміреноваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ж.Жұмағұлов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Көкшетау қалалық
аймақтық сайлау
комиссиясының төрағасы
М.Қалиева

  Көкшетау қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 9 қазандағы
№ А-10/1972 қаулысына
1 қосымша

Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Мекенжай атауы

Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Орналастыру үшін объектінің атауы

Ақпараттық тумбалар

1.

Көкшетау қаласы

В.И.Вернадский көшесі, 1, теміржол вокзалы ауданы

тумба-витрина

2.

Көкшетау қаласы

М.Горький көшесі, 60, "Тігін фабрикасы" аялдамасының ауданы

тумба-витрина

3.

Көкшетау қаласы

М.Әуезов көшесі,173 "Базар" аялдамасының ауданы

тумба-витрина

  Көкшетау қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 9 қазандағы
№ А-10/1972 қаулысына
2 қосымша

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық
негізде берілетін үй–жайлар

Мекен-жай атауы

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

1.

Көкшетау қаласы

В.И.Вернадский көшесі, 46, Көкшетау қаласының білім бөлімінің "№ 12 орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің акт залы

2.

Көкшетау қаласы

К.С.Станиславский көшесі, 35, Көкшетау қаласының білім бөлімінің "№ 14 орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің акт залы

3.

Көкшетау қаласы

Е.Н.Әуелбеков көшесі, 177, Көкшетау қаласының білім бөлімінің "№ 16 орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің акт залы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады