Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 06.08.2015 № С-40/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы № 1370 қаулысымен бекітілген Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгі қағидаларының 2 тармағына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ұсынылған Көкшетау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары бекітілсін.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бесінші шақырылған
Көкшетау қалалық
мәслихатының 20 кезектен
тыс сессияның төрағасы Ш.Әбділманов
Бесінші шақырылған
Көкшетау қалалық
мәслихатының хатшысы Б.Бегалин
«КЕЛІСІЛДІ»
Көкшетау қаласының әкімі Ж.Жұмағұлов
Көкшетау қалалық мәслихатының
2013 жылғы 26 қыркүйектегі
№ С-20/3 шешімімен
бекітілген
Көкшетау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың
пайда болу және жинақталу нормалары
№ |
Коммуналдық қалдықтар |
Есептік бірлік |
Коммуналдық |
1 |
Жайлы үйлер |
1 тұрғын |
1,80 |
2 |
Жайлы емес үйлер |
1 тұрғын |
2,00 |
3 |
Ауруханалар, санаторийлер өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері |
1 төсек-орын |
1,15 |
4 |
Емханалар |
1 адам |
0,013 |
5 |
Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері |
1 орын |
1,00 |
6 |
Жатақханалар |
1 орын |
1,40 |
7 |
Балабақшалар, бөбекжайлар |
1 орын |
0,29 |
8 |
Мектептер |
1 оқушы |
0,07 |
9 |
Интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар |
1 орын |
0,35 |
10 |
Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері |
1 қызметкер |
0,60 |
11 |
Арнаулы оқу орындары, жоғарғы оқу орындары |
1 оқушы |
0,30 |
12 |
Театрлар, кинотеатрлар, түнгі клубтар |
1 орын |
0,20 |
13 |
Мұражайлар, көрмелер |
жалпы алаңы 1 м2 |
0,05 |
14 |
Стадиондар, спорт алаңдары |
жоба бойынша 1 орын |
0,02 |
15 |
Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері |
1 орын |
2,00 |
16 |
Азық-түлік дүкендері |
сауда алаңы 1 м2 |
1,00 |
17 |
Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер |
сауда алаңы 1 м2 |
0,70 |
18 |
Машиналардан сату |
сауда орны 1 м2 |
0,1 |
19 |
Дәріханалар |
сауда алаңы 1 м2 |
0,40 |
20 |
Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету, тігін ательесі, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, зергерлік, аяқ-киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары, кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) |
жалпы алаңы 1 м2 |
0,45 |
21 |
Моншалар, сауналар |
жалпы алаңы 1 м2 |
0,45 |
22 |
Шаштараздар, косметикалық салондар |
1 жұмыс орны |
3,60 |
23 |
Азық-түлік және өнеркәсіптік тауарлардың қоймалары |
жалпы алаңы 1 м2 |
0,24 |
24 |
Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер |
жалпы алаңы 1 м2 |
0,50 |
25 |
Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар |
жалпы алаңы 1 м2 |
0,60 |
26 |
Гараж кооперативтері |
1 гараж |
1,20 |
27 |
Автотұрақтар, гараждар |
1 машина-орын |
0,50 |
28 |
Автомобиль шеберханалары |
1 жұмысшы |
0,35 |
29 |
Автомобильді жуу орындары |
1 машина-орын |
0,40 |
30 |
Автомобильге жанармай құйып алатын станция |
1 машина-орын |
0,50 |
31 |
Спорт, би және ойын залдары |
жалпы алаңы 1 м2 |
0,30 |
32 |
Жағажайлар |
жалпы алаңы 1 м2 |
0,20 |
33 |
Бау-бақша кооперативтері |
1 учаске |
1,00 |