Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 18.04.2017 № С-9/9 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көкшетау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Көкшетау қалалық мәслихатының "Көкшетау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № С-20/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3872 болып тіркелген, 2013 жылғы 07 қарашада "Көкшетау" газетінде және 2013 жылғы 07 қарашада "Степной Маяк" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бесінші шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы, 40-шы кезекті сессияның төрағасы |
Б.Бегалин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Көкшетау қаласының әкімі | Е.Маржықпаев |
2015 жылғы "06" тамыз
Көкшетау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 06 тамыздағы № С-40/4 шешіміне қосымша |
Тұрғын қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері
Р/с | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік |
Коммуналдық |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын |
1,80 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын |
1,40 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 1,00 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,29 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,60 |
6 | Емханалар | 1 адам | 0,013 |
7 | Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,15 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы |
0,07 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 орын | 2,00 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар | 1 орын | 0,20 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,05 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,02 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,30 |
14 | Азық-түлік дүкендері | Сауда алаңы 1 м2 | 1,00 |
15 | Машиналардан сату | Сауда орны 1 м2 | 0,10 |
16 | Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,70 |
17 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,50 |
18 | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,24 |
19 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,24 |
20 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,45 |
21 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,60 |
22 | Жағажайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,20 |
23 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,40 |
24 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар | 1 машина-орын |
0,50 |
25 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 0,35 |
26 | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | 1,20 |
27 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 3,60 |
28 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,45 |
29 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,45 |
30 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) | 1 жұмыс орны | 0,45 |
31 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,45 |
32 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 1,00 |