Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 қаңтарда № 3992 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 09.02.2024 № 8С-10/2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 13.05.2022 № 7С-14/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Қоса беріліп отырған Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы
С.Сабыров
      Қалалық мәслихаттың
хатшысы
Ғ.Көпеева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Степногорск қаласы
әкімінің міндетін атқарушы
Ә.Күмпекеев


  Степногорск қалалық мәслихатының
2013 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 5С-25/8 шешімімен
бекітілген

Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      1. Осы Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 13.05.2022 № 7С-14/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Степногорск қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Ақмола облысындағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) алынып тасталды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 05.05.2016 № 6С-4/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен;

      7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      8) уәкілетті орган – "Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      9) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 25.08.2015 № 5С-43/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 05.05.2016 № 6С-4/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 25.08.2016 № 6С-8/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 12.09.2018 № 6С-31/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 13.08.2019 № 6С-42/11 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      3. Осы Қағидалар Степногорск қаласы аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға таратылады.

      4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 13.08.2019 № 6С-42/11 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте көрсетіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 23.12.2022 № 7С-22/11 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      6. Әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушының шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.

      7. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді түрде ай сайын көрсетіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 13.05.2022 № 7С-14/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      8. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:

      1) Жеңіс күні – 9 мамыр;

      2) Қарттар күні – 1 қазан;

      3) Қазақстан Республикасының Конституциясы күні – 30 тамыз.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 24.12.2021 № 7С-11/11 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      8-1. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Ақмола облысы жергілікті атқарушы органы бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

      Ескерту. Қағида 8-1-тармағымен толықтырылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 26.11.2020 № 6С-59/6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен; жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 13.05.2022 № 7С-14/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      9. Әлеуметтік көмек алушылардың келесі санаттарына көрсетіледі:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

      басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;

      еңбек ардагерлеріне;

      "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында айқындалған күші қолданылатын басқа да адамдарға;

      ең төмен, төмен зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлерге және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ен төмен мөлшерін алатын зейнеткерлерге;

      зейнеткерлік жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

      мүгедектігі бар баланы тәрбиелейтін адамдарға;

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға);

      әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын адамдарға (туберкулез, қатерлі ісіктер, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, инсулинге тәуелді 1 типті қант диабеті);

      фтизиатрдың есебінде тұратын және химиялық сауықтыруды алатын балалары бар азаматтарға (отбасыларға);

      ауылдық жерлерде тұратын аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге;

      аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

      денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруы бар балалары бар азаматтарға (отбасыларға);

      денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған 1 типті инсулинге тәуелді қант диабеті бар балалары бар азаматтарға (отбасыларға);

      барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға, дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі-ДКК) қорытындысы бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған науқастарға;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санаттарына жатқызу үшін негіздеме болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру, не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,7 еселенген мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.

      Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 29.09.2022 № 7С-19/4 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      10. Әлеуметтік көмек бір рет көрсетіледі:

      1) 9 мамыр – Жеңіс күніне:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

      басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;

      еңбек ардагерлеріне;

      "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға;

      2) Қарттар күніне:

      ең төмен, төмен зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлерге және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшерін алатын зейнеткерлерге;

      3) Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне:

      зейнеткерлік жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

      мүгедектігі бар баланы тәрбиелейтін адамдарға.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 29.09.2022 № 7С-19/4 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмай азаматтарға (отбасыларға) өтініш бойынша бір рет әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      1) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға), жағдай туындағаннан кейін үш айдан кешіктірмей өтінген кезде, 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын адамдарға (қатерлі ісіктер, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, 1 типті инсулинге тәуелді қант диабеті), 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) фтизиатрда есепте тұрған және химиялық сауықтыруды алатын балалары бар азаматтарға (отбасыларға), 9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған 1 типті инсулинге тәуелді қант диабеті бар балалары бар азаматтарға (отбасыларға), 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 13.05.2022 № 7С-14/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 29.05.2023 № 8С-3/4 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      11-1. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмай, алушылардан өтініштер талап етілмей, азаматтарға (отбасыларға) ай сайын әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруы бар балалары бар азаматтарға (отбасыларға), ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінде;

      денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған туберкулезбен ауыратын адамдарға, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      Ескерту. Қағида 11-1-тармағымен толықтырылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 26.11.2020 № 6С-59/6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 29.05.2023 № 8С-3/4 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      12. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын ескеріп, өтініш бойынша әлеуметтік көмек азаматтарға (отбасыларға) бір рет көрсетіледі:

      1) Степногорск қаласы колледждерінің күндізгі бөлімінде оқитын ауылдық жерлерде тұратын аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге нысаналы трансферттер есебінен жылдық оқыту құнының мөлшерінде;

      2) Степногорск қаласының мемлекеттік медициналық ұйымдарымен, білім беру ұйымдарымен және дін істері қызметін жүзеге асыратын ұйымдарымен жұмысқа орналасу туралы шарт жасаған, жоғары медициналық оқу орындарында, сонымен қатар педагогика және теология саласы мамандарын оқытатын жоғары оқу орындарында оқитын аз қамтылған, көп балалы отбасыларынан шыққан студенттерге, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу орнымен жасалған шарттың, оқу орнынан анықтаманың және өтініш берушінің (отбасының) көрсетілген санаттарға тиесілігін растайтын анықтаманың негізінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен жылдық оқыту құны мөлшерінде ақы төлеуге;

      3) барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға, ДКК қорытындысы бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған науқастарға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға босатылғаны туралы анықтаманы ұсынумен, босатылғаннан кейін алты айдан кешіктірмей жүгінгенде, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) ардагерлер мен "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға, жан басына шаққандағы орташа табысы 3 күнкөріс деңгейінен төмен Қазақстан Республикасының аумағында санаториялық-курорттық емделуге арналған шығындарды өтеу түрінде 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі. Санаториялық-курорттық емдеу құны 30 айлық есептік көрсеткіштен төмен болған жағдайда, нақты жұмсалған қаржы қаражаты төленеді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 29.09.2022 № 7С-19/4 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      12-1. Алынып тасталды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 13.05.2022 № 7С-14/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      12-2. Алынып тасталды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 13.05.2022 № 7С-14/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      13. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың жергілікті атқарушы органдарының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

      14. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      15. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 13.08.2019 № 6С-42/11 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      16. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса Үлгілік қағидаларға сәйкес құжаттарды ұсынады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 23.12.2022 № 7С-22/11 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      17. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 26.11.2020 № 6С-59/6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      18. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      19. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      20. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      21. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      22. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      23. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      24. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 20 және 21-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      25. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      26. Алынып тасталды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 13.08.2019 № 6С-42/11 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      27. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) әлеуметтік көмек көрсету үшін адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      28. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Степногорск қаласының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін
негіздемелер

      29. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) Степногорск қаласының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      30. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      31. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Степногорска

Решение Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 24 декабря 2013 года № 5С-25/8. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 28 января 2014 года № 3992. Утратило силу решением Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 9 февраля 2024 года № 8С-10/2

      Сноска. Утратило силу решением Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 09.02.2024 № 8С-10/2 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан, статьей 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Степногорский городской маслихат РЕШИЛ:

      Сноска. Преамбула - в редакции решения Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 13.05.2022 № 7С-14/6 (вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Степногорска.

      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии
городского маслихата
С.Сабыров
      Секретарь
городского маслихата
Г.Копеева

      "СОГЛАСОВАНО"

      Исполняющий обязанности
акима города Степногорска
А.Кумпекеев
     

  Утверждены
решением Степногорского
городского маслихата
от 24 декабря 2013 года
№ 5С-25/8

Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Степногорска

      1. Настоящие Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Степногорска (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (далее – Типовые правила).

      Сноска. Пункт 1 - в редакции решения Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 13.05.2022 № 7С-14/6 (вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

1. Общие положения

      2. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах:

      1) памятные даты – события, имеющие общенародное историческое, духовное, культурное значение и оказавшие влияние на ход истории Республики Казахстан;

      2) специальная комиссия – комиссия, создаваемая решением акима города Степногорска, по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи в связи с наступлением трудной жизненной ситуации;

      3) прожиточный минимум – необходимый минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины, рассчитываемой органами статистики Акмолинской области;

      4) праздничные дни – дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;

      5) среднедушевой доход семьи (гражданина) – доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;

      6) исключен решением Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 05.05.2016 № 6С-4/4 (вводится в действие со дня официального опубликования);

      7) трудная жизненная ситуация – ситуация, объективно нарушающая жизнедеятельность гражданина, которую он не может преодолеть самостоятельно;

      8) уполномоченный орган – государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ города Степногорска";

      9) уполномоченная организация – Государственная корпорация "Правительство для граждан" – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий и услуг субъектов квазигосударственного сектора в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий, услуг субъектов квазигосударственного сектора и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме, осуществляющее государственную регистрацию прав на недвижимое имущество по месту его нахождения;

      10) участковая комиссия – комиссия, создаваемая решением акимов соответствующих административно-территориальных единиц для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за социальной помощью, и подготовки заключений;

      11) предельный размер – утвержденный максимальный размер социальной помощи.

      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными решениями Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 25.08.2015 № 5С-43/4 (вводится в действие со дня официального опубликования); от 05.05.2016 № 6С-4/4 (вводится в действие со дня официального опубликования); от 25.08.2016 № 6С-8/4 (вводится в действие со дня официального опубликования); от 12.09.2018 № 6С-31/3 (вводится в действие со дня официального опубликования); от 13.08.2019 № 6С-42/11 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      3. Настоящие Правила распространяются на лиц, постоянно проживающих на территории города Степногорска.

      4. Для целей настоящих Правил под социальной помощью понимается помощь, предоставляемая местным исполнительным органом в денежной или натуральной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее – получатели) в случае наступления трудной жизненной ситуации, а также к памятным датам и праздничным дням.

      Сноска. Пункт 4 – в редакции решения Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 13.08.2019 № 6С-42/11 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      5. Меры социальной поддержки, предусмотренные статьей 16 Закона Республики Казахстан "О социальной защите лиц с инвалидностью в Республике Казахстан" и подпунктом 2) статьи 10, подпунктом 2) статьи 11, подпунктом 2) статьи 12, подпунктом 2) статьи 13, статьей 17 Закона Республики Казахстан "О ветеранах", оказываются в порядке, определенном настоящими Правилами.

      Сноска. Пункт 5 - в редакции решения Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 23.12.2022 № 7С-22/11 (вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. Социальная помощь предоставляется через банки второго уровня или организации, имеющие лицензии на соответствующие виды банковских операций путем перечисления на счета получателя.

      7. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически ежемесячно.

      Сноска. Пункт 7 - в редакции решения Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 13.05.2022 № 7С-14/6 (вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Перечень памятных дат и праздничных дней для оказания социальной помощи:

      1) 9 мая – День Победы;

      2) 1 октября – День пожилых людей;

      3) 30 августа – День Конституции Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 8 - в редакции решения Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 24.12.2021 № 7С-11/11 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8-1. Участковые и специальные комиссии осуществляют свою деятельность на основании положений, утверждаемых местным исполнительным органом Акмолинской области.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 8-1 в соответствии с решением Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 26.11.2020 № 6С-59/6 (вводится в действие со дня официального опубликования); в редакции решения Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 13.05.2022 № 7С-14/6 (вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

2. Порядок определения перечня категорий получателей социальной помощи и установления размеров социальной помощи

      9. Социальная помощь оказывается следующим категориям получателей:

      ветеранам Великой Отечественной войны;

      ветеранам боевых действий на территории других государств;

      ветеранам, приравненным по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны;

      ветеранам труда;

      другим лицам, на которых распространяется действие Закона Республики Казахстан "О ветеранах";

      пенсионерам с минимальным, ниже минимального размера пенсии и пенсионерам, получающим минимальный размер государственной базовой пенсионной выплаты;

      лицам с инвалидностью всех групп до пенсионного возраста;

      лицам, воспитывающим ребенка с инвалидностью;

      гражданам (семьям), пострадавшим вследствие стихийного бедствия или пожара;

      лицам, больным социально-значимыми заболеваниями (туберкулез, злокачественные новообразования, болезнь, вызванная вирусом иммунодефицита человека (ВИЧ), инсулинозависимый сахарный диабет 1 типа);

      гражданам (семьям), имеющим детей, состоящих на учете у фтизиатра и получающих химиопрофилактику;

      студентам из малообеспеченных, многодетных семей, проживающим в сельской местности;

      студентам из малообеспеченных, многодетных семей, детям-сиротам и детям, оставшимся без попечения родителей;

      гражданам (семьям), имеющим детей, с болезнью, вызванной вирусом иммунодефицита человека (ВИЧ), состоящим на учете в организациях здравоохранения;

      гражданам (семьям), имеющим детей, с инсулинозависимым сахарным диабетом 1 типа, состоящим на учете в организациях здравоохранения;

      лицам с инвалидностью всех групп, детям с инвалидностью, больным, состоящим на учете в организациях здравоохранения, по заключению врачебно-консультационной комиссии (далее – ВКК);

      лицам, освободившимся из мест лишения свободы и состоящим на учете службы пробации.

      При этом основаниями для отнесения граждан к категории, нуждающихся при наступлении трудной жизненной ситуации, являются:

      1) основания, предусмотренные законодательством Республики Казахстан;

      2) причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара, либо наличие социально значимого заболевания;

      3) наличие среднедушевого дохода, не превышающего 1,7 кратного размера прожиточного минимума.

      Специальные комиссии при вынесении заключения о необходимости оказания социальной помощи руководствуются утвержденным местными представительными органами перечнем оснований для отнесения граждан к категории нуждающихся.

      Сноска. Пункт 9 - в редакции решения Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 29.09.2022 № 7С-19/4 (вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. Социальная помощь оказывается единовременно:

      1) ко Дню Победы – 9 мая:

      ветеранам Великой Отечественной войны;

      ветеранам боевых действий на территории других государств;

      ветеранам, приравненным по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны;

      ветеранам труда;

      другим лицам, на которых распространяется действие Закона Республики Казахстан "О ветеранах";

      2) ко Дню пожилых людей:

      пенсионерам с минимальным, ниже минимального размера пенсии и пенсионерам, получающим минимальный размер государственной базовой пенсионной выплаты;

      3) ко Дню Конституции Республики Казахстан:

      лицам с инвалидностью всех групп до пенсионного возраста;

      лицам, воспитывающим ребенка с инвалидностью.

      Сноска. Пункт 10 - в редакции решения Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 29.09.2022 № 7С-19/4 (вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      11. При наступлении трудной жизненной ситуации социальная помощь оказывается гражданам (семьям) единовременно по заявлению без учета среднедушевого дохода гражданина (семьи):

      1) гражданам (семьям), пострадавшим вследствие стихийного бедствия или пожара, при обращении не позднее трех месяцев после наступления события, в размере 40 месячных расчетных показателей;

      2) лицам, больным социально-значимыми заболеваниями (злокачественные новообразования, болезнь, вызванная вирусом иммунодефицита человека (ВИЧ), инсулинозависимый сахарный диабет 1 типа), состоящим на учете в организациях здравоохранения, в размере 15 месячных расчетных показателей;

      3) гражданам (семьям), имеющим детей, состоящих на учете у фтизиатра и получающих химиопрофилактику, в размере 9 месячных расчетных показателей;

      4) гражданам (семьям), имеющим детей с инсулинозависимым сахарным диабетом 1 типа, состоящим на учете в организациях здравоохранения в размере 15 месячных расчетных показателей.

      Сноска. Пункт 11 - в редакции решения Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 13.05.2022 № 7С-14/6 (вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); в редакции решения Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 29.05.2023 № 8С-3/4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      11-1. При наступлении трудной жизненной ситуации социальная помощь оказывается гражданам (семьям) ежемесячно без истребования заявлений от получателей, без учета среднедушевого дохода гражданина (семьи):

      гражданам (семьям), имеющим детей с болезнью, вызванной вирусом иммунодефицита человека (ВИЧ), состоящим на учете в организациях здравоохранения, в размере двукратного прожиточного минимума;

      лицам, больным туберкулезом, состоящим на учете в организациях здравоохранения, в размере 5 месячных расчетных показателей.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 11-1 в соответствии с решением Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 26.11.2020 № 6С-59/6 (вводится в действие со дня официального опубликования); в редакции решения Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 29.05.2023 № 8С-3/4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      12. При наступлении трудной жизненной ситуации, социальная помощь оказывается гражданам (семьям) по заявлению единовременно с учетом среднедушевого дохода гражданина (семьи):

      1) студентам из малообеспеченных, многодетных семей, проживающим в сельской местности, обучающимся по очной форме обучения в колледжах города Степногорска в размере стоимости годового обучения, за счет целевых трансфертов;

      2) студентам из малообеспеченных, многодетных семей, детям-сиротам и детям, оставшимся без попечения родителей, обучающимся в высших медицинских учебных заведениях, а также в высших учебных заведениях обучающих специалистов в области педагогики и теологии, заключившим договор о трудоустройстве с государственными медицинскими организациями, организациями образования и организациями, осуществляющими деятельность по делам религии города Степногорска, на оплату в размере стоимости годового обучения за счет средств местного бюджета, на основании договора с учебным заведением, справки с места учебы и справки подтверждающей принадлежность заявителя (семьи) к указанным категориям;

      3) лицам с инвалидностью всех групп, детям с инвалидностью, больным, состоящим на учете в организациях здравоохранения, по заключению ВКК, в размере 15 месячных расчетных показателей;

      4) лицам, освободившимся из мест лишения свободы и состоящим на учете службы пробации с предоставлением справки об освобождении, при обращении не позднее шести месяцев после освобождения, в размере 15 месячных расчетных показателей;

      5) ветеранам и другим лицам, на которых распространяется действие Закона Республики Казахстан "О ветеранах", в виде возмещения затрат на санаторно-курортное лечение на территории Республики Казахстан при среднедушевом доходе ниже 3 прожиточных минимумов в размере 30 месячных расчетных показателей. При стоимости санаторно-курортного лечения ниже 30 месячных расчетных показателей, выплачивается фактически затраченные финансовые средства.

      Сноска. Пункт 12 - в редакции решения Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 29.09.2022 № 7С-19/4 (вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      12-1. Исключен решением Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 13.05.2022 № 7С-14/6 (вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      12-2. Исключен решением Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 13.05.2022 № 7С-14/6 (вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      13. К памятным датам и праздничным дням размер социальной помощи для отдельно взятой категории получателей устанавливается в едином размере по согласованию с местным исполнительным органом области.

      14. Размер оказываемой социальной помощи в каждом отдельном случае определяет специальная комиссия и указывает его в заключении о необходимости оказания социальной помощи.

3. Порядок оказания социальной помощи

      15. Социальная помощь к памятным датам и праздничным дням оказывается по списку, утверждаемому местным исполнительным органом по представлению уполномоченной организации либо иных организаций без истребования заявлений от получателей.

      Сноска. Пункт 15 – в редакции решения Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 13.08.2019 № 6С-42/11 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      16. Для получения социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации заявитель от себя или от имени семьи в уполномоченный орган или акиму поселка, села, сельского округа представляет заявление с приложением документов согласно Типовых правил.

      Сноска. Пункт 16 – в редакции решения Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 23.12.2022 № 7С-22/11 (вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      17. Документы представляются в подлинниках для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю.

      Сноска. Пункт 17 – в редакции решения Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 26.11.2020 № 6С-59/6 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      18. При поступлении заявления на оказание социальной помощи в случае наступления трудной жизненной ситуации уполномоченный орган или аким поселка, села, сельского округа в течение одного рабочего дня направляют документы заявителя в участковую комиссию для проведения обследования материального положения лица (семьи).

      19. Участковая комиссия в течение двух рабочих дней со дня получения документов проводит обследование заявителя, по результатам которого составляет акт о материальном положении лица (семьи), подготавливает заключение о нуждаемости лица (семьи) в социальной помощи по формам согласно приложениям 2, 3 к Типовым правилам и направляет их в уполномоченный орган или акиму поселка, села, сельского округа.

      Аким поселка, села, сельского округа в течение двух рабочих дней со дня получения акта и заключения участковой комиссии направляет их с приложенными документами в уполномоченный орган.

      20. В случае недостаточности документов для оказания социальной помощи, уполномоченный орган запрашивает в соответствующих органах сведения, необходимые для рассмотрения представленных для оказания социальной помощи документов.

      21. В случае невозможности представления заявителем необходимых документов в связи с их порчей, утерей, уполномоченный орган принимает решение об оказании социальной помощи на основании данных иных уполномоченных органов и организаций, имеющих соответствующие сведения.

      22. Уполномоченный орган в течение одного рабочего дня со дня поступления документов от участковой комиссии или акима поселка, села, сельского округа производит расчет среднедушевого дохода лица (семьи) в соответствии с законодательством Республики Казахстан и представляет полный пакет документов на рассмотрение специальной комиссии.

      23. Специальная комиссия в течение двух рабочих дней со дня поступления документов выносит заключение о необходимости оказания социальной помощи, при положительном заключении указывает размер социальной помощи.

      24. Уполномоченный орган в течение восьми рабочих дней со дня регистрации документов заявителя на оказание социальной помощи принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи на основании принятых документов и заключения специальной комиссии о необходимости оказания социальной помощи.

      В случаях, указанных в пунктах 20 и 21 настоящих Правил, уполномоченный орган принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи в течение двадцати рабочих дней со дня принятия документов от заявителя или акима поселка, села, сельского округа.

      25. Уполномоченный орган письменно уведомляет заявителя о принятом решении (в случае отказа - с указанием основания) в течение трех рабочих дней со дня принятия решения.

      26. Исключен решением Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 13.08.2019 № 6С-42/11 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      27. Отказ в оказании социальной помощи осуществляется в случаях:

      1) выявления недостоверных сведений, представленных заявителями;

      2) отказа, уклонения заявителя от проведения обследования материального положения лица (семьи);

      3) превышения размера среднедушевого дохода лица (семьи) для оказания социальной помощи.

      28. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом города Степногорска на текущий финансовый год.

4. Основания для прекращения и возврата предоставляемой социальной помощи

      29. Социальная помощь прекращается в случаях:

      1) смерти получателя;

      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы города Степногорска;

      3) направления получателя на проживание в государственные медико-социальные учреждения;

      4) выявления недостоверных сведений, представленных заявителем.

      Выплата социальной помощи прекращается с месяца наступления указанных обстоятельств.

      30. Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном или ином установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

5. Заключительное положение

      31. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган с использованием базы данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес".