Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 "Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 26 қарашадағы № 6С-59/6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 желтоқсанда № 8204 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 09.02.2024 № 8С-10/2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Степногорск қалалық мәслихатының "Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3992 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 қаңтарда "Степногорск ақшамы" және "Вечерний Степногорск" аймақтық қоғамдық-саяси газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      5-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "5. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 16-бабында және Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Занының 10-бабының 1 тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1 тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1 тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.";

      келесі мазмұндағы 8-1 тармағымен толықтырылсын:

      "8-1. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Ақмола облысы жергілікті атқарушы органы бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады. Арнайы және учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережелерді орталық атқарушы орган бекітеді.";

      9-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "9. Әлеуметтік көмек алушылардың келесі санаттарына көрсетіледі:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

      басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;

      еңбек ардагерлеріне;

      Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға;

      ең төмен, төмен зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлерге және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшерін алатын зейнеткерлерге;

      зейнеткерлік жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедектерге;

      мүгедек баланы тәрбиелейтін адамдарға;

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға);

      әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын адамдарға (туберкулез, қатерлі ісіктер, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру);

      фтизиатрдың есебінде тұратын және химиялық сауықтыруды алатын балалары бар азаматтарға (отбасыларға);

      ауылдық жерлерде тұратын аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге;

      аз қамтылған, көп балалы отбасыларынан шыққан студенттерге, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

      денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруы бар балалары бар азаматтарға (отбасыларға);

      барлық топтағы мүгедектерге, мүгедек-балаларға, дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі – ДКК) қорытындысы бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған науқастарға;

      атаулы әлеуметтік көмек алушылар санынан көп балалы отбасыларға;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға;

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санаттарына жатқызу үшін негіздеме болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру, не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,7 еселенген мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.

      Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесін жергілікті өкілді органдар бекітеді.

      Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.";

      10-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "10. Әлеуметтік көмек бір рет көрсетіледі:

      1) 9 мамыр – Жеңіс күніне:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

      басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;

      еңбек ардагерлеріне;

      Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға;

      2) Қарттар күніне:

      ең төмен, төмен зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлерге және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшерін алатын зейнеткерлерге;

      3) Қазақстан Республикасының мүгедектер күніне:

      зейнеткерлік жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедектерге;

      мүгедек баланы тәрбиелейтін адамдарға.";

      11-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмай, азаматтарға (отбасыларға) өтініш бойынша, жылына бір рет әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      1) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға), жағдай туындағаннан кейін үш айдан кешіктірмей өтінген кезде, 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын адамдарға (туберкулез, қатерлі ісіктер, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру), 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) фтизиатрдың есебінде тұратын және химиялық сауықтыруды алатын балалары бар азаматтарға (отбасыларға), 9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.";

      келесі мазмұндағы 11-1 тармағымен толықтырылсын:

      "11-1. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмай, алушылардан өтініштер талап етілмей, денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруы бар балалары бар азаматтарға (отбасыларға) ай сайын ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінде көрсетіледі.".

      12-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "12. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын ескеріп, өтініш бойынша әлеуметтік көмек азаматтарға (отбасыларға) жылына бір рет көрсетіледі:

      1) Степногорск қаласы колледждерінің күндізгі бөлімінде оқитын ауылдық жерлерде тұратын аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге нысаналы трансферттер есебінен жылдық оқыту құнының мөлшерінде;

      2) Степногорск қаласының мемлекеттік медициналық ұйымдарымен, білім беру ұйымдарымен және дін істері қызметін жүзеге асыратын ұйымдарымен жұмысқа орналасу туралы шарт жасаған, жоғары медициналық оқу орындарында, сонымен қатар педагогика және теология саласы мамандарын оқытатын жоғары оқу орындарында оқитын аз қамтылған, көп балалы отбасыларынан шыққан студенттерге, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу орнымен жасалған шарттың, оқу орнынан анықтаманың және өтініш берушінің (отбасының) көрсетілген санаттарға тиесілігін растайтын анықтаманың негізінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен жылдық оқыту құны мөлшерінде ақы төлеуге;

      3) барлық топтағы мүгедектерге, мүгедек-балаларға, ДКК қорытындысы бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған науқастарға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.";

      12-2 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "12-2. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын ескере отырып, әлеуметтік көмек бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға босатылғаны туралы анықтаманы ұсынумен, босатылғаннан кейін алты айдан кешіктірмей жүгінгенде, бір рет 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.";

      17-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "17. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Степногорск қалалық
мәслихат сессиясының
төрағасы
А.Гетманов
      Степногорск қалалық
мәслихат хатшысының
міндетің атқарушы
О.Джагпаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Степногорск қаласының әкімдігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады