Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 09.02.2024 № 8С-10/2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3992 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 қаңтарда "Степногорск ақшамы" және "Вечерний Степногорск" аймақтық қоғамдық-саяси газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
2-тармағының 9) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"9) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы – "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" департаменті Степногорск аудандық бөлімшесі;";
11-тармағы келесі мазмұндағы 3) тармақшасымен толықтырылсын:
"3) фтизиатрда есепте тұратын және химиялық сауықтыруды алатын балалары бар азаматтарға (отбасыларға), әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 9 айлық есептік көрсеткіш.";
2-тармағының 6) тармақшасы, 12-тармағының 3) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы |
В.Козейчук |
Қалалық мәслихаттың хатшысы |
Ғ.Көпеева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Степногорск қаласының әкімі |
Ә.Күмпекеев |