Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 "Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2019 жылғы 13 тамыздағы № 6С-42/11 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 тамызда № 7324 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 09.02.2024 № 8С-10/2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Степногорск қалалық мәслихатының "Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3992 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 қаңтарда "Степногорск ақшамы" және "Вечерний Степногорск" аймақтық қоғамдық-саяси газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      2-тармақтың 9) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "9) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;";

      2-тармақтың 10) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;";

      4-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.";

      8-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "2) Қарттар күні – 1 қазан;";

      9-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "9. Әлеуметтік көмек алушылардың келесі санаттарына:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа да санаттағы тұлғаларға;

      жасына байланысты зейнетақы төлемін алатын тұлғаларға;

      1, 2, 3 топтағы мүгедектерге;

      мүгедек балаларға;

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға);

      қатерлі ісік ауруымен ауыратындарға;

      туберкулезбен ауыратындарға;

      жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінен аз отбасылардың, көп балалы, аз қамтылған отбасылардың студенттеріне;

      атаулы әлеуметтік көмек алушылар санатынан көп балалы отбасыларға;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға беріледі.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейінің 1,7 еселік мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.";

      10-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "10. Әлеуметтік көмек бір рет:

      1) 9 мамыр – Жеңіс күніне:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа да санаттағы тұлғаларға;

      2) Қарттар күніне:

      жасына байланысты зейнетақы төлемін алатын тұлғаларға;

      3) Мүгедектер күніне:

      зейнеткерлік жасқа дейінгі 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге және мүгедек балаларға көрсетіледі.";

      11-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "11. Өмірлік қиын жағдай туындағанда, азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмай, азаматтарға (отбасыларға) өтініш бойынша, жылына бір рет әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      1) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған қатерлі ісіктермен ауыратындарға, туберкулезбен ауыратындарға, әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 15 айлық есептік көрсеткіш;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға), жағдай туындағаннан кейін үш айдан кешіктірмей өтінген кезде, әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 40 айлық есептік көрсеткіш;

      3) фтизиатрда есепте тұратын және химиялық сауықтыруды алатын балалары бар азаматтарға (отбасыларға), әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 9 айлық есептік көрсеткіш;

      4) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жұмысқа орналасу кезінде медициналық тексерістен өту үшін.";

      келесі мазмұндағы 12-1 тармағымен толықтырылсын:

      "12-1. Өмірлік қиын жағдай туындағанда, азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын ескеріп, өтініш бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылар санатынан көп балалы отбасыларға 1,25 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын әлеуметтік көмек қала ішіндегі қоғамдық көлікте жол ақысы үшін ай сайын жол жүру билетін ұсынғаннан кейін көрсетіледі.";

      15-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "15. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.";

      26-тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
сессиясының төрайымы
Н.Подолько
      Қалалық мәслихаттың
хатшысы
Ғ.Көпеева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Степногорск қаласының
әкімі
Е.Баяхметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады