РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасына, "А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 223 ұсынысына сәйкес, Аршалы ауданның әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аршалы ауданы бойынша 2013 жылы субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері қосымшаға сәйкес анықталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Б.Т.Ақшинеевке жүктелсін.
3. Осы Аршалы ауданы әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аршалы ауданы әкімі | Мұханбеджанов Т. |
Аршалы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі № А-165 қаулысына қосымша |
Аршалы ауданы бойынша 2013 жылғы субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері
№ р/с | Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы | Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері | Субсидия алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімдері |
1. | Жазғы егіс | 15 мамырдан 30 мамырға дейін | 31 мамырға дейін қоса есептегенде |
2. | Жазғы арпа | 26 мамырдан 4 маусымға дейін | 5 маусымға дейін қоса есептегенде |
3. | Сұлы | 26 мамырдан 30 мамырға дейін | 31 мамырға дейін қоса есептегенде |
4. | Қарақұмық | 25 мамырдан 4 маусымға дейін | 5 маусымға дейін қоса есептегенде |
5. | Бұршақ | 18 мамырдан 25 мамырға дейін | 26 мамырға дейін қоса есептегенде |
6. | Күнбағыс | 12 мамырдан 20 мамырға дейін | 21 мамырға дейін қоса есептегенде |
7. | Майлы зығыр | 17 мамырдан 25 мамырға дейін | 26 мамырға дейін қоса есептегенде |
8. | Жемдік жүгері | 18 мамырдан 25 мамырға дейін | 26 мамырға дейін қоса есептегенде |
9. | Көпжылдық дәнді және бұршақты шөптердің көктемгі егілуі | 7 мамырдан 20 мамырға дейін | 21 мамырға дейін қоса есептегенде |
10. | Картоп | 10 мамырдан 25 мамырға дейін | 26 мамырға дейін қоса есептегенде |
11. | Көкөніс | 10 мамырдан 15 маусымға дейін | 16 маусымға дейін қоса есептегенде |