Атбасар ауданы бойынша 2013 жылы субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № А-5/208 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 17 мамырда № 3739 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасына сәйкес, "А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2013 жылғы 12 сәуірдегі № 252 қорытындысы негізінде Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Атбасар ауданы бойынша 2013 жылы субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Ғ.Қаженовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Атбасар ауданы әкімі                       Е.Сағдиев

Атбасар ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 30 сәуірдегі
№ А-5/208 қаулысына  
қосымша         

Атбасар ауданы бойынша 2013 жылы субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері

№ р/с

Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы

Субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері

Оңтайлы себу мерзімдері

1

Бұршақ

26 мамырға дейін

мамырдың 17-нен 25-не дейін

2

Картоп

27 мамырға дейін

мамырдың 17-нен 26-на дейін

3

Азықтықтар (ағымдағы жылдың көп жылдық дәндi және бұршақты шөптерi)

27 мамырға дейін

мамырдың 17-нен 26-на дейін

4

Сүрлемге жүгері

26 мамырға дейін

мамырдың 20-нан 25-не дейін

5

Зығыр

27 мамырға дейін

мамырдың 18-нен 26-на дейін

6

Нұт

27 мамырға дейін

мамырдың 17-нен 26-на дейін

7

Сұлы

31 мамырға дейін

мамырдың 26-нан 30-на дейін

8

Ашық топырақтағы көкөністер

16 маусымға дейін

мамырдың 17-нен маусымның 15-не дейін

9

Майлы тұқымды күнбағыс

26 мамырға дейін

мамырдың 17-нен 25-не дейін

10

Судан шөбі

31 мамырға дейін

мамырдың 20-нан 30-на дейін

11

Жаздық бидай орташа ерте

31 мамырға дейін

мамырдың 23-нен 30-на дейін

12

Жаздық бидай орташа кеш

27 мамырға дейін

мамырдың 17-нен 26-на дейін

13

Жаздық бидай орташа піскен

31 мамырға дейін

мамырдың 20-нан 30-на дейін

14

Жаздық арпа

6 маусымға дейін

мамырдың 27-нен маусымның 5-не дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады