Астрахан ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 160 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 17 мамырда № 3743 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасына сәйкес, "А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 248 ұсынысының негізінде, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Астрахан ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері, қосымшаға сәйкес, анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қ.Қожахметке жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан ауданының әкімі                   Т.Ерсейітов

Астрахан ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 29 сәуірдегі 
№ 160 қаулысына     
қосымша         

Астрахан ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері

№ р/с

Дақылдардың атауы

Оңтайлы себу мерзімдері

Өтінімдерді ұсыну мерзімдері

1

орташа піскен жаздық бидай

18 мамырдан 26 мамырға дейін

27 мамырға дейін

2

орташа кеш жаздық бидай

18 мамырдан 23 мамырға дейін

24 мамырға дейін

3

орташа ерте жаздық бидай

23 мамырдан 30 мамырға дейін

31 мамырға дейін

4

жаздық арпа

27 мамырдан 5 маусымға дейін

6 маусымға дейін

5

сұлы

26 мамырдан 30 мамырға дейін

31 мамырға дейін

6

қарақұмық

25 мамырдан 3 маусымға дейін

4 маусымға дейін

7

бұршақ

18 мамырдан 25 мамырға дейін

26 мамырға дейін

8

жасымық

18 мамырдан 26 мамырға дейін

27 мамырға дейін

9

ноқат

18 мамырдан 25 мамырға дейін

26 мамырға дейін

10

майлы тұқымға арналған күнбағыс

18 мамырдан 23 мамырға дейін

24 мамырға дейін

11

зығыр

18 мамырдан 26 мамырға дейін

27 мамырға дейін

12

мақсары

17 мамырдан 23 мамырға дейін

24 мамырға дейін

13

картоп

17 мамырдан 25 мамырға дейін

26 мамырға дейін

14

көкөніс

20 мамырдан 15 маусымға дейін

16 маусымға дейін

15

Көктемгі көпжылдық астық тұқымды және бұршақты шөптерді егу

17 мамырдан 25 мамырға дейін

26 мамырға дейін

16

сүрлемге арналған жүгері

20 мамырдан 25 мамырға дейін

26 мамырға дейін

17

судандық шөп

20 мамырдан 28 мамырға дейін

29 мамырға дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады