2013 жылға арналған Ерейментау ауданы бойынша өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін анықтау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 19 сәуірдегі № А-4/195 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 8 мамырда № 3720 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 07-20/1602 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 06.11.2014 № 07-20/1602 хатымен).

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5 бабының 3 тармағының 3) тармақшасына және "А.Бараевтың атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2013 жылғы 2 сәуірдегі № 218 ұсынысына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2013 жылға арналған Ерейментау ауданы бойынша өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары Н.З.Мукатовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысы Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Ерейментау аудан әкімі                     А.А.Калжанов

Ерейментау ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 19 сәуірдегі  
№ А-4/195 қаулысына    
қосымша          

2013 жылға арналған Ерейментау ауданы бойынша өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері

№ р/р

Дақылдардың атауы

Егістік жұмыстарының басталуы мен аяқталуының қолайлы мерзімдері

1.

Жаздық бидай орташа кеш пісетін

мамырдың 15-нен 23-не дейін

2.

Жаздық бидай орташа піскен

мамырдың 18-нен 26-на дейін

3.

Жаздық бидай орташа ерте піскен

мамырдың 21-нен 30-на дейін

4.

Жаздық арпа

мамырдың 27-нен маусымның 3-не дейін

5.

Сұлы

мамырдың 26-нан 30-на дейін

6.

Қарақұмық

мамырдың 25-нен маусымның 2-не дейін

7.

Тары

мамырдың 28-нен маусымның 4-не дейін

8.

Майлы тұқымға арналған күнбағыс

мамырдың 10-нан 20-на дейін

9.

Майға арналған зығыр

мамырдың 15-нен 23-не дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады