Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 3 қазандағы № 5С-19/3-13 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 25 қазанда № 3854 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 6С-48/5-20 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 20.04.2020 № 6С-48/5-20 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.

      2. Ерейментау аудандық мәслихатының "Ерейментау ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2011 жылғы 13 желтоқсанындағы № 4С-42/8-11 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-9-184 болып тіркелген, аудандық "Ереймен" газетінде 2012 жылдың 28 қаңтарында, аудандық "Ерейментау" газетінде 2012 жылдың 28 қаңтарында жарияланған), "Ерейментау аудандық мәслихатының 2011 жылғы 13 желтоқсанындағы № 4С-42/8-11 "Ерейментау ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2012 жылғы 13 наурыздағы № 5С-3/5-12 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-9-192 болып тіркелген, аудандық "Ереймен" газетінде 2012 жылдың 14 сәуірінде, аудандық "Ерейментау" газетінде 2012 жылдың 14 сәуірінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау аудандық
мәслихаты сессиясының
төрағасы
Т.Калиев
      Ерейментау аудандық
мәслихатының хатшысы
Қ.Махметов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ерейментау ауданының әкімі Т.Мұханбеджанов

  Ерейментау аудандық
мәслихатының
2013 жылғы 3 қазандағы
№ 5С-19/3-13
шешімімен бекітілген

Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      1. Осы Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді.

2. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) атаулы күндер - жалпы халықтың тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      2) арнайы комиссия - өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Ерейментау ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі - Ақмола облысының статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы-отбасы жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) өмірлік қиын жағдай - азаматтың тұрмыс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкілетті орган - "Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      8) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      9) учаскелік комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеріс жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Ерейментау ауданының ауыл, ауылдық округтер әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 24.05.2016 № 6С-4/2-16 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2016 № 6С-10/8-16 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 13.02.2019 № 6С-36/3-19 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      3. Осы Қағидалар Ерейментау ауданының аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға таралады.

      4. Әлеуметтік көмек ретінде уәкілетті органнан мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне көрсететін көмек осы Қағидаларының мақсаты болып табылады.

      5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік көмек бір жолы және жылына бір рет көрсетіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 12.05.2017 № 6С-13/5-17 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      7. Әлеуметтік көмек көрсетілетін атаулы және мереке күндерінің тізбесі:

      1) Жеңіс күні – 9 мамыр;

      2) Қарт адамдар күні – 1 қазан;

      3) Мүгедектер күні – қазанның екінші жексенбісі.

2. Санаттар тізбесі және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері

      8. Әлеуметтік көмек алушылардың келесі санаттарына ұсынылады:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген басқа адамдардың басқа да санаттарына;

      зейнеткерлік жасқа толған тұлғаларға;

      мүгедектерге, соның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеуші тұлғаларға;

      әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға (онкологиялық аурулармен, туберкулезбен ауыратын, амбулаторлық емделудегі тұлғаларға);

      көп балалы отбасыларына;

      балаларға, соның ішінде жетім балаларға, ата-ананың қамқорлықтан қалған балаларға, балалар үйінің түлектеріне;

      күнкөрісі төмен азаматтарға (отбасыларына);

      аз қамтылған, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік-әлсіз тобына жататын, колледждерде ақылы негізінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттеріне. Аз қамтылған отбасылардың, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік-әлсіз тобына жататын, жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын, студенттеріне;

      қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарға;

      табиғи апат немесе өрттің салдарынан зардап шеккен, мүлкіне нұқсан келген азаматтарға (отбасыларына).

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:

      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған негіздер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан, азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу немесе әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгіленген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың бар болуы;

      4) қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарға ("Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту туралы" 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 2 бабына сәйкес);

      5) аз қамтылған, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік-әлсіз тобына жататын колледждерде ақылы негізінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттеріне. Аз қамтылған отбасылардың, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік-әлсіз тобына жататын, жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын, студенттеріне;
      аз қамтылған, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік–әлсіз тобына жататын, жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде интернатурада оқитын студенттеріне (Қазақстан Республикасы бойынша тұрғылықты тұратын жеріне қарамастан);

      6) күнкөрісі төмен және көп балалы отбасылар.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 26.12.2014 № 5С-34/3-14 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2016 № 6С-10/8-16 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      9. Әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      1) Жеңіс Күніне - 9 мамыр:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген тұлғаларға;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан соғысқа қатысушыларға теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына;

      2) Қарт адамдар күніне:

      ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге және тек қана мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алатын, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан кем немесе мүлдем жоқ зейнеткерлерге, облыстың жергілікті атқарушы органымен келісілген мөлшерде өтінішсіз;

      3) Мүгедектер күніне:

      18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;

      1, 2, 3 топтағы мүгедектерге;

      4) кірістері есептелмей жылына бір рет әлеуметтік көмек келесі азаматтарға (отбасыларына) көрсетіледі:

      қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарға екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      табиғи апат немесе өрттің салдарынан зардап шеккен, не оның мүлкіне нұқсан келген азаматтарға (отбасыларына), өмірлік қиын жағдай туындағаннан кейін, үш айдан кешіктірмей "Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар бойынша министрлігі Ақмола облысы төтенше жағдайлар бойынша департаменті Ерейментау ауданының төтенше жағдайлар бойынша бөлімі" мемлекеттік мекемесінің анықтамасы негізінде. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді. Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері жүз елу айлық есептік көрсеткішке тең;

      әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға (онкологиялық аурулармен ауыратын тұлғаларға) дәрігерлік-кеңестік комиссиясының қорытындысы бойынша он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) кірістері есептелмей жылына бір рет әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға (туберкулезбен ауыратын, амбулаторлық емдеудегі тұлғаларға) дәрігерлік-кеңестік комиссиясының қорытындысы бойынша әлеуметтік төлем жөніндегі комиссия шешімі бойынша он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде азық-түлік пакеті;

      6) күнкөріс деңгейінен төмен кірісі бар отбасыларға (азаматтарға), жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:

      медициналық мекемеден эпикриз қорытындысының көшірмесі негізінде шұғыл емделуіне (ота);

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдермен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 15724 тіркелген) бұйрығымен бекітілген тізбеге кірмейтін дәрілік препараттарды сатып алғандары үшін дәрігерлік-кеңестік комиссиясының қорытындысы бойынша;

      7) аз қамтылған отбасылардан, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік – әлсіз топтарынан шыққан, студенттерге колледждерде бір оқу жылының оқу шығындарын жыл сайын жүз пайызға өтеу;

      аз қамтылған отбасылардан, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік – әлсіз топтарынан шыққан, жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын студенттеріне - бір оқу жылының оқу шығындарын жыл сайын жүз пайызға өтеу;

      аз қамтылған отбасылардан, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік – әлсіз топтарынан шыққан, жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде интернатура бойынша оқитын студенттеріне (Қазақстан Республикасы бойынша тұратын тұрғылықты жеріне қарамастан) - бір оқу жылының оқу шығындарын жыл сайын жүз пайызға өтеу.

      Төлем білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың көшірмесі, аудан әкімі, студент және жұмыс беруші арасында жасалған келісім шарттың негізінде, оқу орнынан берілген анықтаманың және өтініш берушінің (отбасының) аз қамтылған азаматтар (отбасылар) немесе халықтың әлеуметтік-әлсіз тобына жататынын растайтын анықтама негізінде аудандық бюджет есебінен жүргізіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 12.05.2017 № 6С-13/5-17 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен; өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 29.03.2018 № 6С-22/4-18 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 24.08.2018 № 6С-29/4-18 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 13.02.2019 № 6С-36/3-19 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      10. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның ұсынымы бойынша Ерейментау ауданының әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжат;

      2) тұрақты мекен-жайын растайтын құжат;

      3) Үлгілік қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 28.02.2017 № 6С-11/5-17 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      12. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      14. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларының 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      Ескерту. 14-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 28.02.2017 № 6С-11/5-17 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      15. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      16. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      17. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      18. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      19. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағидаларының 15 және 16 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      20. Уәкілетті орган шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда - негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      21. Алынып тасталды – Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 24.05.2016 № 6С-4/2-16 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      22. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      23. Әлеуметтік көмек Ерейментау ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      24. Әлеуметтік көмек ақшалай түрде, банктік операциялар жүргізуге лицензиясы бар екінші деңгейлі банктер немесе ұйымдар арқылы, алушының есеп шотына аудару жолымен көрсетіледі.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      25. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болғанда;

      2) алушы Ерейментау ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткенде;

      3) алушының мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жібергенде;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      26. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      27. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Ерейментауском районе

Решение Ерейментауского районного маслихата Акмолинской области от 3 октября 2013 года № 5С-19/3-13. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 25 октября 2013 года № 3854. Утратило силу решением Ерейментауского районного маслихата Акмолинской области от 20 апреля 2020 года № 6С-48/5-20

      Сноска. Утратило силу решением Ерейментауского районного маслихата Акмолинской области от 20.04.2020 № 6С-48/5-20 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Типовыми правилами оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденными Постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 Ерейментауский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Ерейментауском районе.

      2. Признать утратившими силу решения Ерейментауского районного маслихата "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Ерейментауского района" от 13 декабря 2011 года № 4С-42/8-11 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1-9-184, опубликовано 28 января 2012 года в районной газете "Ереймен", 28 января 2012 года в районной газете "Ерейментау"), "О внесении изменений и дополнения в решение Ерейментауского районного маслихата от 13 декабря 2011 года № 4С-42/8-11" "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Ерейментауского района" от 13 марта 2012 года № 5С-3/5-12 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1-9-192, опубликовано 14 апреля 2012 года в районной газете "Ереймен", 14 апреля 2012 года в районной газете "Ерейментау").

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель
сессии Ерейментауского
районного маслихата
Т.Калиев
      Секретарь Ерейментауского
районного маслихата
Қ.Махметов

      "СОГЛАСОВАНО"

      Аким Ерейментауского района Т.Муханбеджанов

  Утверждены
решением Ерейментауского
районного маслихата
от 3 октября 2013 года
№ 5С-19/3-13

Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Ерейментауском районе

      1. Настоящие Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Ерейментауском районе (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и Типовыми правилами оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденными Постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 (далее – Типовые правила).

1. Общие положения

      2. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах:

      1) памятные даты - события, имеющие общенародное историческое, духовное, культурное значение и оказавшие влияние на ход истории Республики Казахстан;

      2) специальная комиссия - комиссия, создаваемая решением акима Ерейментауского района по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи в связи с наступлением трудной жизненной ситуации;

      3) прожиточный минимум - необходимый минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины, рассчитываемой органами статистики Акмолинской области;

      4) праздничные дни – дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;

      5) среднедушевой доход гражданина (семьи) – доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;

      6) трудная жизненная ситуация - ситуация, объективно нарушающая жизнедеятельность гражданина, которую он не может преодолеть самостоятельно;

      7) уполномоченный орган – государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Ерейментауского района";

      8) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – уполномоченная организация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан, для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме;

      9) участковая комиссия - комиссия, создаваемая решением акимов сел, сельских округов Ерейментауского района для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за социальной помощью, и подготовки заключений;

      10) 1 предельный размер - утвержденный максимальный размер социальной помощи.

      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными решениями Ерейментауского районного маслихата Акмолинской области от 24.05.2016 № 6С-4/2-16 (вводится в действие со дня официального опубликования); от 26.12.2016 № 6С-10/8-16 (вводится в действие со дня официального опубликования); 13.02.2019 № 6С-36/3-19 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      3. Настоящие Правила распространяются на лиц, постоянно проживающих на территории Ерейментауского района.

      4. Для целей настоящих Правил под социальной помощью понимается помощь, предоставляемая уполномоченным органом отдельным категориям нуждающихся граждан (далее - получатели) в случае наступления трудной жизненной ситуации, а также к памятным датам и праздничным дням.

      5. Лицам, указанным в статье 20 Закона Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним" и в статье 16 Закона Республики Казахстан 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", социальная помощь оказывается в порядке, предусмотренном настоящими Правилами.

      6. Социальная помощь предоставляется единовременно и один раз в год.

      Сноска. Пункт 6 - в редакции решения Ерейментауского районного маслихата Акмолинской области от 12.05.2017 № 6С-13/5-17 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      7. Перечень памятных дат и праздничных дней, к которым оказывается социальная помощь:

      1) День Победы - 9 мая;

      2) День пожилых людей – 1 октября;

      3) День инвалидов - второе воскресенье октября.

2. Перечень категорий и предельные размеры социальной помощи

      8. Социальная помощь оказывается следующим категориям получателей:

      участникам и инвалидам Великой Отечественной войны;

      лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам Великой Отечественной войны;

      лицам, приравненным по льготам и гарантиям к инвалидам Великой Отечественной войны;

      другим категориям лиц, приравненных по льготам и гарантиям к участникам войны;

      лицам, достигшим пенсионного возраста;

      инвалидам, в том числе лицам, воспитывающим ребенка-инвалида до 18 лет;

      гражданам, имеющим социально-значимые заболевания (лица с онкологическими заболеваниями, больные туберкулезом, находящиеся на амбулаторном лечении);

      многодетным семьям;

      детям, в том числе детям-сиротам, детям, оставшимся без попечения родителей, выпускникам детских домов;

      малообеспеченным гражданам (семьям);

      студентам из числа малообеспеченных, социально-уязвимых слоев населения (семей), обучающимся по очной форме обучения в колледжах на платной основе. Студентам из числа малообеспеченных семей, социально-уязвимых слоев населения (семей) обучающимся в высших медицинских учебных заведениях;

      репрессированным гражданам;

      гражданину (семье), имеющему ущерб либо его имуществу, причиненного вследствие стихийного бедствия или пожара.

      При этом основаниями для отнесения граждан к категории нуждающихся при наступлении трудной жизненной ситуации являются:

      1) основания, предусмотренные действующим законодательством Республики Казахстан;

      2) причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара либо наличие социально-значимого заболевания;

      3) наличие среднедушевого дохода, не превышающего порога, в однократном отношении к прожиточному минимуму;

      4) репрессированным гражданам (в соответствии со статьей 2 Закона Республики Казахстан "О реабилитации жертв массовых политических репрессий");

      5) студентам из числа малообеспеченных, социально-уязвимых слоев населения (семей), обучающимся по очной форме обучения в колледжах на платной основе. Студентам из числа малообеспеченных семей, социально-уязвимых слоев населения (семей), обучающимся в высших медицинских учебных заведениях;

      студентам из малообеспеченных, социально–уязвимых слоев населения (семей), обучающимся в высших медицинских учебных заведениях в интернатуре (не зависимо от места проживания по Республике Казахстан;

      6) малообеспеченным и многодетным семьям.

      Сноска. Пункт 8 с изменениями, внесенными решением Ерейментауского районного маслихата Акмолинской области от 26.12.2014 № 5С-34/3-14 (вводится в действие со дня официального опубликования); от 26.12.2016 № 6С-10/8-16 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      9. Социальная помощь предоставляется:

      1 ко Дню Победы - 9 мая:

      участникам и инвалидам Великой Отечественной войны;

      лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам Великой Отечественной войны;

      лицам, приравненным по льготам и гарантиям к инвалидам Великой Отечественной войны;

      другим категориям лиц, приравненных по льготам и гарантиям к участникам войны;

      2) ко Дню пожилых людей:

      пенсионерам с минимальной пенсией и пенсионерам, получающим только государственную базовую пенсионную выплату при наличии десяти и менее лет стажа участия в пенсионной системе либо его отсутствии в размере по согласованию с местным исполнительным органом области, без подачи заявления;

      3) ко Дню инвалидов:

      детям-инвалидам до 18 лет;

      инвалидам 1, 2, 3 групп;

      4) социальная помощь оказывается один раз в год без учета доходов следующим гражданам (семьям):

      репрессированным гражданам в размере двух месячных расчетных показателей;

      гражданину (семье), имеющему ущерб либо его имуществу, причиненного вследствие стихийного бедствия или пожара, не позднее трех месяцев после наступления трудной жизненной ситуации на основании справки государственного учреждения "Отдел по чрезвычайным ситуациям Ерейментауского района Департамента по чрезвычайным ситуациям Акмолинской области Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан". Размер оказываемой социальной помощи в каждом отдельном случае определяет специальная комиссия и указывает его в заключении о необходимости оказания социальной помощи. Предельный размер социальной помощи равен ста пятидесяти месячных расчетных показателей;

      гражданам, имеющим социально-значимые заболевания (лица с онкологическими заболеваниями) в размере пятнадцати месячных расчетных показателей по заключению врачебно - консультационной комиссии;

      5) социальная помощь оказывается один раз в год без учета доходов гражданам, имеющим социально-значимые заболевания (лица больные туберкулезом, находящиеся на амбулаторном лечении), в размере пятнадцати месячных расчетных показателей и продуктовый набор в размере пятнадцати месячных расчетных показателей по решению комиссии по социальным выплатам, по заключению врачебно - консультативной комиссии;

      6) социальная помощь оказывается один раз в год с доходами ниже прожиточного минимума гражданам (семьям) в размере пятнадцати месячных расчетных показателей:

      на оперативное лечение (операция) на основании копии выписного эпикриза из медицинского учреждения;

      на приобретение лекарственных препаратов по заключению врачебно-консультативной комиссии, не входящих в перечень утвержденных Приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 29 августа 2017 года № 666 "Об утверждении Перечня лекарственных средств и изделий медицинского назначения в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, в том числе отдельных категорий граждан с определенными заболеваниями (состояниями) бесплатными и (или) льготными лекарственными средствами и специализированными лечебными продуктами на амбулаторном уровне" (зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан № 15724);

      7) студентам из малообеспеченных семей, социально-уязвимых слоев населения (семей) – сто процентов возмещение затрат за обучение в колледжах, на один учебный год, ежегодно;

      студентам из малообеспеченных семей, социально-уязвимых слоев населения (семей), обучающимся в высших медицинских учебных заведениях - сто процентов возмещения затрат за обучение на один учебный год, ежегодно;

      студентам из малообеспеченных семей, социально-уязвимых слоев населения (семей), обучающимся в высших медицинских учебных заведениях в интернатуре (не зависимо от места проживания по Республике Казахстан) – сто процентов возмещения затрат за обучение на один учебный год, ежегодно.

      Выплаты производить на основании копии договора с учебным заведением, договором между акимом района, студентом и работодателем, справки с места учебы и справки, подтверждающей принадлежность заявителя (семьи) к малообеспеченным гражданам (семьям), либо к социально - уязвимым слоям населения за счет районного бюджета.

      Сноска. Пункт 9 - в редакции решения Ерейментауского районного маслихата Акмолинской области от 12.05.2017 № 6С-13/5-17 (вводится в действие со дня официального опубликования); с изменениями, внесенными решениями Ерейментауского районного маслихата Акмолинской области от 29.03.2018 № 6С-22/4-18 (вводится в действие со дня официального опубликования); от 24.08.2018 № 6С-29/4-18 (вводится в действие со дня официального опубликования); 13.02.2019 № 6С-36/3-19 (вводится в действие со дня официального опубликования).

3. Порядок оказания социальной помощи

      10. Социальная помощь к памятным датам и праздничным дням оказывается по списку, утверждаемому акиматом Ерейментауского района по представлению уполномоченной организации без истребования заявлений от получателей.

      11. Для получения социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации заявитель от себя или от имени семьи предоставляет в уполномоченный орган или акиму села, сельского округа заявление с приложением следующих документов:

      1) документ, удостоверяющего личность;

      2) документ, подтверждающий регистрацию по постоянному месту жительства;

      3) сведения о составе семьи согласно приложению 1 к Типовым правилам;

      4) сведения о доходах лица (членов семьи);

      5) акта и/или документа, подтверждающий наступление трудной жизненной ситуации.

      Сноска. В пункт 11 вносится изменение на государственном языке, текст на русском языке не изменяется в соответствии с решением Ерейментауского районного маслихата Акмолинской области от 28.02.2017 № 6С-11/5-17 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      12. Документы представляются в подлинниках и копиях для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю.

      13. При поступлении заявления на оказание социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации уполномоченный орган или аким поселка, села, сельского округа в течение одного рабочего дня направляют документы заявителя в участковую комиссию для проведения обследования материального положения лица (семьи).

      14. Участковая комиссия в течение двух рабочих дней со дня получения документов проводит обследование заявителя, по результатам которого составляет акт о материальном положении лица (семьи), подготавливает заключение о нуждаемости лица (семьи) в социальной помощи по формам согласно приложениям 2, 3 к Типовым правилам и направляет их в уполномоченный орган или акиму поселка, села, сельского округа.

      Аким поселка, села, сельского округа в течение двух рабочих дней со дня получения акта и заключения участковой комиссии направляет их с приложенными документами в уполномоченный орган.

      Сноска. Пункт 14 - в редакции решения Ерейментауского районного маслихата Акмолинской области от 28.02.2017 № 6С-11/5-17 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      15. В случае недостаточности документов для оказания социальной помощи, уполномоченный орган запрашивает в соответствующих органах сведения, необходимые для рассмотрения представленных для оказания социальной помощи документов.

      16. В случае невозможности представления заявителем необходимых документов в связи с их порчей, утерей, уполномоченный орган принимает решение об оказании социальной помощи на основании данных иных уполномоченных органов и организаций, имеющих соответствующие сведения.

      17. Уполномоченный орган в течение одного рабочего дня со дня поступления документов от участковой комиссии или акима поселка, села, сельского округа производит расчет среднедушевого дохода лица (семьи) в соответствии с законодательством Республики Казахстан и представляет полный пакет документов на рассмотрение специальной комиссии.

      18. Специальная комиссия в течение двух рабочих дней со дня поступления документов выносит заключение о необходимости оказания социальной помощи, при положительном заключении указывает размер социальной помощи.

      19. Уполномоченный орган в течение восьми рабочих дней со дня регистрации документов заявителя на оказание социальной помощи принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи на основании принятых документов и заключения специальной комиссии о необходимости оказания социальной помощи.

      В случаях, указанных в пунктах 15 и 16 настоящих Правил, уполномоченный орган принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи в течение двадцати рабочих дней со дня принятия документов от заявителя или акима поселка, села, сельского округа.

      20. Уполномоченный орган письменно уведомляет заявителя о принятом решении (в случае отказа - с указанием основания) в течение трех рабочих дней со дня принятия решения.

      21. Исключен решением Ерейментауского районного маслихата Акмолинской области от 24.05.2016 № 6С-4/2-16 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      22. Отказ в оказании социальной помощи осуществляется в случаях:

      1) выявления недостоверных сведений, представленных заявителями;

      2) отказа, уклонения заявителя от проведения обследования материального положения лица (семьи);

      3) превышения размера среднедушевого дохода лица (семьи) порога для оказания социальной помощи.

      23. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом Ерейментауского района на текущий финансовый год.

      24. Социальная помощь предоставляется в денежной форме через банки второго уровня или организации, имеющие лицензии на соответствующие виды банковских операций, путем перечисления на счета получателей.

4. Основания для прекращения и возврата предоставляемой социальной помощи

      25. Социальная помощь прекращается в случаях:

      1) смерти получателя;

      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы Ерейментауского района;

      3) направления получателя на проживание в государственные медико-социальные учреждения;

      4) выявления недостоверных сведений, представленных заявителем.

      Выплата социальной помощи прекращается с месяца наступления указанных обстоятельств.

      26. Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном или ином установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

5. Заключительное положение

      27. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган с использованием базы данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес".