Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 08.01.2015 № 01-05 хатымен).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2014 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) 21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар;
2) ұзақ уақыт жұмыс істемеген (бір жылдан көп) азаматтар;
3) мигранттар;
4) азаматтық қызметтен босатылғандар;
5) техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің бітірушілері;
6) ауырғаннан кейін емделу курсынан өткен, туберкулезбен ауыратын тұлғалар.
2. Осы қаулының орындауын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.К.Әлжановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жарқайың ауданының әкімі А.Үйсімбаев