РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7 баптарына сәйкес, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2014 жылға арналған Жақсы ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) ұзақ уақыт (бір жылдан артық) жұмыс істемейтін тұлғалар;
2) 21-ден 29 жасқа дейінгі жастағы жастар;
3) бірде бірі жұмыс істемейтін отбасылардың тұлғалары;
4) емделудің толық курсынан өткен туберкулезбен ауыратындар;
5) техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының түлектері;
6) уақытша және мезгілдік жұмыстардың мерзімі өткендіктен босатылған тұлғалар;
7) 18 жасқа дейінгі балалары бар ата-аналар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.Ш.Сейдахметоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ.Сүйіндіков