Қорғалжын ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдерін анықтау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 91 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 22 мамырда № 3750 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 10 тармағына сәйкес, "А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2013 жылғы 11 наурыздағы № 171 қорытындысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қорғалжын ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдерді ұсыну мерзімдері және субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ахметовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ.Рыскелдінов

Қорғалжын ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 8 мамырдағы  
№ 91 қаулысына      
қосымша          

Қорғалжын ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері және субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері

№ р/р

Дақылдардың атауы

Өтінімдерді ұсыну мерзімдері

Себу мерзімдері

1

Жаздық бидай

5 маусымға дейін

26 мамырдан 4 маусымға дейін

2

Жаздық арпа

5 маусымға дейін

29 мамырдан 4 маусымға дейін

3

Сұлы

31 мамырға дейін

27 мамырдан 30 мамырға дейін

4

Судан шөбі

2 маусымға дейін

26 мамырдан 1 маусымға дейін

5

Көп жылдық дәнді және бұршақты шөптерді көктемгі егу

31 мамырға дейін

26 мамырдан 30 мамырға дейін

6

Картоп

31 мамырға дейін

26 мамырдан 30 мамырға дейін

7

Ашық жерге егілген көкөніс

16 маусымға дейін

26 мамырдан 15 маусымға дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады