2014 жылға арналған Целиноград ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 173/24-5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 қаңтарда № 3983 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 01-04/1 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 15.01.2015 № 01-04/1 хатымен).

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 22.09.2014 № 234/34-5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 18 бабының 8 тармағына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының 2 тармағына сәйкес, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 22.09.2014 № 234/34-5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      1. 2014 жылға арналған Целиноград ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына келесі әлеуметтік қолдау шаралары:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы беру түрінде;
      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін, бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын сомада бюджеттік кредит ұсынылсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 22.09.2014 № 234/34-5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Целиноград аудандық
      мәслихаты сессиясының төрайымы             Г. Саптаякова

      Целиноград аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Р. Түлкібаев

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Целиноград ауданының әкімі                 Б. Мауленов

      «Целиноград ауданының экономика
      және қаржы бөлімі» мемлекеттік
      мекемесі басшысы                           Ә. Ыбраева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады