Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 18.02.2015 № А-2/32 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық кодексiнiң 42 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексiнiң 30 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Шортанды ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Сотталғандарға негiзгi жұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегiн қоғамдық пайдалы жұмыс түрлерi қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкiмiнiң орынбасары Е.К.Мұхамединге жүктелсiн.
3. Осы қаулы Ақмола облысы Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Шортанды ауданының әкiмi С.Қамзебаев
Шортанды ауданы әкiмдiгiнiң
2013 жылғы 6 ақпандағы
№ А-1/38 қаулысына қосымша
Сотталғандар үшiн қоғамдық жұмыс түрлерi
1. Аумақты мұздан тазарту.
2. Аумақты қардан тазарту.
3. Аумақты қоқыстан тазарту.
4. Аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазарту.
5. Аумақты арам шөптерден тазарту.
6. Ағаштарды кесу, ағарту, отырғызу.
7. Қоршауларды жөндеу және бояу.
8. Ғимараттарды ақтау, бояу.
9. Гүл клумбаларын бөлу.
10. Көгал алаңды қайта қазу.
11. Құрылыс қоқыстарын жинау.