РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына сәйкес, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шортанды ауданы әкімдігінің "Шортанды ауданында халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" 2010 жылғы 13 мамырдағы № А-1/112 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-18-114 болып тіркелген, аудандық "Өрлеу" газетінде 2010 жылғы 5 маусымда және аудандық "Вести" газетінде 2010 жылғы 5 маусымда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын:
""Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шортанды ауданының әкімі | Г.Сәдуақасова |