1. Аудан әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылсын:
Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 13 мамырдағы № А-1/112 қаулысы "Шортанды ауданында халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-18-114 болып тіркелген, 2010 жылғы 05 маусымдағы аудандық "Вести" газетінде жарияланған, 2010 жылғы 05 маусымдағы аудандық "Өрлеу" газетінде жарияланған);
Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 17 қазандағы № А-9/228 қаулысы "Шортанды ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 13 мамырдағы № А-1/112 "Шортанды ауданында халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3879 болып тіркелген, 2013 жылғы 30 қарашадағы аудандық "Вести" газетінде жарияланған, 2013 жылғы 30 қарашадағы аудандық "Өрлеу" газетінде жарияланған).
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енеді.
Аудан әкімі | Г.Сәдуақасова |