Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 28.02.2018 № 6С-25/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 26 тамыздағы № 5С-20/7 Бурабай аудандық мәслихаттың шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3816 болып тіркелген, 2013 жылдың 10 қазанында аудандық "Бурабай" және "Луч" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2 тармақтың 8) тармақшасындағы "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" сөздері "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
VІ (кезектен тыс) сессияның төрағасы, аудандық мәслихаттың хатшысы |
Ө.Бейсенов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Бурабай ауданының әкімі | Т.Ташмағамбетов |