"Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары туралы" облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 236 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2013 жылғы 15 наурыздағы № 99 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 12 сәуірде № 3556 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман Кодексінің 14-бабының 2) тармақшасына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 506-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 12 маусымдағы № 344 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5719 тіркелген, Мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орман пайдалану үшін төлем ставкаларын есептеуге арналған Ереженің 8-тармағына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 236 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3326 тіркелген, 2010 жылғы 9 ақпандағы «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінің № 21 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Көрсетілген шешімнің 23 қосымшалары 12 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың                     Облыстық
        сессия төрағасы                  мәслихаттың хатшысы

         К. КЕНЖЕБАЕВ                      С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА

2013 жылғы 15 наурыздағы № 99
облыстық мәслихаттың шешіміне
1 қосымша

2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 236
облыстық мәслихаттың шешіміне
2 қосымша

Мемлекеттік орман қорында жанама орман пайдалану үшін төлемақы ставкалары

№ р/с

Жанама орман пайдаланудың түрі

Өлшем бірлігі Төлемақы ставкасы, теңге

1

Шөп шабу, соның ішінде шабындық жерлердің сапалық жай-күйінің топтары бойынша:



1.1

жақсы

га

1189

1.2

қанағаттанарлық

га

892

1.3

нашар

га

694

2

Мал жаю, соның ішінде ауыл шаруашылық жануарларының топтарына сәйкес малдың бір басын жаю үшін:



2.1

түйе

бас

694

2.2

ірі қара мал, жылқы

бас

555

2.3

ірі қара малдың төлі, есек

бас

278

2.4

ешкі

бас

486

2.5

қой

бас

139

      Негіздеме: «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ жасалып «Ақтөбе облыстық орман және аң шаруашылығы аумақтық инспекциясы» ММ келісілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақы ставкаларының есебі.

2013 жылғы 15 наурыздағы № 99
облыстық мәслихаттың шешіміне
2 қосымша

2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 236
облыстық мәслихаттың шешіміне
3 қосымша

Аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін, ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру, туристік, рекреациялық және спорттық мақсаттарда мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану үшін төлемақы ставкалары

№ р/с Пайдалану түрі, соның ішінде мерзімі бойынша Өлшем бірлігі Төлемақы ставкалары (АЕК, теңге)

Ұзақ мерзімді орман пайдалану (10 жылдан 49 жылға дейін)

1

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін туристік, рекреациялық және спорттық мақсаттары үшін пайдалану

га

4650

2

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру мақсаттары үшін пайдалану

га

495

3

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін пайдалану

га

991

Қысқа мерзімді орман пайдалану (1 жылға дейін)

4

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін туристік, рекреациялық және спорттық мақсаттары үшін пайдалану

адам-күн

0,1 АЕК

5

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру мақсаттары үшін пайдалану

адам-күн

0,1 АЕК

      Негіздеме: «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ жасалып «Ақтөбе облыстық орман және аң шаруашылығы аумақтық инспекциясы» ММ келісілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақы ставкаларының есебі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады