Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 20.03.2018 № 139 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 20.03.2018 № 272 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 3), 4) тармақшаларына сәйкес және Ақтөбе қаласының өкiлдi және атқарушы органдарының ұсыныстарын, облыстық ономастикалық комиссияның қорытындысын ескере отырып Ақтөбе облысының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТІ:
1. Ақтөбе қаласының шекараларында, қоса беріліп отырған схемалық картаға сәйкес:
әкімшілік орталығы К.Нокин ауылы болып, аумағының жалпы көлемі 104895 гектар, Благодар ауылдық округі;
әкімшілік орталығы Қарғалы ауылы болып, аумағының жалпы көлемі 6671 гектар, Қарғалы ауылдық округі;
әкімшілік орталығы Қурайлы ауылы болып, аумағының жалпы көлемі 44499 гектар, Қурайлы ауылдық округі;
әкімшілік орталығы Жаңақоныс ауылы болып, аумағының жалпы көлемі 26994 гектар, Новый ауылдық округі;
әкімшілік орталығы Сазды ауылы болып, аумағының жалпы көлемі 39894 гектар, Сазды ауылдық округі құрылсын.
2. Ауылдық округтердің жұмыс жасауына байланысты мәселелерді шешу үшін, Ақтөбе қаласының әкімі қажетті шаралар қабылдасын.
3. "Ақтөбе облысының статистика департаменті" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) облыстың әкімшілік-аумақтық бірліктерінің есептік деректеріне тиісті өзгерістер енгізсін.
4. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі жер-кадастр құжаттамаларын Ақтөбе қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысында жасалған өзгерістермен сәйкестендірсін.
5. Әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
6. Осы әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің | |
міндетін атқарушы | Р. КЕМАЛОВА |
Облыстық | |
мәслихаттың хатшысы | С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА |
Облыстық мәслихаттың | |
сессия төрағасы | Е. БЕКМҰХАМБЕТОВ |
РҚАО ескерту. Схемалық картаны қағаз мәтінінен қараңыз.