Ақтөбе қаласы халқының мақсатты топтарына жататын тұлғаларының қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2013 жылғы 12 қазандағы № 2825 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 06 қарашада № 3662 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 1964 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 16.05.2016 № 1964 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабының 2 тармағына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай Ақтөбе қаласы халқының мақсатты топтарына жататын тұлғаларының қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамалары бойынша жұмыста шектеу қойылған тұлғалар;
      2) 50 жастан асқан тұлғалар;
      3) 29 жасты қоса алғандағы жастар;
      4) ұзақ уақыт бойы жұмыс жасамаған тұлғалар (бір жылдан астам);
      5) жанұясында бір де бір жұмыс істеушісі жоқ, тұлғалар;
      6) 5 жасқа дейінгі балалары бар әйелдер;
      7) зейнеткерлікке жалпы белгіленген жасқа дейін шыққан зейнеткерлер;
      8) бұрын жұмыс жасамаған тұлғалар;
      9) балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалар 29 жасқа дейінгі жасты қоса алғанда;
      10) ауыр еңбек, зиянды (айрықша) және (немесе) қауіпті жағдайдағы еңбек үшін мемлекеттік арнайы жәрдемақы алатын және жалпы белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген тұлғалар.
      2. Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 27 шілдедегі № 1823 "Ақтөбе қаласы халқының мақсатты топтарына жататын тұлғаларының қосымша тізбесін белгілеу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылдың 7 тамызында № 3-1-115 болып тіркелінген, 2009 жылы 18 тамызда № 98 және 99 "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.А.Арынғазиеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Е.Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады