Ақтөбе қаласы халқының мақсатты топтарына жататын тұлғаларының қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 27 шілдедегі № 1823 қаулысы. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Әділет басқармасында 2009 жылдың 07 тамызда № 3-1-115 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2013 жылғы 12 қазандағы № 2825 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 12.10.2013 № 2825 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 1314 тармақшаларына және 37 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Еңбек рыногындағы жағдай мен бюджеттік қаражатына қарай, Ақтөбе қаласы халқының мақсатты топтарына жататын тұлғаларының келесі қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) дәрігерлік-консультациялық комиссиясының анықтамалары бойынша жұмыста шектеу қойылатын тұлғалар;
      2) 50 жастан асқан әйелдер;
      3) 55 жастан асқан ерлер;
      4) 25 жасқа дейінгі жастар;
      5) ұзақ уақыт бойы жұмыс жасамаған тұлғалар (бір жылдан астам);
      6) жанұясында бір де бір адам жұмыс жасамайтын тұлғалар;
      7) 5 жасқа дейінгі балалары бар әйелдер.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.М.Қалдығұловаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Қала әкімі                              А. Мұхамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады