Алға ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2013 жылғы 8 қарашадағы № 114 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 19 қарашада № 3672 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 143 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 28.03.2014 № 143 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2013 жылы Алға ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін аудандық бюджет қаражаты есебінен 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат             Аудандық мәслихаттың
    сессиясының төрағасы:                 хатшысы:

        Қ. Нұрғалиев                    А. Кайрушев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады