Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс селолық округі әкімінің 22.08.2013 № 18 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдесіндегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 10-1, 27 баптарына сәйкес және Байғанин аудандық аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының 2013 жылғы 27 наурыздағы № 77 ұсынысының негізінде, Жарқамыс селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Үй жануарынан (ит) құтыру ауруының шығуына байланысты Жарқамыс селолық округі, Жарқамыс ауылында шектеу іс-шаралары енгізіліп, ветеринарлық режим белгіленсін.
2. Жарқамыс селолық округінің мал дәрігері (Ж.Кұмарғалиев) міндетті ветеринарлық шараларын ұйымдастырып және жүргізсін.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау селолық округ әкімінің бас маманы К.Қалиға жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жарқамыс селолық
округінің әкімі: М. Ажимкин