Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әкімдігінің 16.05.2016 № 190 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының
31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабының 1 және 3 тармақшаларына сәйкес, мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдем ету жөніндегі шараларды кеңейту мақсатында Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кәсіпорындар мен ұйымдарға меншік түріне қарамастан, жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары І.Д.Тынымгереевке жүктелсін.
3. Осы қаулы ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі |
Р.Сыдықов |