Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көрсететін әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 103 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 қаңтарда № 3746 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2015 жылғы 10 маусымдағы № 181 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 10.06.2015 № 181 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәртөк ауданы аумағында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көрсететін әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Мәртөк аудандық мәслихатының сессия төрағасы Б. Казанбаев
      Мәртөк аудандық мәслихатының хатшысы А. Смағұлов

  2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 103 Мәртөк аудандық мәслихатының шешіміне қосымша

Мәртөк ауданы аумағында тұратын мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған кезде
көрсететін әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері

      1. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 150,0 мың теңгеге дейін;
      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдарға – 100,0 мың теңгеге дейін;
      3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілген адамдарға – 80,0 мың теңгеге дейін;
      4) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына – 80,0 мың теңгеге дейін;
      5) зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға – 60,0 мың теңгеге дейін;
      6) мүгедектерге, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдарға – 60,0 мың теңгеге дейін;
      7) Саяси қуғын-сүргін құрбандарына, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдарға – 50,0 мың теңгеге дейін;
      8) көп балалы отбасыларына – 60,0 мың теңгеге дейін;
      9) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйінің түлектеріне – 60,0 мың теңгеге дейін;
      10) азқамтылған отбасыларына (азаматтарына) – 60,0 мың теңгеге дейін;
      11) әлеуметтік маңызы бар аурулармен (онкологиялық ауруы, адамның иммунитет тапшылығы вирусы және туберкулездің түрлі нысандары) ауыратын азаматтарға – 80,0 мың теңгеге дейін.
      2. Аталған тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсетіледі, егер олар толық мемлекеттік қамсыздандыруында болмаған жағдайда,.
      3. Өмірлік қиын жағдайда жүрген азаматтарға (Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін қоспағанда) әлеуметтік көмек көрсетіледі, егер отбасының (азаматтың) өткен тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы (көмек алу үшін өтініш берген кезеңге) 1 еселік ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспаған жағдайда.
      Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік көмек олардың табысын есепке алмай көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады