Темір аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 12 ақпандағы № 179 "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2013 жылғы 13 қарашадағы № 130 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 4 желтоқсанда № 3691 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 ақпандағы № 84 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 17.02.2017 № 84 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" қаулысына сәйкес, Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Темір аудандық мәслихатының 2010 жылғы 12 ақпандағы № 179 "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3-10-123 тіркелген, 2010 жылы 12 наурызда аудандық "Темір" газетінің № 12 жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Қағиданың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы";
      2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап, көрсетілген шешіммен бекітілген Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларында:
      1 - тармақтың 1) тармақшасының 5 абзацы;
      2 - тармақтың 1 абзацтағы ", тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр қуатын бір фазалық есептеуіштің құнының" сөздері;
      2 - тармақтың 2 абзацтағы "тәулік уақыты бойынша электр қуатының шығынын саралап есептейтін және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр қуатын бір фазалық есептегіштің құнына," сөздері;
      3 - тармақтағы ", тәулік уақыты бойынша электр қуатының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр қуатын бір фазалық есептеуіштің құнына" сөздері;
      9 - тармақтағы ", тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр қуатын бір фазалық есептеуіштің құнына шығындарына" сөздері;
      13 - тармақ;
      18 - тармақтағы "және тәулік уақыты бойынша электр қуатының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр қуатын бір фазалық есептегіштің құнының" сөздері алынып тасталсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы хатшысы
      А.ОСПАҒАМБЕТОВА Н.ӨТЕПОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады