Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 28.06.2013 № 101 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабы 5 тармағына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет әлеуметтік көмек берілсін.
2. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға берілетін әлеуметтік көмекті қаржыландыру аудандық бюджеттің шеңберінде жүзеге асырылады.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы: хатшысы:
Б.Нұрғазин Б.Бисекенов