Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 124 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 қаңтарда № 3765 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 255 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 25.12.2015 № 255 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысының 2 тармағына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары бекітілсін.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы М. Жиенгазина
      Аудандық мәслихаттың хатшысы С. Тулемисов
      КЕЛІСІЛДІ:
Ақтөбе облысы
әкімінің орынбасары
С. Нұрқатова
2013 жыл 25.12

  Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 124 шешімімен бекітілді

Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін
белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындау қағидалары

      1. Осы Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 24) тармақшасына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысының (бұдан әрi – Үлгiлiк қағидалар) 2 тармағына сәйкес әзiрленді

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:
      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
      2) арнайы комиссия – өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек көрсетуге үмiткер адамның (отбасының) өтiнiшiн қарау бойынша Шалқар ауданының әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;
      3) ең төмен күнкөрiс деңгейi - Ақтөбе облысының статистика органы есептейтiн мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;
      4) мереке күндерi – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттiк мереке күндерi;
      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбiр мүшесiне келетiн үлесi;
      6) өмiрлiк қиын жағдай – азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол оны өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;
      7) уәкiлеттi орган – жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын, әлеуметтiк көмек көрсетудi жүзеге асыратын "Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi;
      8) уәкiлеттi ұйым – "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының Ақтөбе облыстық филиалының Шалқар аудандық бөлімшесі;
      9) учаскелiк комиссия - әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн қала, селолық округ әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;
      10) шектi шама – әлеуметтiк көмектiң бекiтiлген ең жоғары мөлшерi.
      3. Осы Қағидалар Шалқар ауданында тұрақты тұратын адамдарға қолданылады.
      4. Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына "Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен Үлігілік қағидаларға және осы қағидаларда белгіленген тәртіпте беріледі.
      5. Әлеуметтiк көмек ретiнде жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі-ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрi – алушылар) өмiрлiк қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндерiне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететiн көмек түсiніледі.
      6. Әлеуметтiк көмек бiр рет және (немесе) мерзiмдi (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетiледi.
      7. Атаулы күндер мен мереке күндерiнiң тiзбелерi болып табылады:
      9 мамыр - Жеңіс күні;
      1 маусым - Балаларды қорғау күні;
      Қазан айының екінші жексенбісі -Мүгедектер күні.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      8. Ай сайынғы әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай көрсетіледі:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтерге, 4, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) үйде оқитын мүгедек балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне бір мүгедек балаға, 1 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      3) онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, ҚТВ инфекциясын жұқтырған және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға, 10 айлық есептiк көрсеткіш мөлшерінде, медициналық мекемелердің тізімі бойынша амбулаториялық ем алу кезінде 6 айдан аспайтын мерзімге;
      Әлеуметтік көмек, егер жоғарыда аталған тұлғалар толық мемлекет қарауында болмаған жағдайда көрсетіледі.
      9. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, не оның мүлкіне зиян келтіру нәтижесінде келтірілген шығындарға байланысты төмендегі мөлшерде әлеуметтік көмек көрсетіледі:
      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, 81 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;
      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, 54 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;
      3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, 43 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;
      4) зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға, 32 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;
      5) мүгедектерге, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдарға, 32 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;
      6) саяси қуғын-сүргін құрбандары, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдарға, 27 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;
      7) көп балалы отбасыларға, 32 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;
      8) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйінің түлектеріне, 32 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;
      9) аз қамтылған азаматтарға, 32 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;
      10) онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, ҚТВ инфекциясын жұқтырған және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға, 43 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;
      10. Әлеуметтік көмек арыздану негізінде, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан не оның мүлкіне зиян келтірілген, не әлеуметтік мәні бар аурулары болған жағдайда, көмекке жүгіну мерзімі өмірлік қиын жағдай туындаған уақыттан алты айдан аспаған мерзімде көрсетіледі.
      Өмірлік қиын жағдайлардағы азаматтарға, әлеуметтік көмек егер жолыққан сәттің алдындағы тоқсанда отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы Ақтөбе облысы бойынша төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен 1 еседен аспаса көрсетіледі (кірісі есептелмей әлеуметтік көмек көрсетілетін Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерінен басқасы).
      Өмірлік қиын жағдайлардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік көмек, олардың табысын есепке алмай көрсетіледі.
      Әлеуметтік көмек, белгіленген негіздемелердің бірі бойынша бір күнтізбелік жыл ішінде қайта көрсетілмейді.
      Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаж азаматтардың санаттарының қатарына жатқызу үшін төмендегілер негіздеме болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған негіздемелер;
      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
      3) жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейі Шалқар аудандық мәслихаты белгілеген мөлшерінен аспағанда;
      11. Атаулы күндер мен мерекелік күндерге табыстарын есепке алмай біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:
      9 Мамыр - Жеңіс күніне орай:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, 54 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, 27 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, 16,5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      4) мемлекеттік арнайы жәрдемақы алатын 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде 6 ай әскери қызмет өткерген және тылда жұмыс жасаған азаматтарға, 8,1 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      5) мүгедек деп танылмаған, екінші рет некеге отырмаған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың әйелдеріне (күйеулеріне), 13,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      6) қайтыс болған ауғандық жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне, 13,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      7) мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедектерге қазан айының екінші жексенбісі - Мүгедектер күніне орай, 16,2 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      8) атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінде 18 жасқа дейінгі бала тәрбилеп отырған аз қамтылған отбасыларға 1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай, 11 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      12. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3. Әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі

      13. Атаулы күндер мен мерекелік күндері әлеуметтік көмек алушылардан өтініш талап етілмей, аудандық әлеуметтік көмектерді тағайындау және төлеуді қамтамасыз ететін уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың, ЖАО бекіткен тізімі бойынша көрсетіледі.
      14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе қалалық, ауыл, ауылдық округінің әкіміне мынадай құжаттарды қоса жалғай отырып өтініш береді:
      1) жеке басын куәландыратын құжат;
      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
      3) Үлгілік қағиданың № 1 қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтер;
      4) адамның (отбасы мүшелерінің ) табыстары туралы мәліметтер;
      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акті немесе құжаттар;
      6) банк операцияларының тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк лицензиясы бар ұйымдардағы немесе екінші деңгейлі банктердегі шоты.
      15. Осы Қағида күшіне енгенге дейін, оны алған Қағиданың 8 тармағында көрсетілген адамдарға ай сайынғы әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі. Қайта өтініш жасаған адамдар өтінішке қоса мынадай құжаттарды тапсырады:
      1) жеке басын куәландыратын құжат;
      2) әлеуметтік жағдайын растайтын құжат;
      3) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат;
      4) мүгедек баланы үйде оқитындығын растайтын анықтама (мүгедек балалар үшін);
      5) психолого-медико - педагогикалық кеңестің қорытындысы (мүгедек балалар үшін);
      6) банк операцияларының тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк лицензиясы бар ұйымдардағы немесе екінші деңгейлі банктердегі шоты.
      16. Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      17. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш келiп түскен кезде уәкiлеттi орган немесе ауылдық округтiң әкiмi бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн учаскелiк комиссияға жiбередi.
      18. Учаскелiк комиссия құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша осы Үлгiлiк қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе ауылдық округ әкiмiне жiбередi.
      Ауылдық округ әкiмi учаскелiк комиссияның актiсi мен қорытындысын алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде оларды қоса берiлген құжаттармен уәкiлеттi органға жiбередi.
      19. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.
      20. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.
      21. Уәкiлеттi орган учаскелiк комиссиядан немесе ауылдық округ әкiмiнен құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеудi жүргiзедi және құжаттардың толық пакетiн арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
      22. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.
      23. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға қажеттi құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      Осы қағидалардың 19 және 20 тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе ауылдық округтiң әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      24. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда - негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.
      25. Белгiленген негiздемелердiң бiреуi бойынша әлеуметтiк көмек күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде қайта көрсетiлмейдi.
      26. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:
      1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;
      2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарған;
      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн Шалқар аудандық мәслихаты белгiлеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
      27. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетiнде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер

      28. Әлеуметтiк көмек:
      1) алушы қайтыс болған;
      2) алушы Шалқар ауданынан тыс тұрақты тұруға кеткен;
      3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;
      4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.
      Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
      29. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзгеше тәртiппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      30. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады