РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Заңының 21-бабының 4) тармақшасына сәйкес Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Алматы облысының аумағын абаттандыру Ережелері бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн (келісім бойынша).
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Облыстық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Ж. Құлахметова |
Облыстық мәслихат | |
хатшысы | Е. Келемсейіт |
КЕЛІСІЛГЕН: | |
Қазақстан Республикасы | |
Премьер Министрінің | |
бірінші орынбасары | |
Қазақстан Республикасының | |
Өңірлік даму министрі | Б. Сағынтаев |
Алматы облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 09 тамыздағы "Алматы облысының аумағын абаттандыру Ережелерін бекіту туралы" N 21-136 шешімімен бекітілген. |
Алматы облысының аумағын абаттандыру Ережелері
1. Жалпы Ережелер
1. Осы Алматы облысының аумағын абаттандыру Ережелері (бұдан әрі – Ережелер) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Жер туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Экологиялық" Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңына сәйкес әзірленді.2. Ережелер бірыңғай және орындалуы міндетті аумақты ішкі абаттандыру саласындағы нормалар мен талаптарды, ғимараттар мен қоршауларға iргелес жатқан аумақтарды қоса алғанда, аумақтарды, сондай-ақ ішкі өндірістік аумақтарды тазалау және күтіп-ұстаудың белгілі бір тәртібін белгілейді. Ережелер Алматы облысының аумағында орналасқан, меншік нысанына, ведомстволық тиесілігіне және азаматтығына қарамастан, жерді, ғимараттар мен құрылыстарды, жапсарлас салынған үй-жайларды, тұрғын үйлердегі тұрғын емес үй-жайларды және өзге да нысандарды пайдаланатын немесе иеленетін барлық заңды және жеке тұлғалар үшін міндетті болып табылады.
3. Алматы облысының аумағын санитарлық күтіп-ұстау, онда тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету саласында басшылық ету келесі тәртіпте жүзеге асырылады:
1) аумақты санитарлық тазарту, тазалау саласындағы өңірлік қызметтердің қызметін үйлестіруді белгіленген өкілеттіктеріне сәйкес аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады;
2) аумақты тазалау, санитарлық тазарту және абаттандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру - аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдарының тиісті құрылымдық бөлімшелеріне, жер учаскелерін, ғимараттар мен құрылыстарды, тұрғын емес үй-жайларды баланста ұстайтындарға, меншік иелеріне, жалға алушыларға, пәтер иелері кооперативтерінің төрағаларына жүктеледі.
4. Осы Ережелер талаптарының орындалуы бойынша жұмысты құзіретіне сәйкес аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдарының тиісті құрылымдық бөлімшелері үйлестіреді.
5. Бекітілген жобалау құжаттамасына сәйкес толық көлемде аумағы абаттандырылмаған, құрылысы аяқталған (қайта жаңартылған, жөнделген) нысандарды пайдалануға қабылдауға жол берілмейді.
2. Негізгі ұғымдар
6. Абаттандыру – адамның қолайлы, жайлы және қауіпсіз өмір сүру ортасын қамтамасыз ететін жұмыстардың және элементтердің кешені. Осы жұмыс кешені аумақты тазалауды ұйымдастыруды және абаттандыру нысандары мен элементтерін келесі негізгі бағыттар бойынша күтіп-ұстауды, жөндеуді көздейді: инженерлік абаттандыру, үй маңындағы аумақтарды абаттандыру.7. Аудан мен қала аумағын сыртқы абаттандыру нысандары – бұл жолдар мен жаяусоқпақтар, көпірлер мен жол өткелдері, нөсерлік кәріздің құрылыстары мен желілері, жағажайлар, әр түрлі гидротехникалық құрылыстар, жағалауды бекітулер, ескерткіштер, мүсіндер, шағын сәулеттік нысандар, жасыл желектер, жарнама тасымалдаушылар, көшені жарықтандыру.
8. Аудандар мен қалалар аумағы - меншік түрлеріне және рұқсат етілген пайдалануға қарамастан, өңірдің шекаралары шегіндегі барлық жерлер.
9. Кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және өзге де шаруашылық жүргізуші субъектілердің аумағы – мемлекеттік жер кадастрында көрсетілген, заңнамада көзделген құқықтарда заңды және жеке тұлғалардың рұқсат етілген пайдалануына сәйкес берілген алаңы, шекарасы, орналасқан жері, құқықтық мәртебесі және басқа да сипаттамалары бар әкімшілік-аумақтық бірлік аумағының бөлігі.
10. Бөлінген аумақ – қала құрылыс құжаттамасында және мемлекеттік жер кадастрында көрсетілген, заңнамада көзделген құқықтарда жеке және заңды тұлғаларға берілген (бекітіп берілген) алаңы, шекарасы, орналасқан жері, құқықтық мәртебесі және басқа да сипаттамалары бар аумақтың бір бөлігі.
11. Бекітілген аумақ – елді мекендерді абаттандыру және санитарлық күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырған кезде бекітіп берілген аумақ субъектілерінің келісімі бойынша жергілікті атқарушы органдар белгілеген шекараларда абаттандыру, тазалау және күтіп-ұстау үшін бекітіліп берілген жер учаскесі.
1) Елді мекеннің аумағында бекіту нысандары болып:
қалалық (ауылдық) көше жақтан бастап бөлініп берілген учаскенің шекарасына дейінгі, жүргінші бөліктің жиегімен шектелген аумақ;
квартал ішіндегі аумақтардың учаскелері;
аула ішіндегі аумақтар – шағын сәулеттік нысандарды, балаларға арналған, кір ілетін, контейнерлік алаңдарды, жасанды құрылыстарды орнату, автокөлікті қою, үйге өтпе жолдар, аулаға кіре беріс жолдар үшін пайдаланылатын жер (бір аулада бірнеше жерді пайдаланушылар болған кезде бекітіп берілген аумақтың шекарасы пайдаланылатын аумақтың шекарасына тепе-тең, не тараптардың келісімі бойынша белгіленеді);
сақтау, жинап қою және басқа да мақсаттар үшін уақытша пайдаланатын аумақ;
бөлініп берілген және іргелес жатқан аумақ;
инженерлік желілерді қорғау аймағының аумағы табылады.
2) Жеке және заңды тұлғалар аумақты бекіту субъектілері болып табылады:
жеке меншік пәтер иелерінің кооперативтері;
ғимараттар мен құрылыстардың меншік иелері;
уақытша немесе жерді тұрақты пайдалануға берілген тұлғалар.
12. Әкімшілік аумақтық бірліктің аумағын санитарлық тазарту және тазалау, қалдықтарды (қатты тұрмыстық қалдықтарды, сұйық тұрмыстық қалдықтарды, ірі габаритті қоқыстарды), көшедегі қоқыстарды және сыпырындыларды жинау және жою, залалсыздандыру және көму, аумақты қардан және мұздан тазарту.
13. Өндірістік және тұтыну қалдықтары (бұдан әрі – қалдықтар) өндіріс немесе тұтыну барысында пайда болған шикізаттардың, материалдардың, жартылай өңделген өнімдердің, өзге де бұйымдардың немесе өнімдердің қалдықтары, сондай-ақ өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан тауарлар (өнімдер).
14. Қатты тұрмыстық қалдықтар – адамның тіршілік әрекетінің нәтижесінде пайда болған, коммуналдық қалдықтардың құрам бөлігі болып табылатын қатты тұтыну қалдықтар.
15. Ірі габаритті қоқыс – өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан тұтыну және шаруашылық қызметінің қалдықтары (тұрмыстық техника, жиһаз).
16. Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару кестесі – шығарылатын орны (мекен-жайын), көлемі мен уақыты көрсетілген қатты тұрмыстық қалдықтар шығаруға арналған шарттың құрам бөлігі.
17. Қоқыстың рұқсат етілмеген жиналуы – заңды және жеке тұлғалардың әрекеті барысында пайда болған қалдықтардың, ірі габаритті қоқыстың, өндірістік және құрылыс қалдықтарының, басқа да қоқыстардың, қардың, мұздың (рұқсат етілмеген) жиналуы.
18. Жүргінші бөлік, өтпе жол – тұрғын және қоғамдық ғимараттарға, кәсіпорындарға және аудандардың, шағын аудандардың, кварталдардың ішіндегі қалалық құрылыстың басқа нысандарына көлік құралдарының өтуін қамтамасыз ететін жол элементі.
19. Жолдарды күтіп-ұстау – жұмыс кешені, оның нәтижесінде жолды көліктік-пайдалану, жол құрылыстарының, жолды жайластыру элементтерінің жағдайына, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жауап беретін қозғалысты ұйымдастыруға және оның қауіпсіздігіне қолдау көрсетіледі.
20. Топан су басу – өзендердегі судың деңгейі көтерілгендіктен, жер асты сулары деңгейінің көтерілуі, атмосфералық жауын-шашыннан, қардың еруі салдарында жолдардың, аумақтың бөлігін судың басуы, инженерлік желілер мен коммуникациялардан судың тасталуы, ағып кетуі немесе халық пен өндірістік нысандарының қалыпты тіршілік ету жағдайларына кедергі келтіретін су қабылдағыш құрылғылардың және су бұру құрылғыларының істен шығуы және оларға қызмет көрсету жөніндегі Ережелерінің бұзылуы.
21. Апат – бір тәуліктің ішінде шұғыл араласуды талап ететін коммуникациялардағы зақымдану.
3. Әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын санитарлық және
ағымдағы күтіп-ұстау
22. Құқықтық мәртебесіне және шаруашылық қызметінің нысанына қарамастан, меншігінде, толық шаруашылық жүргізуінде (жедел басқаруында), жалдауда, тұрақты, мерзімсіз пайдалануда жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар мен көлік құралдары бар кәсіпорыдардың, мекемелердің, ұйымдардың лауазымды тұлғалары, сондай-ақ жер учаскелерін, ғимараттарды, құрылыстар мен көлік құралдарын пайдаланатын азаматтар-меншік иелері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында пайдалану қызметінің жұмыстарды орындауына жауапты болатын лауазымды тұлғалар және ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан, қызметі ғимараттарды, құрылыстарды, инженерлік желілер мен коммуникацияларды салуға, жөндеуге, қызмет көрсетуге және аумақты пайдалануға байланысты басқа да ұйымдар мыналарды қамтамасыз ету қажет:1) контейнерлік алаңдарды жабдықтау және оларда тұрмыстық қалдықтарды және басқа да қоқыстарды жинау үшін контейнерлер орнату, оларды мерзімінде тазарту, жуу және дезинфекциялау;
2) қоқыстарды қысқа мерзімде сақтау үшін урналар орнату, толуына қарай бірақ күніне кем дегенде бір рет тазартып тұру, аптасына кем дегенде бір рет жуу, жылына кем дегенде бір рет сондай-ақ қажет болған жағдайда немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті қызметінің нұсқамасы болған кезде бояу. Меншік нысанына қарамастан әрбір кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің кіреберісіне, қоғамдық көліктің аялдамаларында кем дегенде екі урна қойылады, қозғалысы көп көшелерде 40 метрден аспайтын қашықтықта, және қозғалысы аз көшелерде 100 метрден аспайтын қашықтықта орнатылады. Қыс кезінде урналар механикалық тазалауға кедергі келтірмейтін орындарға орнатылады;
3) аулаларда, тұрғын кварталдардың аумағында, құрылыс алаңдарында және адамдардың көп жиналған орындарында жанар-жағар май қалдықтарын жағуға жол бермей тұрмыстық, табиғи және құрылыс қоқыстарын, тамақтың қалдықтарын, металлоломды және басқа да ластағыш заттарды уақытында шығарып тұру;
4) өздеріне бекітіліп берілген көшелерді, аулаларды, ішкі кварталдарды және басқа аумақтарды, тұрғын және қоғамдық ғимараттар мен құрылыстардың жалпы пайдаланудағы орындарын ұдайы жинау, аумақтарды қоқыстан, қардан, жауын-шашын суынан және еріген судан, техникалық және техногендік лас заттардан, мұздан тазарту;
5) бекітілген аумақта бар жасыл екпелерді толық сақтау, оны көгалдандыру;
6) сыртқы абаттандыру элементтерін, мүсіндерді, ескерткіштерді, шағын сәулеттік нысандарды және олардың жекелеген элементтерін, контейнерлік алаңдарды, жиектастарды, қоршауларды, жарықтандыру нысандарын, жарнама тасығыштарды, көше бағдарларын, нөмірлік белгілерді, ескерткіш тақталарды, гидранттарды, бағандарды және басқа да нысандарды қажет болған жағдайда тиісті күтіп-ұстау және жөндеу.
4. Қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі габаритті қалдықтарды және қоқыстардың басқа түрлерінің жиналуын ұйымдастыру.
23. Контейнерлерге және басқа да қоқыс жинағыштарға қатты тұрмыстық қалдықтарды жинағаны үшін жауапкершілік және бақылау, қоқыс жинағыштарды жарамды күйінде күтіп-ұстау және олар орналасқан алаңдарды жинау:
- мемлекеттік тұрғын үй қоры бойынша – аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдарының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдеріне;
- тұрғын үй қоры, пәтер иелері кооперативтерінің үйлері бойынша – тұрғын үй қорын тұрғын үй қорына қызмет ету бойынша кәсіпорындарға, пәтер иелері кооперативтеріне;
- жеке меншік үй иеліктері, жеке салынған үйлер бойынша – үй иелеріне;
- өзге де қатты тұрмысты қоқыстар мен ірі габаритті қалдықтарды өндірушілер бойынша – меншік иелеріне, жалдаушыларға, кәсіпорындарға, ұйымдарға және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілерге жүктеледі.
24. Қатты тұрмыстық қалдықтар мен басқа да қоқыстардың жиналуын және елді мекендер аумағынан шығарылуын ұйымдастыруды бақылау аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдарының тиісті құрылымдық бөлімшелеріне жүктеледі.
25. Қатты тұрмыстық қалдықтар мен ірі габаритті қалдықтардың шығарылуын қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару кестесінде (қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі габаритті қалдықтарды шығаруға арналған шартқа қосымша) көрсетілген мерзімде мамандандырылған ұйымдар, кәсіпорындар жүзеге асырады.
26. Тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйымдарға қалдықтарды шығару кестесінің орындалуына бақылауды жүзеге асыруға және контейнерлердің, бункерлердің-жинақтаушылардың, сондай-ақ басқа да қоқыс жинағыштардың асыра толып кетуіне жол бермеу қажет.
27. Қатты тұрмыстық қалдықтар арнайы қоқыс шығаратын көлікпен шығарылады, су бұру жүйесіне қосылмаған үй иелерінен сұйық қалдықтар арнайы ассенизациялық ваккумдық көлікпен шығарылады. Тұрмыстық және басқа да қоқыстарды шығару күнделікті сағат таңғы 7.00 - ден кешкі сағат 23.00 - ге дейін жүргізілуі қажет.
28. Қоқыс жинау контейнерлерінде қатты тұрмыс қалдықтарды минустық температурада 3 тәуліктен, плюстік температурада 1 тәуліктен артық сақтауға рұқсат етілмейді.
29. Қатты тұрмыстық қалдықтар жинау үшін абаттандырылған тұрғын үй қорында бетон және асфальт төселген орындарда орнатылатын контейнерлер қолданылады, жеке меншік үй иеліктерінде (ағаш, металл және басқа) қақпағы бар еркін конструкциялы сыйымдылықтарды пайдалануға жол беріледі.
30. Контейнерлер арнайы жабдықталған алаңдарда орнатылады. Алаңдар орналастыратын орындар және оларда орналасатын контейнерлердің санын жергілікті атқарушы органдармен, санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық қызметтермен келісу қажет.
31. Орнатылатын контейнерлердің санын анықтау үшін контейнерлерді пайдаланатын халықтың санын негізге алу керек.
32. Контейнерлерді орнатуға арналған алаңдар асфальт немесе бетон төсеммен жабылады, арнайы автокөліктің кіруіне ыңғайлы, айналуы ескерілетін орын әзірленеді.
33. Контейнерлік алаңдар тұрғын үйлерден, балалар мекемелерінен, спорт алаңдарынан және халық демалатын орындардан 25 метрден кем емес немесе 100 метрден қашық емес қашықтықта орнатылуы қажет. Қоқыс контейнерлерінің алаңдарын 1,5 метр биіктікке үш жағынан қоршау қажет.
34. Контейнерлік алаңдардың аумақтары таза және жөнге келтірілген жағдайда ұстау қажет.
35. Бірлескен контейнерлік алаңдарды жабдықтайтын ұйымдарда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаратын кәсіпорындармен келісілген контейнерлік алаңдар және оған іргелес аумақтарды қоқыстардан тазарту кестесі болуы қажет.
36. Контейнерлер және басқа да қоқыс жинағыштар техникалық жағынан жарамды, кірден тазартылған, боялған және үй номерлері таңбаланған жағдайда ұсталуы қажет. Барлық қоқыс жинағыштар мен қоршаулар жылына кем дегенде 2 рет – көктемде және күзде боялу керек.
37. Ірі габаритті қоқыстар, ескі жиһаз, велосипедтер, пәтерлерді жөндеуден қалған қалдықтар және сол сияқты басқа қоқыс тұрғындармен 1 күн мерзім ішінде шығарылуы қажет.
38. Құрылыс қалдықтары жөндеу немесе қайта құру жүргізіп жатқан ұйымдармен, жеке тұлғалармен 1 күн мерзім ішінде шығарылады.
39. Мыналарға рұқсат етілмейді:
1) контейнерлерді және басқа қоқыс жинағыштарды қоқыстармен асыра толтыруға;
2) дүңгіршектерге, палаткаларға, павильондарға қоқыстарды және тауарларды жинап қоюға;
3) контейнерлік алаңдарға алдына ала қысып нығыздамай қоқыстарды жинап қоюға;
4) қоқыстарға арналған контейнерлердің сыртынан қоқыстарды жинап қоюға;
5) тұтыну қалдықтарын, оның ішінде шөпті, жапырақтарды, бұталарды контейнерлерде жағуға;
6) контейнерлерге немесе өзге де қоқыс жинағыштарға сұйық қалдықтарды, жуындыларды төгуге.
40. Тұрғын үйлер кварталдарында, шағын аудандардың және жер үйлер учаскелер территорияларында келесідей тәртіп сақталады:
1) аумақтарды, жаяусоқпақтарды, жаяу жүру жолдарын, квартал ішінде өту жолдарын мерзімінде жөндеу, тазалықта ұстау қажет;
2) инженерлік коммуникацияларды және құдықтарды мерзімінде тексеріп, тазарту қажет;
3) тұрғын үй нысандарының, ұйымдардың, мекемелердің алдында санитарлық үзу ұйымдастырылмай алаңдық құрылғылар, шұңқыр қазу, септиктер, қоқыс жинау алаңдарын орналастыруға рұқсат етілмейді.
41. Су бұру жүйелеріне қосылмаған үй иеліктерінің аумағында сұйық қалдықтарды және жуындыларды жинау үшін су өткізбейтін шұңқырлары мен жер беті қақпағы және қатты фракцияларды бөлуге арналған торы бар қоқыс төгетін шұңқырлар орналастырылады.
42. Кәрізденбеген аулалық және қоғамдық дәретханалар тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, балалар ойнайтын алаңдардан және халық демалатын орындардан және 25 метрден кем емес қашықтыққа, құдықтардан, бұлақ көздерінен 50 метрден кем емес қашықтыққа орналастырылады.
43. Аулалық және қоғамдық дәретханалардың жерүсті үй-жайлары бір-біріне тығыз жалғасқан материалдардан (тақтайлардан, кірпіштерден, блоктардан және өзге де материалдардан) жасалады. Шұңқырдың су өткізбеуі қамтамасыз етіледі.
44. Шұңқырларды толғанына қарай тазалап ішіндегісін арнайы ассенизациялық ваккумдық көлікпен шығару қажет.
45. Ауладағы дәретханалардың үй-жайлары тазалықта ұсталуы қажет. Ауладағы дәретханаларда күн сайын жинау және арнайы бір пайызды хлорлы әк ерітінділерді қолдана отырып дезинфекциялау жүргізіліп тұруы қажет.
5. Әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын күтіп-ұстауды
ұйымдастыру
46. Әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын күтіп-ұстауды барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар жүзеге асырады.47. Әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын күтіп-ұстауға қатысатын субъектілер өзара тиімді әрекет етуі үшін жергілікті атқарушы органның тиісті бөлімшесі әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын күтіп-ұстау жөнінде келісілген жұмысты үйлестіруді және оның орындалуына бақылауды жүзеге асырады.
48. Жер учаскелерін пайдаланушылар арасындағы аумақты тазалаудың шекараларын белгілеу жеке және заңды тұлғаларға бекітіп берілген аумақтарға сәйкес, осы Ережелер негізінде жүзеге асырылады:
1) көше-жол желісі, алаңдар, қоғамдық орындар (жалпы пайдаланудағы демалыс орындары, саябақтар, скверлер, жағалаулар) бойынша – мемлекеттік тапсырыс көлемінде коммуналдық шаруашылықтың уәкілетті органымен;
2) квартал ішілік аумақтар мен өзге де аумақтар бойынша тазалау шекаралары аудандардың, қалалардың бас сәулетшілерімен.
49. Көлік қарқынды қозғалатын жолдардағы, магистральдардағы және көшелердегі әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын тазалау түнгі уақытта сағат 23-00-ден сағат 7-00-ге дейін жүргізіледі.
50. Іргелес, үйлер маңдарындағы аумақтарды, адамдар көп жиналатын орындарды (вокзалдарға кіреберістер, базарлардың аумақтары, сауда аймақтары) тазалау таңғы сағат 6-дан, қажет болған жағдайда жұмыс күнінің ішінде жүргізіледі.
51. Механикалық тәсілмен тазарту мүмкін болмайтын аумақтар, қолмен тазарту қажет.
52. Жаяусоқпақтарды тазалау жолдың жиегіндегі аймақты (ені 0,5 метр жаяу соқпақтың жиектасының, көгалдың бойындағы автомобиль жолының жүргінші бөлігінің аумағын) тазалау басталғанға дейін жүргізу қажет.
53. Ауа-райының төтенше көріністері жағдайларында (нөсер, қардың жаууы, көктайғақ) тазалау жұмыстарының режимі жергілікті атқарушы органның төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының нұсқауына сәйкес белгіленеді.
54. Алаңдарды, жолдарды, жол жиегін және айналма жолдарды, көшелер мен жол желісінің жол өткелдерін қоса алғанда, жолдарды сондай-ақ көпірлерді, өтпе жолдарды, эстакадаларды тазарту және күтіп-ұстау жол жабындарын пайдаланып отырған кәсіпорындармен, ұйымдармен жүзеге асырылады.
55. Көліктің диспетчерлік пунктілеріне іргелес жатқан аумақтарды жинау және күтіп-ұстау осы нысандардың меншік иелерімен, балансында ұстайтындармен, жалдаушылармен жүзеге асырылады.
56. Көлік тұратын орындардың аумағын қоқыстан, қардан тазалау және оларды шығару осы нысандардың меншік иелерімен, балансында ұстайтындармен, жалдаушылармен жүзеге асырылады.
57. Жүргінші бөліктегі, жаяусоқпақтардағы және көгалдардағы қоршауларды, жолдың басқа да абаттандыру элементтерін тазалау, күтіп-ұстау пайдаланып отырған кәсіпорындармен, ұйымдармен жүзеге асырылады.
58. Жолаушылар көлігінің отырғызу алаңдарын жинау осы нысандардың меншік иелерімен, балансында ұстайтындармен, жалдаушылармен жүзеге асырылады.
59. Көгалдандыру нысандарын (саябақтарды, шағын бақтарды, бульварларды, көгалдарды және басқа да жасыл екпелерді), оның ішінде орналасқан жаяусоқпақтарды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, баспалдақтан түсетін жерлерді жинау осы нысандардың меншік иелерімен, балансында ұстайтындармен, жалдаушылармен жүзеге асырылады.
60. Аулаішілік аумақтарды, аулаға кіретін, аулашілік жолдарды, жергілікті өтпе жолдарды және жауясоқпақтарды, спорт, балалар, шаруашылық алаңдарын, контейнерлік алаңдарды қоса алғанда, аулалық аумақты тазалау және күтіп-ұстау аталған аумақта орналасқан тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйымдармен, бөлініп берілген аумақта меншігінде және пайдалануында құрылыстары меншік иелерімен, балансында ұстайтындармен, жалдаушылармен жүзеге асырылады.
61. Ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған және игерілмеген (құрылыс салуға бөлініп берілген) аумақтарды, құрылыстарды бұзғаннан кейінгі аумақтарды тазалау және күтіп-ұстау аталған аумақтар бөлініп берілген тапсырыс беруші ұйымдармен жүзеге асырылады.
62. Жанар-жағар май станцияларының, автокөлік жуатын бекеттердің, май құю кешендерінің, гараж-құрылыс кооперативтерінің, автотұрақтардың аумақтарын, оларға кіру және шығу жолдарын, және оған іргелес жатқан аумақтарды тазалау, абаттандыру, тазалығын қамтамасыз ету – көрсетілген нысандардың меншік иелерімен, балансында ұстайтындармен, жалдаушылармен жүзеге асырылады.
63. Трансформаторлық, тарату, газды тарату қосалқы станцияларының және автоматты режимде жұмыс істейтін (қызмет көрсететін персоналы жоқ) басқа да инженерлік құрылыстардың маңындағы аумақтарды, сондай-ақ электр энергиясын беру желісі тіреуінің маңындағы, жылу желілерінің (және басқа да инженерлік коммуникациялар) бойындағы аумақтарды тазалау меншік иелерімен, балансында ұстайтындармен, жалдаушылармен жүзеге асырылады.
64. Газ тарататын қосалқы станциялардың ішкі аумағын тазалау және күтіп ұстау меншік иелерімен, балансында ұстайтындармен, жалдаушылармен жүзеге асырылады.
65. Кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің, өзге де шаруашылық жүргізу субъектілердің аумақтарын (зауыт ішіндегі, аула ішіндегі аумақтарды) және бекітіліп берілген аумақтарды және оларға кіреберіс жолдарды жинау, күтіп-ұстау көрсетілген аумақтардағы құрылыстарды меншіктейтін, иеленетін, жалдайтын немесе баланста ұстайтын кәсіпорындармен, мекемелермен, ұйымдармен жүзеге асырылады. 66. Зираттардың, жағажайлардың аумақтарын, өзендердің, көлдердің жағасындағы аумақтарды жинау осы нысандардың меншік иелерімен, балансында ұстайтындармен, жалдаушылармен жүзеге асырылады.
67. Теміржолға, теміржол өткелдеріне, өтпе жолдарға, үйінділерге іргелес жатқан аумақты тазалау және күтіп осы құрылыстарды пайдаланатын темір жол ұйымдарымен жүзеге асырылады.
68. Жүргінші бөлікпен қиылысып жатқан теміржол өткелдерін күтіп - ұстау және жөндеу осы нысандардың меншік иелерімен, балансында ұстайтындармен, жалдаушылармен жүзеге асырылады.
69. Көшенің жүргінші бөлігіне жанасатын, ғимараттардың бойына, тұрғын үйлерге және әкімшілік - аумақтық бірліктің басқа да аумақтарына жанасатын жаяусоқпақтарды жинау бекітіп берілген аумақ бойынша заңды және жеке тұлғалармен жүзеге асырылады.
70. Көпірлердегі, өтпе жолдардағы, эстакадалардағы жаяусоқпақтарды, сондай-ақ инженерлік желілерге және баспалдақтан түсетін жерлерге жанасатын техникалық жаяусоқпақтарды жинау оларды пайдаланатын кәсіпорындармен, ұйымдармен жүзеге асырылады.
71. Бульварды типтегі жаяусоқпақтарды тазалау және күту коммуналдық қызметтермен жүзеге асырылады.
72. Ғимараттардың, құрылыстардың, павильондардың, дүңгіршектердің, жаздық кафелер мен басқа да бөлшек сауда нысандарының (базарлардың), халыққа тұрмыстық қызмет көрсететін нысандардың, гараждардың және басқа да жеке тұрған нысандардың маңындағы аумақты жинау және күтіп-ұстау – аталған нысандардың меншік иелерімен, балансында ұстайтындармен, жалдаушылармен жүзеге асырылады.
73. Стадиондардың, базарлардың, жәрмеңке өткізілетін орындардың аумақтарын жинау, олардан қоқыстарды шығару, меншік иелерімен, балансында ұстайтындармен, жалдаушылармен жүзеге асырылады.
74. Жеке меншік үй құрылысының маңындағы аумақтарды жинау, қоқыстарды шығару, күтіп-ұстау меншік иелерімен, жалдаушылармен жүзеге асырылады.
75. Колонкаларды, коллекторларды, ашық суағарларды және нөсерлік кәріз құбырларын бақылау және жалпы су ағызатын жүйелердегі жауын-шашынды қабылдайтын құдықтарды күтіп-ұстау және оларды тазалау – осы нысандарды баланста ұстайтындармен жүзеге асырылады.
76. Нөсерлік кәріздің (су бұру желілерінің) ластануын болдырмау үшін сыпырындыларды, мұздың сынықтарын және ластанған қарды, тұрмыстық қоқыстарды және басқа да ластайтын заттарды су қабылдайтын құдықтарға, су бұру арықтарына тастауға жол берілмейді.
77. Қатты жауын-шашынның салдарынан жолдың жүргінші бөлігін топан су басқан кезде (су бұру желілері және нөсерлік кәріз істен шыққан кезде) топан суларды жою мамандандырылған ұйымдармен немесе аталған нысандарды балансында ұстайтын ұйымдармен жүзеге асырылады.
78. Қыста су құбырындағы, жылу желілеріндегі, шаруашылық-фекальдық желілердегі апаттарды жойған кезде нөсерлік кәрізге су жіберуге жол берілмейді.
79. Жазда нөсерлік кәрізге таза су жіберуге рұқсат етіледі.
80. Жер асты коммуникацияларын күтіп-ұстау және жөндеу, сондай-ақ құдықтарды, өрт гидранттары мен коллекторларды уақытында тазарту, құдықтар мен люктерді жолдың, жаяусоқпақтың жабынымен, көгалмен бір деңгейде жарамды күйде күтіп-ұстауды қамтамасыз ету (өз күшімен немесе мамандандырылған кәсіпорын ұйымды, кәсіпорынды тарта отырып, шарт бойынша), сондай-ақ коммуникацияның қанағаттанғысыз жай-күйіне байланысты жол жабынының бүлінген шекарасында жөндеу жүргізу, құдықтарда, өрт гидранттарында люктердің болуын және олардың жарамды күйде болуын бақылауды жүзеге асыру және оларды уақытында ауыстырып тұру, коммуникациялардың жұмыс істеуіне байланысты апаттардың (үйілген қар, қатып қалған қар, батпақ, сұйықтық, топырақ сорғылары және басқалар) салдарын жедел жоюды қамтамасыз ету, әкімшілік-аумақтық бірліктегі жолдардың және көшелердің жүргінші бөлігіне апаттық және жоспарлық суды ағызуға жол бермеу жер асты инженерлік коммуникацияларды иеленушілерімен жүзеге асырылады.
6. Қыс кезінде әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын жинау
81. Қысқы тазалау кезеңі 1 қазаннан бастап 1 сәуірге дейін (өңірдің климаттық жағдайларын ескере отырып) белгіленеді. Ауа райы күрт өзгерген жағдайда (қар, аяз) қысқы тазалауды бастау мен аяқтау мерзімдері жергілікті атқарушы органдардың актілерімен түзетіледі.82. Тазалау техникасын қысқы кезеңдегі жұмыстарға дайындау жөніндегі іс-шараларды техниканы баланста ұстаушылармен жүргізіледі.
83. Саябақтардағы, орманды саябақтардағы, бақтардағы, шағын бақтардағы, бульварлардағы және басқа жасыл аймақтардағы жүргінші жолдарды, жаяусоқпақтарды, жолдарды және өзге жабындарды тазалаған кезде жасыл екпелердің сақталуын және қар суының ағып кетуін қамтамасыз ету шартымен құрамында көктайғаққа қарсы реагенттер жоқ қарды осы мақсаттарда алдын ала әзірленген алаңдарда уақытша жинап қоюға жол беріледі.
84. Құрамында химиялық заттары бар қарды көгалдарда және жасыл екпелер орналасқан өзге аумақтарда жинап қоюға, сондай-ақ қарды жинап қойған кезде жасыл екпелерді зақымдауға жол берілмейді.
85. Қыс кезінде жолдарды, бақ дивандарын, урналар мен басқа элементтерді (шағын сәулеттік нысандар), сондай-ақ олардың алдындағы және қырынан бос кеңістіктік, оларға баратын жолдарды қар мен мұздан тазарту қажет.
86. Ауа райы жағдайларына қарамастан көшелер мен жолдардың, жаяусоқпақтар мен аула аумақтарының жүргінші бөлігінде жинау жұмыстарын жүргізу көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ететін технологиясы мен режимдеріне сәйкес қамтамасыз ету қажет.
87. Үй маңындағы аумақтарды жинауды келесі ретте жүргізу қажет, алғашқыда қарды жаяусоқпақтардан қырғышпен тазалау, көктайғақ пен тайғақ жағдайында - жаяусоқпақтарға, жаяу жүргінші жолдарға, кейін аулаларға құм немесе мұзға қарсы реагенттер себу.
88. Рұқсат етілмейді:
1) көшелерді қардан тазалау кезінде жолаушы жолдары мен жаяусоқпақтарға қар үйінділерін жинауға;
2) квартал ішіндегі жолдардан, жаяусоқпақтардан, аула аумақтарынан, кәсіпорындар мен ұйымдардың аумақтарынан, құрылыс алаңдарынан, сауда нысандарынан тазартылып шығарылған қарды жолдардың, магистральдың, көшелер мен жаяусоқпақтан жүргінші бөлігіне шығарып тастауға немесе жылжытуға;
3) жолдарда, жаяусоқпақтарда, қону алаңдарында, жолаушылар көлігі аялдамаларында, саябақтарда, шағын бақтарда, аулаларда және өзге жаяу жүргінші мен көгалдандырылған аймақтарда қолдануға рұқсат берілмеген көктайғаққа қарсы реагенттер мен өзге химиялық препараттарды пайдалануға;
4) ластанған және тұздалған қарды көгалдарға, гүлзарларға, бұтақтар мен басқа жасыл екпелерге жылжытуға.
89. Көшелер мен магистральдарды қысқы тазартудың бірінші кезеңіне мыналар жатады:
1) көктайғаққа қарсы реагенттермен жолдың жүргінші бөлігін өңдеу;
2) қарды жинау және сыпыру;
3) кейіннен шығару үшін қардың үйінділерін қалыптастыру;
4) жол қиылыстарында, жер үсті жаяу жүргінші өтпелерінде, жолаушылар көлігі аялдамаларында, әкімшілік және қоғамдық ғимараттарға кіре берістерде, ауладан шығу жолдарында қар үйінділерінің арасын ашу.
90. Көшелер мен магистральдарды қысқы тазартудың екінші кезеңіне мыналар жатады:
1) қарды алып тастағаннан кейін жол лотоктарын тазалау;
2) мұзды жару және пайда болған қар-мұзды жою.
91. Қар жауа бастағанда жолдардың жүргінші бөліктері көктайғаққа қарсы реагенттермен өңделу қажет.
92. Қар жауа бастағанда бірінші кезекте жолдардың, магистральдар мен көшелердің көлік қозғалысы үшін ең қауіпті учаскелерін – тік құламалар мен өрлерді, көпірлерді, эстакадаларды, көше қиылыстары мен қоғамдық көлік аялдамаларындағы тежеу алаңдарын, вокзал маңындағы алаңдарды көктайғаққа қарсы реагенттермен өңдеу қажет.
93. Көлік қозғалысы үшін ең қауіпті орындарды өңдеу аяқталғаннан кейін көктайғаққа қарсы реагенттермен жүргінші бөлікті жаппай өңдеуге көшу қажет.
94. Жүргінші бөлікті механикалық сыпыру бекітілген технология бойынша тығыздалмаған жаңа жауған қардан кейін жүргізілуі қажет.
95. Ұзақ уақыт қар жауғанда әрбір жаңадан қар жауған сайын жүргіншілер жүретін жерлерді механикалық сыпыру жүзеге асыру қажет.
96. Сыпыру аяқталғаннан кейін көшелер мен өтпе жолдардың лотоктарында қар үйінділерін қалыптастыру, жолаушылар көлігінің аялдамаларында және жер үсті жаяу жүргінші өткелдердегі қар үйінділерінде өтпе жолдарды тазарту жұмыстарын орындау қажет.
97. Қар үйінділерін қалыптастырған кезде көшелер мен өтпе жолдардың жүргінші бөлігінен, сондай-ақ жаяусоқпақтардан шығарылған қар көшелердің лоток бөлігіне ығыстырылу қажет.
98. Қар үйінділерін қалыптастыруға жол берілмейді:
1) барлық жолдардың, көшелердің және отпелердің бір деңгейдегі қиылыстарында, теміржол өтпе жолдарына жақын маңда;
2) жаяу жүргіншілер өтпелеріне және бөлгіш көгалдары бар көшелердегі кері бұрылыс орындарына 5 метр жақын;
3) қоғамдық жолаушылар көлігінің аялдама пунктіне 20 метр жақын.
99. Лотоктарда қар үйінділерін қалыптастыру кезінде қарды көгалдарға ығыстыруға жол берілмейді.
100. Аулаға кірер жолдар алдында, квартал ішіндеге өтпе жолдарында қар үйінділерін ажыратып қоюды кезекті қар жауып аяқталғаннан кейін жүргінші бөлікті механикалық сыпыру орындалғаннан соң бірінші кезекте орындау қажет.
101. Қар шығарылған сайын жол лотоктарын қар мен мұз қалдықтарынан тазарту жүргізу қажет.
102. Көшелер мен өтпе жолдардан қарды жергілікті атқарушы органдармен және санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен келісіліп, дайындалған қар төгетін орындарға шығару қажет.
103. Белгіленген тәртіпте келісілмеген орындарға қарды шығаруға рұқсат етілмейді.
104. Қар ерігеннен кейін қарды уақытша жинап қою орындары қалдықтардан тазартылып және абаттандырылуы қажет.
105. Бөлетін бетон қабырғаларды, металл қисық сызықты білеулерді, бөгет қоршауларды, жол белгілері мен көрсеткіштерді қардан, мұздан тазартып көліктің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету қажет.
106. Жол техникасы өткеннен кейін жаяусоқпақтарда, қоғамдық көлік аялдамаларында және автокөлік тұрағының жабдықталған орындарында қалдырылып кеткен қар үшін әкімшілік-аумақтық бірліктің жолдарын ағымдағы күтіп-ұстау жөнінде келісімшарт жасасқан ұйым жауап береді.
107. Жаяусоқпақтарды, жолаушылар көлігі аялдамаларындағы отырғызу алаңдарын, көпір құрылыстарындағы жаяусоқпақтар мен баспалдақтан түсетін жерлерді, жүргінші жолдар мен басқа жаяу жүргінші аймақтарды қардан және мұздан тазарту барлық ені бойынша жүргізіледі.
108. Жүргінші бөлік жол техникасымен тазартылғаннан кейін аялдама павильонының иесіне жүргінші бөліктің бойында бекітілген аумақты тазарту қажет.
109. Әкімшілік-аумақтық бірліктің жолдарын ағымдағы күтіп-ұстау жөнінде келісімшарт жасасқан ұйым жүргінші бөліктің қардан, мұздан тазартылуын, сырғанаққа қарсы материалдардың себілуін (рейс автобустарының аялдама платформасына кіреберісін) қамтамасыз етеді.
110. Әкімшілік-аумақтық бірліктің жолдарын ағымдағы күтіп-ұстау жөнінде келісімшарт жасасқан ұйым аялдама павильондар иелеріне қар мен мұзды үйіп, жинап қоятын жерді белгілейді.
111. Үйілген қар мен мұзды тазарту әкімшілік-аумақтық бірліктің жолдарын ағымдағы күтіп-ұстау жөнінде келісімшарт жасасқан ұйыммен жүзеге асырылады.
112. Қар тоқтаусыз жауған кезде жаяусоқпақтар мен көпір құрылыстарындағы баспалдақтан түсетін жерлерді көктайғаққа қарсы реагенттермен өңдеуден басқа, жаяу жүргіншілердің қозғалысы үшін өтпе жолдары, өрт гидранттары орналасқан жерлер мен оларға кіреберістерді тазарту қажет.
113. Жаяусоқпақтарда, баспалдақтан түсетін жерлерде, жаяу жүргінші жолдар мен отырғызу алаңдарында қар күреу жұмыстары (механикалық сыпыру және қолмен тазарту) қар тоқтағаннан кейін бірден басталады.
114. Жаяусоқпақтардан бөлшектенген мұзды сыпыру мен тазалау бір мезгілде мұздақты бөлшектеумен қатар жүргізілуі және жолдың лоток маңындағы аймақта қармен бірге жиналып, үйілуі қажет.
115. Шатырларды, ернеулерді, суағар құбырлар мен ғимарат қасбеттерінің басқа элементтерін қардан және мұз сүңгілерінен тазартуды ауа райы жағдайына байланысты қажет болуына қарай тәуліктің жарық кезінде жүргізу қажет.
116. Ғимарат шатырларының жаяу жүргіншілер аймағына қарайтын жақтарын мұздардан тазарту, олар пайда болған бойда кідіріссіз жүргізілуі қажет.
117. Адамдардың қауіпсіздігін, ағаштардың, бұталар мен өзге жасыл екпелердің, әуе инженерлік коммуникацияларының, байланыс желілерінің, жарнамалық конструкциялардың, бағдаршам нысандарының, жол белгілері мен басқа нысандардың сақталуын қамтамасыз ететін шараларды қабылдамай, қар мен мұздарды шатырдан лақтыруға рұқсат етілмейді.
118. Шатырдан лақтырған қар мен мұздың өсінділері жаяусоқпақтардан, өтпе жолдан кідіріссіз тазартылып, кейін әкетумен қатар, қармен бірге үйілуі қажет.
119. Күн жылынғанда шатырларды, ернеулерді, суағар құбырлары мен ғимарат қасбеттерінің басқа элементтерін қардан және қалың мұздан тазарту кідіріссіз жүргізілуі қажет.
120. Қарды тазалау мен әкету жұмыстары ұйымдастырылып жатқан кезде жеке көлік иелеріне көшелер мен жолдардың жүргінші бөлігін көлік құралдарының тұрағы ретінде пайдалануға рұқсат етілмейді.
7. Аула аумақтарын қысқы тазалау
121. Аула аумағындағы жаяусоқпақтар қардан және мұздақтан барлық ені бойынша тазартылады.122. Қар жауғанда және мұздақтар пайда болған кезде жаяусоқпақтар мен квартал ішілік өтпелерді көктайғаққа қарсы реагенттермен өңдеу жүргізіледі.
123. Механикалық тазалау жүргізу барысында, ең алдымен жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды, аулаға өтпе жолдарды, қоқысты жинау контейнерлері мен өрт гидранттарына, сондай-ақ газ таратушы қондырғылары мен трансформаторлық қосалқы станцияларға кіреберістерді тазарту қажет.
124. Аула аумақтарынан және квартал ішілік өтетін жерлерден тазартылған қарды автокөліктің еркін өтуіне және жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі келтірмейтін орындарда үйіп жинауға рұқсат етіледі.
125. Аула ішілік аумақта қарды үйіп жинаған кезде судың жылғалармен ағып кетуін қарастыру керек.
126. Кварталішілік өтпелерден, аула аумақтарынан, кәсіпорындардың, құрылыстар мен басқа ұйымдардың ішкі аумақтарынан жиналған қарды көшелердің жүргінші бөліктері мен өтпе жолдарға ығыстыруға немесе орнын ауыстыруға жол берілмейді.
127. Тұрғын үй қорына қызмет көрсетуші ұйым немесе мамандандырылған кәсіпорындар көктем келгеннен бастап қызмет көрсету шарттары бойынша мыналарды ұйымдастырады:
1) қар суының қалыпты ағып кетуін талап ететін орындарда ағынды қамтамасыз ету үшін ойыстарды жуу және тазарту;
2) еріген су өтетін кәріздердің люктері мен қабылдағыш құдықтарына қарай қар суын жүйелі түрде ағызу – қар ерігеннен кейін қалған қар мен мұзды, қоқысты жинап, аула аумағын жалпы тазарту.
8. Жаз кезінде әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын тазарту
128. Жазғы жинау кезеңі 1 сәуірден бастап 1 қазанға дейін (өңірдің климаттық жағдайлары ескеріле отырып) белгіленеді.129. Жинайтын техниканы жазғы кезеңдегі жұмыстарға дайындау жөніндегі іс-шаралар, жергілікті атқарушы органдардың актісінде белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.
130. Жол төсемдерін, осьтік және қосалқы жолақтарды, лоток аймақтарын, көшелер мен өтетін жерлерді сыпыру күндізгі мезгілде (сағат 08.00-ден бастап сағат 21.00-ге дейін) жол төсемін алдын ала сулау арқылы, ал көліктің қарқынды қозғалысы бар көшелерде түнгі мезгілде (сағат 23.00-ден бастап сағат 07.00-ге дейін) жүзеге асырылады.
131. Алаңдардың, көшелер мен өтпелердің жүргіншілер жүретін жол жабынын жуу технологиялық нұсқауларға сәйкес түнгі (сағат 23.00-ден бастап сағат 07.00-ге дейін) және күндізгі мезгілде жүргізіледі.
132. Жүргінші бөлікті жуу кезінде судың ағынымен сыпырынды мен қоқыстарды жаяусоқпақтарға, көгалдарға, отырығызу алаңшаларына, жолаушылар көлігі аялдамаларының павильондарына, жақын орналасқан ғимараттардың қасбеттеріне, сауда нысандарына итеріп тастауға жол берілмейді.
133. Жазғы ыстық күндері қажеттілігіне қарай болғанда жол жабындарына су шашылады.
134. Аумақты тазалауға жауапты ұйымдар жапырақ түскен кезеңде жапырақтардың көше бойына шашылуына жол бермей, түскен жапырақты жинайды және кейін оларды арнайы бөлінген жерге әкетеді.
135. Түскен жапырақты жағуға, жаппай жапырақ түскен кезеңде жапырақты лотоктарға сыпырып тастауға, оларды ағаштар мен бұталардың ұңғыларына тығындауға рұқсат етілмейді.
136. Жүргінші бөлік ластанудың барлық түрінен толығымен тазартылып жуылады.
137. Реттеу сызықтарымен белгіленген осьтік және қосалқы жолақтар құмнан және ұсақ қоқыстан тұрақты тазартылып тұрады.
138. Лоток аймақтарының топырақ-құм шайындыларымен және әртүрлі қоқыспен ластануына жол берілмейді.
139. Жаяусоқпақтар мен оларда орналасқан жолаушы көлік аялдамаларының алаңдары топырақ-құм шайындыларынан, түрлі қоқыстардан тазартылып, жуылуы қажет.
140. Жол жиектері ірі габаритті және басқа қоқыстан, шөптен, өскіндерден тазартылуы қажет.
141 Шудан қорғау қабырғалары, металл қоршаулары, жол белгілері мен көрсеткіштері, жол абаттандыру элементтері техникалық ақаусыз күйде және тазалықта күтіп-ұсталу қажет.
9. Аула аумақтарын жаз кезінде күтіп-ұстау
142. Аула аумақтарын, кварталішілік өтпелер мен жаяусоқпақтарды сыпырындылар мен ұсақ тұрмыстық қалдықтардан сыпыру, оларды жуу қызмет көрсетуге келісімшарт жасасқан коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарымен немесе ұйымдармен механикаландырылған тәсілмен немесе қолмен жүзеге асырылады.143. Аумақтағы тазалық күні бойы сақталуы қажет.
144. Жуу және суару үшін суару шүмектері әр үйдің иелігінде жабдықталады және ақаусыз күйде күтіп-ұсталады.
145. Үй иелері, тұрғын үй-жайлардың, тұрғын үйлердің иелері, жалдаушылар тұрғын үй қорына қызмет көрсетуші ұйымдар осы нысандар орналасқан аумақтарды күтіп-ұстауды жүзеге асырады.
10. Әкімшілік-аумақтық бірлікте абаттандыруды, тазалықты және
тәртіпті қамтамасыз ету
146. Меншік нысанына қарамастан Алматы облысының аумағындағы барлық заңды және жеке тұлғалар абаттандыруды жақсартуға, тазалық пен тәртіпті сақтауға бағытталған кешенді шараларды қамтамасыз етеді:1) әкімшілік-аумақтық бірліктің барлық аумағында арнайы бөлінген жерлерден тыс орындарда тұрмыстық және құрылыс қоқысын, өндірістік қалдықтарды, ағаштардың бұтақтарын, жапырақтарды, қарды тастауға жол берілмейді;
2) кәсіпорындар мен жеке меншік үйлердің ішкі аумақтарын қоса алғанда, қоқысты, жапырақтарды, өндірістік қалдықтарды өртеуге рұқсат етілмейді;
3) топырақты, қоқысты, сусымалы құрылыс материалдарын, жапырақтарды, ағаштардың бұтақтарын, сұйық, сусымалы және өзге заттарды тасымалдау кезінде оларды брезентпен немесе басқа материалмен жабусыз тасымалдауға рұқсат етілмейді;
4) машиналармен, механизмдермен, өзге техникамен жұмыс жүргізіліп жатқан аумақтан және топырақ жолдардан көшелерге батпақ алып шығуға жол берілмейді;
5) квартал ішіндегі және аула жүрістерінде темірбетон блоктарын, бағаналарды, қоршауларды өз бетінше орнатуға және оларды өзге де рұқсатсыз жабуға рұқсат етілмейді;
6) арнайы белгіленбеген жерлерде автокөлікті қоюға және әр түрлі нысандағы нысандар орналастыруға рұқсат етілмейді;
7) аула мен квартал ішіндегі аумақтарда автокөлікті қою кезінде көліктер мен жаяу жүргіншілердің бөгетсіз қозғалысын қамтамасыз ету қажет;
8) көлік құралдарын тұрғын үй-жайларында және жалпы пайдаланатын жерлерде, су шығаратын құдықтардың қасында, су айдындарында, өзендерде, адамдардың жаппай демалатын орындарында, тұрғын үйлердің кіре берістерінде жууға, тазартуға және жөндеуге жол берілмейді;
9) су шығаратын құдықтарда, су айдындарында, өзендерде адамдардың жаппай демалатын орындарда, тұрғын үйлердің кіреберістерінде кілем бұйымдарын жууға рұқсат етілмейді;
10) көлік жуу және кілем бұйымдарын жуу қызметтерін көрсететін жеке және заңды тұлғаларға, жуылған кілем бұйымдарын осы ұйымдардың ауласынан тыс жерге жайып кептіруге рұқсат етілмейді;
11) баланс ұстаушылар металл бағаналарды, кронштейндер мен басқа сыртқы жарық құрылғылар мен байланыс жүйелерді таза ұстауға, коррозия ошақтарының пайда болуына жол бермеуге және қажет болғанда, кем дегенде үш жылда бір рет, бояу қажет;
12) жарықтандыру бағаналары мен түйіспе желісінің тіреулерінде, электр беру желілері мен жылу жүйелерінде, олардың меншік иелерінің келісімінсіз жарнамалық өнімінің кез келген түрлерін орналастыруға рұқсат етілмейді;
13) сыртқы жарнама мен ақпарат құралдарын таза ұстау қажет;
14) жарнамалық конструкцияны монтаждағаннан (қайта бөлшектегеннен) кейін осы конструкцияның иесіне, баланс ұстаушысына аумақты немесе орналастырылған нысанды абаттандыруды кідіріссіз қалпына келтіру қажет.
15) көгалдарға автокөлікпен шығып, жарнамалық конструкцияларда бейнелерді (плакаттарды) ауыстыруға рұқсат етілмейді.
16) ғимараттарда, қоршауларда, жолаушы көлік павильондарында, жарықтандыру, байланыс желісі тіректерінде, электр байланыс жүйелерінде, ағаштарда баспа өнімдерін және басқа ақпараттық хабарландыруларды өз бетінше желімдеуге немесе ілуге және әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында сыртқы жарнама мен ақпарат нысандарын өз бетімен орналастыруға рұқсат етілмейді.
17) фонтандар жұмыс істеген кезде судың бетін қоқыстан күнделікті тазарту қажет. Фонтандарды ажыратқан кезде де оларды тиісті күтіп-ұстау, тазарту, шаю, жөндеу, тостағандарын қаптау қамтамасыз ету керек.
147. Жағажайларды күтіп-ұстау:
1) жағажай жабылғаннан кейін оның техникалық персоналы жағаны негізгі тазарту жұмыстарын жүргізу керек, жиналған қоқыс пен қалдықтарды кідіріссіз шығарып тастау қажет;
2) шешінетін орындарды, киім ілгіштерді, дәретханаларды дезинфекция ерітінділерін қолдана отырып күнделікті тазарту керек, қажет болғанда оларды бояу, жөндеу қажет;
3) жағажайға іргелес орналасқан аумақтарда урналар, контейнерлер және қоғамдық дәретханалар орналастыру қажет;
4) шомылуға арналған орындарда кір жууға және жануарларды шомылдыруға рұқсат етілмейді;
5) жағажайда құм мен ұсақ тастарды жыл сайын сеуіп тұру қажет;
6) жағажай аумағының маңында көлік тұрағы орындарын қоршау мен онда қызмет көрсетудің ұйымдастырылуын қамтамасыз ету қажет.
148. Рұқсат етілмейді:
1) ғимараттар қасбеттерін және олардың конструктивтік элементтерінің қасбеттерін өз бетімен қайта жабдықтауға;
2) аула аумақтарын металл сынықтарымен, сауда ұйымдарының қоқыстарымен, құрылыс материалдарымен, құрылыс және өзге қоқыстармен бөгеп тастауға, белгіленген орындардан тыс жерлерде жуындыларды төгуге, басқа қалдықтарды тастауға, сондай-ақ аулаларда оларды көмуге немесе өртеуге;
3) асфальтталған көшелер немесе жетілдірілген төсемдері бар көшелер бойынша ауыр салмақты механизмдердің, тракторлардың, бульдозерлер мен басқа шынжыр табанды машиналардың қозғалуына;
4) жеке тұрғын үйлердің қоршауының сыртқы жағына түрлі құрылыс материалдарын көмірді, отынды және басқаларды жинап қоюға.
149. Әр үй иелігінің аумағын мыналармен:
1) кір кептіру, киім-кешек, кілем мен үй-тұрмыстық бұйымдарды тазарту үшін шаруашылық алаңдармен;
2) ересектердің демалысына арналған алаңдармен;
3) балалардың жазғы және қысқы демалысы үшін көгалдандырылған және қажетті шағын сәулет нысандарымен жабдықталған балалардың ойын және спорт алаңдарымен;
4) көлік тұрағына арналған орындармен жабдықтау қажет.
150. Қажетті рұқсаттар алғаннан кейін белгіленген тәртіпте ғана әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ғимараттарды, құрылыстарды, қақпаларды, қоршауларды, дүңгіршектерді, дүкеншелерді, павильондарды, бөлшек сауда мен халыққа тұрмыстық қызмет көрсететін өзге нысандарды салуға, орнатуға, қайта жаңартуға және бұзуға болады.
151. Қасбеттері әкімшілік-аумақтық бірлік құрылысының сәулеттік келбетін анықтайтын және осы Ережелер қолданылатын ғимараттар мен құрылыстарға аудандар мен қалалардың аумағында орналасқан (пайдаланылатын, салынып жатқан, қайта жаңартылған немесе күрделі жөнделіп жатқан) барлық:
1) әкімшілік және қоғамдық-мәдени мақсаттағы ғимараттар;
2) тұрғын үй ғимараттары;
3) өндірістік және өзге мақсаттағы ғимараттар;
4) жеңілдетілген үлгідегі (сауда павильондары, дүңгіршектер, гараждар мен басқа осыларға ұқсас нысандар) құрылыстар;
5) ғимараттарға іргелес жер учаскелерінде орналасқан қоршаулар мен басқа стационарлық сәулеттік нысандар жатады.
152. Ғимараттардың, құрылыстардың баланс ұстаушылары, жалдаушылары, меншік иелері, пайдаланушылары болып табылатын кәсіпорындар мен ұйымдарға ғимараттар мен құрылыстарды, олардың қасбеттерін, төбелері мен жеке элементтерін тиісті деңгейде күтіп-ұстау және қайта жаңарту, жөндеу мен бояу жөніндегі жұмыстардың уақытында жүргізілуін қамтамасыз ету, қасбеттерде орналастырылған ескерткіш тақталарын, көшелердің (тұйық көшенің, алаңдардың) нұсқау белгілерін, нөмір белгілерін таза және қалыпты жағдайда ұстау қажет.
153. Әкімшілік ғимараттарға немесе тұрғын үйлерге кіреберіс топтарын (сатыларды, алаңдарды, кіреберістің үстіндегі маңдайшаларды, қоршауларды, қабырғаларды, есіктерді) қысқы уақытта тиісті күтіп-ұстау қатқан мұзды жоюды, тайғанамау үшін шыға беріс жерлерде төсемдердің болуын, мұзға қарсы реагенттермен іргелес аумақты өңдеуді қамтиды.
154. Дүкендер мен офистердің витриналарын таза және қалыпты күйде күтіп- ұстау, қажет болғанда жеке элементтерін жөндеу және бояу қажет.
155. Жапсырлас салынған үй-жайлардың, тұрғын үйдегі тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері ғимараттарды күтіп-ұстауға үлестік қатысу қажет.
156. Ғимарат қасбеттерінің тиісті кұтіп-ұстауға жататын элементтерінің құрамына мыналар кіреді:
1) ойықтар, жертөле жайларына кіру және қоқыс камералары;
2) кіреберіс топтары (сатылар, алаңдар, сүйеніштер, кіреберістің үстіндегі маңдайшалар, қоршаулар, қабырғалар, есіктер);
3) ірге қабаты мен доғал;
4) қабырғалардың жазықтықтары;
5) қасбеттердің шығып тұратын элементтері (балкондар, лоджиялар, эркерлер, ернеулер);
6) желдету және түтін құбырларымен қоса, шатырлар, қоршау торлары, шатырға шығулар;
7) сәулет бөлшектері мен қаптама (ұстындар, жауырындық қабырғалар, розеткалар, капитель, маңдайша кенерелер, фриздер, белдіктер және басқалар);
8) белгілер мен шұғынақтарды қоса алғанда, суағар құбырлары;
9) балкондардың, лоджиялардың қоршаулары;
10) қалқанды және терезе қоршаулары, торлар;
11) терезелердің, балкондардың, белдіктердің, ірге қабаттың шығыңқы жерлерінің, маңдайша кенерелердің, ернеулердің металлмен әрленуі;
12) аспалы металл конструкциялар (тутұғырлар, анкерлер, өрт сатылары, желдеткіш жабдықтары);
13) панельдер мен блоктар арасындағы көлденең және тік жіктер (ірі панельді және ірі блокты ғимараттардың қасбеттері);
14) шынылар, рамалар, балкон есіктері;
15) ғимараттарға іргелес стационарлық қоршаулар.
157. Сәулет бөлшектері мен қаптаманың бекітілген жайына, ірге қабаттар мен қабырғалардың жағдайына, суағар құбырлары орналасқан, балкондардың маңындағы және нөсер, қар мен жаңбыр суларының әсерінен орын алған басқа жағдайдың, сондай-ақ металл конструкциясы (тутұғырлар, анкерлер, өрт сатылары) қабырғаларына бекітілген орнының маңына назар аударылу қажет.
158. Ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін күтіп-ұстау кезінде жол берілмейді:
1) ғимараттар мен құрылыстар қасбеттерінің қабырға беттерінің зақымдануына (ластануына), бояудың ағып кетуіне, қабыршақтануына, жарықшалардың, қатпарланған сылақтың, қаптаманың болуы, кірпіш қалауының зақымдануы, темірбетон конструкцияның қорғау қабаттарының түсуіне;
2) ғимараттар мен құрылыстардың сәулеттік және көркем мүсіндік бөлшектерінің, жауырындық қабырғаларының, фриздердің, тартымдардың, оймабедердің, жапсырма әшекейлердің, өрнектердің, мозаикалардың, көркем суреттердің зақымдануына (болмауына):
3) панельдер арасындағы түйістердің бұзылуына;
4) қасбеттердің, ғимараттар мен құрылыстардың зақымдануына (ластануына), сылақтарының, қаптамасының, цокольді бөліктің боялған қабатының, оның ішінде терезелердң, кіреберіс ойықтары конструкцияларының ақаулығына;
5) ғимараттар мен құрылыстар қасбеттерінің шығыңқы элементтерінің балкондардың, лоджиялардың, эркерлердің, тамбурлардың, ернеулердің зақымдануына (қабаттарының түсуіне, ластануына);
6) едендердің, балкондардың, лоджиялардың, эркерлердің, маңдайшалар мен гидрооқшаулағыштың ақаулығына;
7) балкондардың, лоджиялардың, парапеттердің қоршауларының бұзылуына (болмауына, ластануына);
8) қоршаудың цокольды бөліктері мен ұстындарының, қоршаулардың металл торларының, қоршаулардың бояу және сылақ қабаттарының, кірпіш қалауының, сәулеттік бөлшектерінің мен қоршаудың басқа элементтерінің зақымдануына (болмауына, ластануына), қоршаудың тігінен, ойықтардан ауытқуының, аралық құрылыстардың зақымдануының болуына;
9) суағар құбырлар немесе олардың элементтерінің, суағар шұғынағы, суағар құбырлары, белгілер, бекітпелердің зақымдануына (болмауына, ластануына);
10) шатыр, ғимараттың төбесіндегі қоршау торларының, желдету және түтін құбырларының, шатырдағы терезелердің зақымдануына (болмауына, ластануына);
11) сатылардың, үй қанаттарының, маңдайшалардың, кіре беріс есіктердің, терезе жақтауының, торлардың, металл әрлеулердің, ілінбе металл конструкциясының зақымдануына (болмауына, ластануына);
12) ғимараттардың қасбеттерінде, іргестас бөлігінде өсімдіктердің болуына;
13) көшелердің, үй нөмірлерінің, нұсқау белгілерінің болмауына немесе зақымдануына және басқалар.
159. Қасбеттердің шығыңқы конструкцияларының қирауы ықтимал қауіпін болдырмау үшін алдын алу іс-шаралар (қоршауларды, торларды орнату, элементтің бұзылып жатқан бөлігін қайта бөлшектеу) кідіріссіз орындау қажет.
160. Қасбеттердің апатты жай-күйін жөндеу осы жағдайды анықтаған бойы кідіріссіз орындау қажет.
161. Тұрғын үй, әкімшілік, өндірістік және қоғамдық ғимараттарды тәуліктің қараңғы уақытында жарықтандырумен бірге, көшелердің (тұйық көшелердің, алаңдардың) көше сілтегіштерімен, үйлердің нөмір белгілерімен, ал тұрғын үйлерді кіре берістер мен пәтерлердің нұсқау белгілерімен жабдықтау қажет.
162. Көшелердің (тұйық көшелердің, алаңдардың) нұсқау белгілерін, нөмір белгілері мен жалау саптарын таза және тиісті жағдайда күтіп-ұстау қажет.
163. Тәуліктің қараңғы уақытында қасбеттерді, кіреберістерді, баспалдақ алаңындағы әрбір алаңды (табиғи жарық түспейтін сатыларды тәулік бойы жарықпен қамтамамсыз ету), құрылыс салу және көшелердің нұсқау белгілерін, үйлердің, кіре берістерді, пәтерлердің нөмір белгілерін, сондай-ақ, өрт гидранттарының нұсқау белгілерін сыртқы жарықпен қамтамасыз ету қажет.
164. Үй шамдары мен кіре берістегі шырақтардың, әкімшілік-аумақтық бірлікті сыртқы жарықтандыру қараңғы түскен бойда қосылуын және таң атқанда өшірілуін қамтамасыз ету қажет.
11. Жер жұмыстарын жүргізу тәртібі, инженерлiк ғимараттар мен
коммуникацияларды күтiп-ұстау
165. Шаруашылығында инженерлiк коммуникациялары бар заңды және жеке тұлғалар инженерлік тораптардың және нысандардың санитарлық-эстетикалық жағдайын қалыпты ұстайды, оларды уақтылы жөндеп, бұзылған жабындар мен элементтерді қалпына келтіреді. 166. Шаруашылығында инженерлiк коммуникациялары бар заңды және жеке тұлғалар олардың техникалық жағдайын қадағалап отыруы керек, қаланың және елді мекеннің абаттандыруын бұзуға жол бермеуі қажет, атап айтқанда:
1) аумақты су басуына және мұздың пайда болуына жол бермеу, бөлінген және қорғалатын аймақтардың санитариялық тазалығын бақылау, люктердiң қақпақтары, құдықтар мен камералардың жабындыларының бүтіндігін, нөсерлiк кәрiздердiң торлары қатты төсеммен бiр деңгейде болуын және олардың тиісті дәрежеде ұсталуын бақылау;
2) монтаждау ережелерін сақтамау салдарынан, сондай-ақ топырақпен кері жабу және пайдалану барысында бұзылуы мүмкін болатын жер асты тораптарының үстіндегі қатты, топырақты жабынын қадағалау, жер үсті инженерлік коммуникациялардың, құрылымдардың және құрылыстардың тораптарын уақтылы жөндеу, тазалау және сырлау.
167. Жол төсемдерін, жаусоқпақтарды, көгалдарды абаттандыру элементтерін және инженерлік құрылыстарды бұзу арқылы инженерлік коммуникацияларды салу, жөндеу және қайта құралымдау жұмыстарын жүргізіп жатқан барлық жеке және заңды тұлғаларда уәкілетті органмен берілген жазбаша рұқсат (ордер) болу қажет.
168. Ордерге бұзылған жабындарды қалпына келтіру мерзімі және шарттары туралы талаптар енгізіледі. Жол төсемдерін, тротуарларды, көгалдарды, абаттандыру элементтерін және инженерлік құрылыстарды бұзу арқылы жүргізілетін инженерлік коммуникацияларды салу, жөндеу және қайта құралымдау жұмыстарын орындауға байланысты жауапкершілік нысанының меншік иелеріне және (немесе) пайдаланушыларына жүктеледі.
169. Қалпына келтіру жұмыстары аяқталған соң, орындалған жұмыстардың сапасыздығы салдарынан қалпына келтірілген учаске екі жыл ішінде бұзылса немесе отырса жеке немесе заңды тұлға (жұмысқа тапсырыс беруші) бұзылған жабындарды қайта қалпына келтіру қажет.
170. Егер қазу кезінде жобалауда белгіленбеген жер асты коммуникациялары табылса, онда жұмыс жүргізуші ол туралы уәкілетті органға және сол коммуникацияларды иеленуші ұйымға хабарлайды.
171. Қалалар мен елді мекен аумағынан жер үсті және жер асты суларын бұруға арналған арналарды, құбырларды және дренаждарды профилактикалық тексеру, тазалау, нөсерлі кәріз, жаңбыр қабылдағыш құдықтардың коллекторларын тазалау жұмыстарын оларды пайдаланушы ұйым, аула аумақтарында – кондоминимум нысандарын басқарушы орган, жеке учаскелер мен кәсіпорын аумақтарында – аумақ иелері жасайды.
12. Апатты жұмыстарды жүргiзу
172. Апат туындаған жағдайда, инженерлiк коммуникациялар мен құрылыстардың иесi және (немесе) пайдаланушы ұйым апатты және оның салдарын жоюдың жедел шараларын жасауы тиіс. Бұл жағдайда адамдар мен көлiк қозғалысының қауiпсiздiгi, сондай-ақ, жақын орналасқан жер асты және жер үстi ғимараттарының, инфрақұрылым нысандарын, жасыл желектердiң сақталуы қамтамасыз етiлуi тиiс.173. Апаттық бригаданы апат орнына жiберумен қатар пайдаланушы ұйым бір мезетте апаттың сипаты мен орны жайында, осы апат ауданында жер асты және жер үстi құрылғылары бар ұйымдарға, уәкілетті органға және ішкі істер органына, сондай-ақ басқа да мүдделi қызметтерге хабарлайды.
174. Апат аймағында жер асты немесе жер үстi коммуникациялары бар заңды және жеке тұлғалар апат туралы хабарды алғаннан кейiн, апат орнына атқарушы сызбаларымен бiрге өкiлдерiн жiбереді, олар осы жердегi орналасқан мекемеге қарасты құрылыстар мен инженерлік коммуникацияларды көрсету қажет.
175. Апат орнына жақын маңда материалдарын немесе басқа бағалы заттарын жинақтаған заңды және жеке тұлғалар апат жұмыстарын жүргізуші қызметкерлердің талабы бойынша учаскенi босатады.
176. Апат жұмыстары жүргiзiлетiн орын қалқандармен немесе белгiленген үлгiдегi апаттық жарық құрылғысы және үлкен қызыл түстi шамдары бар қорғандармен қоршалады. Көшенiң (магистральдың) жол жағына ішкі істер органының келiсiмiмен қажеттi жол белгiлерi қойылады. Апатты жою жұмыстарын жүргізуге жауапты тұлғалар апаттық жарықтандыру жұмыстарын, қоршаудың (қорғанның), жол белгiлерiнiң болуын жұмыстар толық аяқталғанға дейiн қадағалайды.
177. Апат салдарларын жою және аумақты абаттандыруды қалпына келтіруге арналған жер қазу жұмыстарын жүргізу үшін апат туындаған күннен бастап бір тәулік ішінде рұқсат ресімделуі қажет. Қазу жұмыстарын жүргізу үшін рұқсат уақтылы ресімделмеген жағдайда, кез-келген жер қазу жұмыстары заңсыз болып саналады.
178. Апаттық жұмыстар аяқталғаннан кейін инженерлік тораптарды пайдаланушы ұйымдар бұзылған жол жабынын және өзге де абаттандыру элементтерін тез арада қалпына келтіреді.
179. Жоспарлы жұмыстарды апаттық жұмыстар ретінде жүргізуге жол берілмейді.