Текелі қаласының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2013 жылғы 26 қарашадағы N 23-142 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментімен 2013 жылы 13 желтоқсанда 2522 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы N 36-230 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 19.12.2014 N 36-230 шешімімен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15)-тармақшасына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Текелі қаласының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының "Әлеуметтік мәселелер бойынша" тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
      3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       В. Стрельцов

      Текелі қалалық
      мәслихатының хатшысы                       Н. Калиновский

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Текелі қаласының экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      басшысы                                    Мырзахметова Файзагүл Сванқызы
      26 қараша 2013 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады