Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер селолық округі әкімінің 05.06.2013 № 79 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Еңбекшіқазақ ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2013 жылғы 22 ақпандағы N 1-19-27 ұсынысы негізінде, Қаракемер селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қаракемер селолық округінің Талдыбұлақ ауылында ұсақ малдар арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қаракемер селолық округі әкімінің орынбасары Айтуов Есім Қадырмаұлына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаракемер селолық
округ әкімі А. Байтулақов
КЕЛІСІЛДІ:
"Ауыл шаруашылық Министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық
инспекциясының" бас мемелекеттік
ветеринариялық-санитариялық
инспекторы Сайлаубек Қабылбекұлы Темешев
11 сәуір 2013 жыл
"Еңбекшіқазақ ауданы бойынша
мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы "мемлекеттік
мекемесінің бастығы Әмірхан Базарханұлы Смагулов
11 сәуір 2013 жыл