Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Іле аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі N 3-676 қаулысы. Алматы облысының әділет департаментімен 2013 жылы 15 мамырда N 2355 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 шілдедегі № 286 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 21.07.2016 № 286 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі
      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Еңбек нарығындағы жағдайды және бюджет қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі келесідей белгіленсін:
      екі және одан да көп ай жұмыс істемейтін адамдар;
      бұрын жұмыс істемеген адамдар;
      отбасында бірде-бір жұмыс істейтін мүшесі жоқ тұлғалар;
      техникалық және кәсіптік оқу орындарын бітірушілер;
      елу жастан үлкен тұлғалар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Абдулдаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады