Іле ауданының әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 шілдедегі № 286 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәурдегі "Құқықтық актілер туралы" және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы "Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы" № 964 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Осы қаулының қосымшасына сәйкес Іле ауданының әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      Аудан әкімі К. Медеуов

  Іле ауданының әкімдігінің 2016 жылғы "21" шілде № 286 қаулысына қосымшасы

      1) 2012 жылғы 7 желтоқсандағы "Іле ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмілетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 11-1219 (нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 2254 тіркелген және 2013 жылғы 18 наурыздағы "Іле таңы" газетінің № 4 жарияланған);
      2) 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" № 3-676 (нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылғы 15 мамырда № 2355 тіркелген және 2013 жылғы 29 мамырда "Іле таңы" газетінің № 22 жарияланған);
      3) 2013 жылғы 5 тамызда "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 7-1318 (нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылғы 29 тамыздағы № 2425 тіркелген және 2013 жылғы 27 қырқүйекте "Іле таңы" газетінің № 39 жарияланған);
      4) 2014 жылғы 12 мамырдығы "Іле ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы "Іле ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмілетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 11-1219 қаулысына өзгерістер еңгізу туралы" №5-410 (нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 30 мамырдағы № 2739 тіркелген және 2014 жылғы 13 маусымдағы "Іле таңы" газетінің № 25 жарияланған);
      5) 2014 жылғы 20 маусымдағы "Іле ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 6-676 (нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 11 шілдеде № 2770 тіркелген және 2014 жылғы 25 шілдеде "Іле таңы" газетінің № 31 жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады