Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Іле аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 05 тамыздағы N 7-1318 қаулысы. Алматы облысының әділет департаментімен 2013 жылы 29 тамызда N 2425 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 шілдедегі № 286 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 21.07.2016 № 286 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5-2) тармақшаларына сәйкес, Алматы облысы Іле ауданының әкiмдiгi
      ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы Алматы облысы Іле ауданының аумағындағы жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде белгіленсін.
      2. Іле ауданы әкiмдiгiнiң 2007 жылғы 18 сәуірдегі "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы" N 4-2128 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылдың 16 мамырда 2-10-49 нөмірімен енгізілген, 2007 жылдың 28 мамырда "Іле таңы" газетінің 38 нөмірінде жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы Іле ауданы әкімінің орынбасары Тұрымбетов Ерболат Сапарұлына жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Абдулдаев
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Іле ауданының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы Құматаев Нурлан Орынбасарұлы
      Іле ауданының жұмыспен қамту
      орталығы" мемлекеттік
      мекемесінің директоры Жакашев Еркін Абылханұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады