Қарасай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы "Қарасай ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" N 12-1362 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қарасай аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 15 мамырдағы N 5-603 қаулысы. Алматы облысының әділет департаментімен 2013 жылы 10 маусымда N 2368 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № 9-1298 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 05.09.2016 № 9-1298 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарасай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы "Қарасай ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" N 12-1362 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 2012 жылы 13 қаңтарында N 2-11-111 болып тіркелген, аудандық "Заман жаршысы" газетінде 2012 жылдың 11 ақпанында N 7 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулының атауы келесі редакцияда баяндалсын:
      "Қарасай ауданы бойынша қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы".
      аталған қаулының 1-тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
      "1. Меншік түріне қарамастан Қарасай ауданының ұйымдары мен мекемелерінде қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде квота белгіленсін".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бархинова Ұлтусын Амангельдіқызына жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Дәуренбаев
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қарасай ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      басшысы Жұмағұлов Махмудбек Нүсіпбекұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады