Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 2013 жылы әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 19 тамыздағы N 20-2 шешімі. Алматы облысының әділет департаментімен 2013 жылы 06 қыркүйекте N 2448 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі N 28-11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 11.04.2014 N 28-11 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 5-тармағына сәйкес, Көксу ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 2013 жылдың бюджет қаражаты есебінен бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек берілсін.
      2. Көксу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 шілдедегі "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 2012 жылы әлеуметтік көмек беру туралы" N 5-6 (Алматы облыстық Әділет департаментінде 2012 жылдың 16 тамыздағы 2-14-134 нөмірімен нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2012 жылғы 24 тамыздағы Көксу аудандық "Нұрлы Көксу" газетінің 34(143) нөмірінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың ауданның білім, мәдениет, денсаулық сақтау, жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан мәслихатының хатшысы,
      сессиясының төрағасы                       Ә.Досымбеков

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Көксу ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекеменің
      басшысы                                    Айгүл Нұртайқызы Шаяхметова
      19 тамыз 2013 жыл

      "Көксу ауданының қаржы
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы                        Серік Сапарұлы Нұрмұхамбетов
      19 тамыз 2013 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады