Панфилов ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 05 желтоқсандағы N 5-24-165 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментімен 2013 жылы 23 желтоқсанда N 2532 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2015 жылғы 15 мамырдағы № 5-48-332 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 15.05.2015 № 5-48-332 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 422-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, сәйкес, Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қызметін Панфилов ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бекітілген базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Панфилов аудандық мәслихатының 2011 жылғы 08 желтоқсандағы "Панфилов ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын 2012-2013 жылдарға белгілеу туралы" N 4-54-337 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылғы 14 желтоқсандағы N 2-16-144 нөмірімен тіркелген, "Жаркент өңірі" газетінің 2012 жылғы 01 қаңтардағы 1 нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының "Бюджет және экономика, аграрлық, кәсіпкерлік, өндіріс, жол, құрылыс мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

Сессия төрағасы

Ж. Ақшалов

Мәслихат хатшысы

Т. Оспанов

КЕЛІСІЛДІ:



"Панфилов ауданы бойынша



салық басқармасы" мемлекеттік



мекемесінің басшысы

Бекмұхамбет Оразтай Нұратайұлы

05 желтоқсан 2013 жыл



"Панфилов ауданының кәсіпкерлік



бөлімі" мемлекеттік мекемесінің



басшысы

Сейсенбеков Мұрат Бекасылұлы

      05 желтоқсан 2013 жыл
 


Панфилов аудандық мәслихатының
2013 жылғы 5 желтоқсандағы
"Панфилов ауданы бойынша
бірыңғай тіркелген салық
ставкаларын белгілеу туралы"
N 5-24-165 шешіміне қосымша

Панфилов ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкалары

Рет N
 

Салық салу объектісінің атауы
 

Панфилов ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)
 

1
 

2
 

3
 

1.
 

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
 

5
 

2.
 

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
 

6
 

3.
 

Ойын өткізу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер
 

2
 

4.
 

Ойын жолы
 

45
 

5.
 

Карт
 

8
 

6.
 

Бильярд үстелі
 

8
 

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады