Ескерту. Күші жойылды – Жамбыл облыстық мәслихатының 27.06.2017 № 12-16 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк 10 күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-2 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 21 бабының 4) тармақшасына сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жамбыл облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыстық Мәслихаттың өнеркәсіп салаларын, құрылысты, энергетиканы, көлікті, байланыс пен кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Облыстық Мәслихаттың | Облыстық Мәслихаттың |
сессия төрағасы | хатшысы |
Е. Досымбаев | Б. Қарашолақов |
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрінің бірінші
орынбасары – Қазақстан Республикасының
Өңірлік даму министрі
Б.Ә. Сағынтаев
3 қыркүйек 2013 жыл
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
комитетінің Жамбыл облысы
бойынша департаменті" мемлекеттік
мекемесі басшысының міндетін атқарушы
Б.С. Шиналиев
6 қыркүйек 2013 жыл
Бесінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 27 маусымдағы № 14-14 шешімімен бекітілген |
Жамбыл облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Жамбыл облысының қалалар мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) абаттандыру саласында бiрыңғай және орындалуы мiндеттi нормалар мен талаптарды белгiлейдi, Жамбыл облысының аумағындағы жер учаскелерінің, ғимараттардың, құрылыстардың иелерi және (немесе) пайдаланушылары болып табылатын жеке және заңды тұлғалар үшiн қалалар мен елді мекендер аумақтарын тазалау және күтiп ұстау тәртiбiн анықтайды.
2. Қағидалар Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерi, облыс аумағын көріктендіру, санитарлық тазалау және күтiп ұстау жағдайына талаптарды анықтайтын Қазақстан Республикасының техникалық регламенттері, құрылыстық және санитарлық ережелерi мен нормалары негiзiнде әзiрленген.
3. Аумақтарды көріктендіру және санитарлық күтiп ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру тиісті елді мекендер әкiмдерiне, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары мәселелерiн қарастыратын қалалар мен аудандардың мемлекеттiк мекемелерiне, кондоминиум объектiсiн басқару мақсатында құрылған көп пәтерлi тұрғын үйлердегi үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң коммерциялық емес бiрлестiктерi, қалалардың өзiн-өзi басқару органдарына, ғимараттар, құрылыстар, жер телімi иелерiне және (немесе) жер пайдаланушыларға жүктеледi.
2. Осы Қағидаларда қолданылатын негiзгi ұғымдар мен түсiнiктер
4. Алаңның жаяужол бөлiгi – жаяу жүргiншiлер қозғалысына арналған алаң кеңiстiгi және учаскелер, алаңның барлық аумағы (өкiлдiк және мемориалдық) немесе оның бөлiгi (объект маңындағы) арқылы көрсетiлуi мүмкiн.
5. Аумақты санитарлық тазалау – қатты тұрмыстық қалдықтарды және iрi көлемдi қоқыстарды жинау, шығару және қайта өңдеу (зиянсыздардыру).
6. Бекiтiлген аумақ – аумаққа бекітілген субъектілердің келісімі бойынша, санитарлық күтіп ұстау жұмыстарын ұйымдастыру барысында қала немесе аудан әкімінің берген көріктендіру паспортында көрсетілген санитарлық тазалау мен жинауға қатысты жер учаскелері (аумақтарды көріктендіру паспортының үлгісі осы Қағидаларға қоса ұсынылады).
1) аумаққа бекiтiлген нысандар болып табылатындар: тағайындалған телім шекарасынан көше жағындағы аумақ, өтпе жол шетiмен шектелген, iшкi кварталдық аумақтың учаскелерi, аула iшiлік аумақ - шағын сәулет түрлерiн, балаларға арналған, кiр жаятын, қоқыс жәшiктерi орналасқан алаңшаларды, автокөлiк тұрақтарын, декоративтiк құрылыстарды, үйге кiреберiс жолдарды, аулаға кiреберiс жолдарды орнату үшiн пайдаланылатын жерлер (бiр аулада бiрнеше жер пайдаланушылар болса, онда бекiтiлген аумақ шекаралары пайдаланылатын аумақ шекараларына сәйкес немесе тараптардың келiсiмi бойынша белгiленедi), сақтау мен жинақтауға уақытша пайдаланылатын аумақ, бөлiнген және iргелес аумақ, инженерлiк желiлердiң қорғалатын аймақтарының аумағы;
2) аумақтарды бекіту субъектілері жеке, сонымен қатар заңды тұлғалар болып табылады: кондоминиум объектiсiн басқару мақсатында құрылған көп пәтерлi тұрғын үйлердегi үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң коммерциялық емес ұйымдары, ғимараттар мен құрылыстардың иелерi және (немесе) пайдаланушылары; жер учаскелерiнiң иелерi және (немесе) пайдаланушылары.
7. Көріктендіру паспорты – аумақтар бекітілген субъектілерге (бекітілген субъектінің келісімі бойынша) жеке және заңды тұлғаның атауы, заңды мекенжайы мен орналасқан мекенжайы, басшының телефоны, тегі, аты, әкесінің аты, салық төлеушінің есеп нөмірі, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға арналған келісім шарттың болуы, қатты жабындылар, гүлзарлар аумағы, тағайындалған және бекітілген аумақтағы ағаштар, қылқанжапырақтылар саны, шағын сәулелер пішінінің болуы, аула тазалаушылар (адам саны) немесе аумақты тазалауға арналған келісім шарттың болуы көрсетілген қалалар мен аудан әкімдіктерінің беретін құжаты. Егер паспортта көрсетілген мәліметтер өзгертілсе, заңды тұлғаның (жеке тұлға) басшысы қала немесе аудан әкімі аппаратын хабардар етеді де көріктендірудің жаңартылған паспортын алады.
8. Бөлiнген аумақ – Қазақстан Республикасының жер заңнамасының тәртібімен белгiленген жеке және заңды тұлғаларға ұсынылған аумағының бөлiгi.
9. Ғимараттың қасбетi – ғимараттың немесе құрылыстың сыртқы жағы.
10. Демалатын аумақтар – халықтың демалу орындарын ұйымдастыруға және жайластыруға арналған, саябақтар және гүлзарлар, су қоймалары, жағажайлар, ландшафт сәулет объектiлерi, сондай-ақ уақыт өткiзетiн және сауықтыру мақсатындағы басқа да орындарды қамтитын ортақ пайдалану орындары.
11. Жасыл көшеттер – жасанды және де табиғи текті ағаш, ағаш-бұта, бұта және шөп өсiмдiктерi.
12. Жаяужол аймақтар - серуен және мәдени–тұрмыстық, транзиттiк қозғалыс мақсатында халықтың қозғалысы жүзеге асырылатын және белгiлi - бiр сипаттамалары: жылдам көшеден тыс және жер үстi қоғамдық көлiк аялдамаларының болуы, қызмет көрсету, тарих және мәдениет ескерткiштерi, демалыс объектiлерiнiң көп шоғырлануы және жаяу жүргiншiлер ағынының жоғары жиынтық жиiлiгi бар аумағының учаскелерi. Жаяу жүретін аймақтар жаяу жүретін көшелерде, аудан алаңдарының жаяу жүретін бөлiктерiнде құрылуы мүмкін.
13. Жер учаскесiнiң иесi және (немесе) пайдаланушысы - облыс шегiнде жер учаскесiн пайдаланатын жеке және (немесе) заңды тұлға.
14. Жолдарды күтiп ұстау - жолдың, жол құрылыстарының, жолға бөлiнген белдеулердiң, жолды жайластыру элементтерiнiң көлiктiк-пайдалану жағдайын қолдау нәтижесiнде қозғалыс қауiпсiздiгi және ұйымдастыру жөнiндегi жұмыстардың кешенi.
15. Көгал – шөптер, гүлдер, ағаштар мен бұталарды көшеттеудi қамтитын көрiктендiрудiң жасанды құрылған элементi.
16. Абаттандыру – жер үстiн жабу құралдарын, декоративтiк көгалдандыру және суландыру, күрделi емес құрылыстар, шағын сәулет түрлерi, сыртқы жарықтандыру, көрнекi ақпарат, жарнама және басқа да құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асырылатын қалалар мен елді мекендердің қауiпсiздiгiн, ыңғайлылығын мен көркем мәнерлiлiгiн қамтамасыз етуге бағытталған заңды және жеке тұлғалардың бөлiнген және (немесе) бекітілген аумақтағы қызметi. Осы қызмет аумақты жинастыруды, көріктендіру нысандары мен элементтерiн пайдалану, санитарлық ұстау, жөндеу және қорғауды ұйымдастыруды көздейдi.
17. Көшелердің санаты - көшелер мен өтпе жолдарды көлiк қозғалысының қарқындылығына және олардың пайдаланылуы мен күтiп ұсталуына қойылатын ерекшелiктерге байланысты жiктеу.
18. Қатты тұрмыстық қалдықтар – қатты нысандағы коммуналдық қалдықтар.
Коммуналдық қалдықтар - елдi мекендерде, оның iшiнде адамның тiршiлiк әрекетi нәтижесiнде түзілген тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен түзілу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндiрiс қалдықтары.
19. Қатты тұрмыстық қалдықтар мен iрi көлемдi қоқыстарды қайта өңдеу (зиянсыздандыру) – адамның денсаулығы және қоршаған ортаға зиянды әсердi болдырмау мақсатында арнайы құрылыстарда түрлi технологиялық әдiстер арқылы қатты тұрмыстық қалдықтар мен iрi көлемдi қоқыстарды өңдеу.
20. Өтпе жол - тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсiпорындарға және басқа да кент iшiндегi құрылыс объектiлерiне көлiк құралдарының өтуiн қамтамасыз ететiн жол элементi.
21. Пайдаланушы – меншiк иесi өзiнiң мүлкiн жалдау, жалға алу, шаруашылық жүргiзу, жедел басқару және (немесе) заңнамамен немесе шартпен қарастырылған басқа да негiздерде тапсырған тұлға.
22. Рұқсат етiлмеген қоқыс үйiндiсi - өндiрiс және тұтыну қалдықтарының оларды өздiгiнен (рұқсат етiлмей) тастау (орналастыру) немесе қаттау нәтижесiндегі қалдықтардың жиналуы.
23. Сұйық қалдықтар – сарқынды сулардан басқа сұйық түрдегі кез - келген қалдықтар.
24. Сыртқы жарнама және ақпарат құралдары – сыртқы жарнама мен ақпаратты тасымалдауға арналған құрылымдар, құрылыстар, техникалық құралдар, көркем элементтер мен тасымалдағыштар.
25. Сыртқы (көрнекi) жарнама - жылжымалы және жылжымайтын объектiлерде орналастырылған, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлiнген белдеулерiндегi және елдi мекендердегi үй-жайлардың шегiнен тыс ашық кеңiстiкте орналастырылған жарнама.
26. Сыртқы көріктендіру объектiлерi – кешендi көріктендіру қызметi жүзеге асырылатын кез келген аумақ: алаңшалар, аулалар, функционалдық-жоспарлық құрылымдар, қалалар мен аудандардың аумақтары аумақтары, сондай-ақ бiрыңғай қала құрылысын регламенттеу (қорғалатын аймақтар) немесе көрнекi-кеңiстiктiк қабылдау (құрылысы бар алаң, iргелес аумағы және құрылысы бар көше) принципi бойынша бөлiнетiн аумақтар.
27. Жаяусоқпақ – жолдың жүру бөлiгiне жанасатын немесе одан көгал немесе арық жүйесiмен бөлiнген, жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына арналған жол элементi.
28. Шағын сәулет нысандары – декоративтiк сипаттағы және пайдалануға жарамды сипаттағы объектiлер: мүсiндер, фонтандар, оймабедерлер, гүлдерге арналған құмыралар, павильондар, шатырлар, орындықтар, жәшiктер, балалардың ойнауына және ересек адамдардың демалуына арналған жабдықтар мен құрылымдар. Шағын сәулет түрлеріне сонымен қоса: қоғамдық кеңiстiктер, демалыс орындары және аулалар аумағында орналасқан демалуға арналған орындықтардың жазғы кафе, үстел ойындарына арналған алаңшаларындағы – орындықтар мен үстелдердiң әр түрi жатады.
29. Iргелес аумақ – көрiктендiру паспорттарына сәйкес бекiтiлген жеке және заңды тұлғалардың меншiгiндегі және (немесе) пайдалануындағы сауда, жарнама және басқа объектiлерге, ғимарат, құрылыс, құрылыс алаңының қоршауы периметрiне және (немесе) жер учаскесiнiң шекарасына тiкелей жанасатын жалпы пайдаланудағы аумақ.
30. Iрi көлемдi қоқыстар - өзiнiң тұтыну қасиеттерiн жоғалтқан, өздерiнiң көлемi бойынша арнаулы қоқыс жинайтын машиналармен тасымалдауға келмейтiн қолданыстың және шаруашылық қызметiнiң қалдықтары.
31. Әлеуметтік жарнама – бұл қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғауға, жұртшылық мәселелеріне (салауатты өмір салты, денсаулық сақтау бойынша шаралар, тұрғындардың қауіпсіздігі, әлеуметтік қорғау, құқықбұзушылықтың алдын алу, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, мәдениет және өнерді дамыту, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт саласындағы мемлекеттік бағдарламалар немесе өзге де әлеуметтік сипаттағы оқиғалар (ісшаралар) жарнамасы) жеке және заңды тұлғалардың назарын аударуға бағытталған коммерциялық емес жарнаманың түрі.
32. Тұрақты сыртқы жарнама және ақпарат құралдары – бұл тұрақты орны бар (билбордтар, пилондар, стелалар, жарық диодты экрандар және өзге де жарнама объектілері) жарнамалық және ақпараттық хабарламаларды жеткізуші.
33. Сыртқы жарнаманың және ақпараттың асқын габаритті тұрақты құралдары – бұл ақпараттық алаңның 3 шаршы метр көлемдегі жарнамалық және ақпараттық хабарламаларды жеткізуші.
34. Уақытша сыртқы жарнама және ақпарат құралдары (штендерлер, көрсеткіштер) – бұл орналастыру уақыты бойынша шектеу шарттарымен қала аумағындағы анықталған учаскелерде орналастырылған жарнамалық және ақпараттық хабарламаларды жеткізуші.
35. Көлемді - кеңістікті құрылымдар – ақпаратты орналастыру үшін құрылымның көлемімен қатар оның беті де пайдаланылатын жарнама объектісі.
36. Билборд – іргетастан, тіректен және ақпараттық алаңнан тұратын ақпаратты орналастыру үшін ішкі беті бар жеке тұрған құрылым.
37. Жарнама стеласы – декоротивтік қырлы қабырғалары бар жеке тұрған жарнама қондырғысы (әдетте қысаң және биік), жапсырма элементтері, шығыңқы жерлері болуы мүмкін.
38. Пилон – іргетас, тірек және ақпараттық алаңнан (жарық қорабы) тұратын, декоротивтік қырлы қабырғаларымен ішкі жарығы бар жеке тұрған жарнама қондырғысы.
39. Пилларс – ішкі жарығымен жарнамалық бейнелерімен екі немесе үш тумба (үш қырлы тумба, домалақ тумба) көрінісіндегі жеке тұрған құрылым.
40. Призматрон – бұл көрнекі беті үш қырлы айналмалы призмадан тұратын, бір уақытта үш жарнамалық бейнені орналастыруға мүмкіндік беретін жарнама жеткізуші. Призматрондар билбордтарға, ғимараттарға және өзге де тұрақты объектілерге орнатылады.
41. Скроллер (роллерлі дисплей) – бұл роллерлі механизмнің көмегімен бейнелер рет-ретімен ауысып отыратын ішкі жарығы бар динамикалық жарнама жеткізуші. Скроллерлер билбордтарға, ғимараттарға және өзге де тұрақты объектілерге орнатылады.
42. Лайтбокс – кестелік және мәтіндік жарнамалық ақпараты бар, жарық тіректерінде, бағандарда, ғимарат қабырғаларында, павильондарда және өзге де объектілерде орналасқан жарық қорабы. Орналасуына байланысты бір немесе екі жақты болулары мүмкін.
43. Шатырлық қондырғылар – ғимараттың деңгейінен жоғары немесе шатырда жартылай немесе толық орналастырылған көлемді немесе жазықтық, жарық құрылымдары. Шатырлық құрылымдар бекіту элементтерінен, қондырғының тірек құрылымынан және ақпараттық қондырғыдан тұрады.
44. Транспарант - тартпа - өз тірегімен өз тірегіне бекіту құрылғысынан, керу құрылғысы мен ақпараттық бейнелерден тұратын жеке тұрған құрылым.
45. Брандмауэр – бұл қабырғаға түсірілген бейне (ақпараттық алаң) ретінде ғимараттардың және тұрғын үйлердің бітеу қабырғаларына орналастырылған ақпараттық панно; бекіту элементтерінен және ақпараттық алаңнан тұратын құрылым.
46. Штендер – бір немесе екі жағында жарнамалық ақпарат орналастырылған сыртқы жарнаманың (көшірмелі қалқан) мобильді (тасымалы) құрылымы.
47. Ту құрылымдары мен қалқалар – бір немесе бірнеше тутұғыр (тірек) және жұмсақ ендік негізінде құралған сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері мен құралдары.
48. Көрме мен терезелерді рәсімдеу – сөре, терезелердің мөлдір беттерін рәсімдеу; ғимарат пен имараттардың сөре және терезелерінің шыныланған аралықтарына орналастырылатын көлемді және жазықтықты объектілермен рәсімдеу (сөре ішінде - жарықтандыру, жарық элементтері, манекендер, өнімдер, тауарлар, сәндік және мерекелік рәсімдеу; шыныда үлдір түрінде);
49. Хабарландыру – бұл оқырманның, тыңдаушының назарын аудару мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында (газет, журнал, радио, телеарна, хабарландыру тақтасы) орналастырылған немесе жариялаған қандай да бір нәрсе туралы хабарлау, хабарлама (оның ішінде қағаз нұсқада).
50. Трельяждар және шпалерлер – шырмауық және тірек қажет ететін өсімдіктермен көгалдандыруға арналған тор түріндегі жеңіл ағаш немесе металл құрылым, тыныш демалыс бұрышын ұйымдастыру, күннен қорғану, алаңшаларды, техникалық қондырғыларды және құрылыстарды қоршау үшін пайдаланылады;
51. Перголдар – күрке, галерея немесе бастырма түріндегі ағаштан немесе металдан жасалған жеңіл тор тесікті құрылым, "жасыл тоннель" ретінде қолданылады, алаңшалар мен сәулет объектілері арасындағы өткел;
52. Гүл бақшалар, вазондар – гүл өсімдіктері отырғызылатын өсімдік топырағы бар кішігірім сыйымдылық.
3. Жалпы талаптар
53. Заңды және жеке тұлғалар мен барлық меншiк түрiндегi кәсіпорындар бөлiнген және белгiленген аумақ шегiнде сәулет, санитарлық, экологиялық талаптарға сәйкес өз қаражаттары есебiнен тазарту, қажеттi жайластыру, сондай-ақ көріктендіру объектiлерi мен элементтерiн күту, күтiп ұстау және жөндеу жұмыстарын жүргiзедi.
54. Коммуникацияның барлық түрлерiне қызмет көрсететiн шаруашылық субъектiлер тиісті коммуникацияларды күтiп ұстауы және уақтылы жөндеуді жүргізуі, жөндеуден кейiн бүлiнген жабындар мен элементтердi қалпына келтiруі қажет.
55. Заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы жер заңнамаларының нормаларын сақтаған жағдайда, инженерлiк коммуникацияларды төсеу, жөндеу және қайта жаңаруға байланысты жұмыстарды жол жабындарын, жаяусоқпақ, көгалдар және басқа да объектiлер, көріктендірудің элементтерi мен инженерлiк құрылыстарды бүлдiру жолымен тек тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары саласындағы уәкілетті орган берген жазбаша рұқсаты (ордерi) болған кезде ғана жүргiзе алады. Ордерге бүлінген жабындыларды қалпына келтіру және көріктендіру мерзімдері мен шарттары туралы талаптар қосылады. Жол жабындыларын, жаяусоқпақды, көгал алаңдарды, көріктендіру элементтері мен инженерлік құрылыстарды бүлдіру жолымен инженерлік коммуникацияларды төсеу, жөндеу және қайта жаңғыртуға байланысты жұмыстардың орындалуына жұмысқа тапсырыс беруші жауапты.
56. Жеке және заңды тұлғаларға (жұмысқа тапсырыс беруші) рұқсат (ордер) алу үшін келесі құжаттарды тапсыруы қажет:
1) Қағидаларының 2 қосымшасына сәйкес өтініш;
2) Қағидаларының 3 қосымшасына сәйкес екі данадағы жер жұмыстарының өндірісіне арналған ордерді берудің келісім шарт бланкілері;
3) Қағидаларының 4 қосымшасына сәйкес ордер бланкісі;
4) инженерлік коммуникациядағы ойым нүктесімен техникалық шарттардың көшірмесі;
5) мердігерлік жұмыстарға (мердігерлер тартылған жағдайда), сонымен қатар осы жұмыс түріне лицензиясы бар ұйымның егер асфальт бетон жабындысын бұзуы жоспарланса оны қалпына келтіруге арналған келісім шарт көшірмесі;
6) жол жабындарын, жаяусоқпақларды, газондарды, көріктендіру элементтері мен инженерлік қондырғыларды бұзу арқылы мердігер ретінде тартылған ұйымның инженерлік коммуникацияларды төсеуге, жөндеуге және қайта жаңартуға байланысты жүргізетін жұмыстарына арналған лицензиясының көшірмесі;
7) заңды тұлғалар (тапсырыс беруші) үшін қосымша құрылтай құжаттарының көшірмелері ұсынылады;
8) жеке тұлғалар (тапсырыс беруші) үшін жеке сәйкестендіру нөмірімен жеке куәлік көшірмесін, мекенжай туралы анықтама қосымша тапсырады.
57. Жер қазу жұмыстарын (құрылыс, жөндеу) жүргізуге рұқсат (ордер) беруге жазылған өтініштердің қарастырылу мерзімі "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес белгіленеді.
58. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес ордерде бүлінген жерлерді қалпына келтіру және көріктендіру мерзімдері мен шарттары туралы талаптар көрсетіледі.
59. Қалпына келтіру жұмыстары аяқталғаннан кейін екі жыл ішінде орындалған жұмыстардың сапасыз жүргізілуінен қалпына келтірілген жерлер бұзылса немесе құлап қалса, заңды және жеке тұлғалар (жұмысқа тапсырыс берушілер) бұзылған жабындыларды қайтадан жөндеуі тиіс.
60. Заңды және жеке тұлғалар (тапсырыс беруші) ордердегі талаптарды орындамаса, уәкілетті органмен абаттандырудың элементтері бұзылған тексеріс актісі жасалып, әкімшілік сипаттағы шаралар қолдану үшін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органына жолданады, сонымен қатар сот тәртібімен ордер талаптарын мәжбүрлеп орындау бойынша шаралар қолданылады.
61. Жол жөндеу жұмыстарын жүргiзетiн заңды және жеке тұлғалар (жұмысқа тапсырыс берушілер) автожолдарда орналасқан жарамсыз болып қалған люктердi, нөсерлiк кәрiз торларын ауыстыру шараларын қабылдау, сондай-ақ, мүгедектер арбаларының, балалар арбаларының өтуi үшiн жолдан өтетін жерлерде жаяу жүргiншiлер жаяусоқпақынан түсетiн ылдиларды және жаяу жүргiншiлер қолайлылығы үшiн жұмыс жүргізіліп жатқан телімде жайғастыру қажет.
62. Облыстың қалалары мен аудандарының аумағында:
1) көшелер мен (немесе) жүретін бөлiктi шашыранды жүктерімен ластау мүмкіндігін жоятын, көлiк құралдарын мұқият жабусыз тасымалдауға;
2) объект иесi және (немесе) пайдаланушының келiсiмiнсiз және (немесе) осы мақсаттарға бөлiнген жерлерден тыс жерлерде, сонымен қоса Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған белгiленген тәртiпте алынған рұқсатнамалар немесе келiсiмдерсiз хабарландыруларды, плакаттарды, үндеухаттарды, түрлi ақпараттық материалдарды орналастыруға, жазулар мен графикалық бейнелердi салуға;
3) автомобиль жолдарының жүру бөлiгiне қоқыс, қозғалысқа қауiп келтiретiн заттарды тастауға;
4) ғимараттардың, құрылыстардың және тұрғын үйлердiң терезелерiнен қоқыс лақтыруға;
5) арнайы бөлiнген және тиісті жол белгiлерiмен және (немесе) таңбалармен белгiленген орындардан тыс белгiленбеген орындарда көлiк құралдарын қоюға, жууға және орналастыруға;
6) көгал алаңдарда, гүлзарларда, балаларға және ойнауға арналған алаңшаларда түрлi мақсаттағы объектiлердi орналастыруға, сонымен қоса автокөлiк құралдарын қоюға;
7) тұрақ үшiн арнайы бөлiнген орындардан басқа тұратын жерiне қарамастан бөлшектенген көлiк тұрағы, арнайы автокөлiктiң өтуiне кедергi келтiретiн аула аумақтарының өтпежолдарында баған, блок және басқа да аумақ қоршауларын тұрғызуға және орнатуға жол берілмейді.
63. Кәсiпорындардың шаруашылық қызметiнiң нәтижесiнде пайда болатын өндiрiс қалдықтарын жинау және уақытша сақтау осы кәсiпорындардың күшiмен бұл мақсаттарға арнайы жабдықталған орындарда белгiленіп, өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру тәртiбінде бекiтiлген лимиттерге сәйкес жүзеге асырылады.
64. Кәсiпорын аумағында қалдықтарды арнайы белгiленген орындардан тыс жинау және оларды орналастыру лимиттерiн асыруға жол берілмейді.
65. Өсiмдiк және басқа да топырақты уақытша жинау тек қалалар мен аудандар әкімдерімен анықталып, арнайы бөлiнген телімдерде ғана рұқсат етiледi.
4. Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын жинастыруды және тазалауды ұйымдастыру, жинастырудың түрлерi және негiзгi талаптары
66. Өнеркәсiп кәсiпорындарының санитарлық - қорғау аймақтарындағы аумақтарын тазалауды осы кәсiпорындардың иелерi және (немесе) пайдаланушылары жүзеге асырады.
67. Меншiк нысанына тәуелсiз заңды және жеке тұлғалар осы Қағидаларға және абаттандыру паспорттарына сәйкес бөлінген аумақтың шекарасында тазалау, суару, жаяусоқпақтарға құм себу, қар және қоқыс шығару, суағарларды және сорғытқыларды тазарту жұмыстарын орындауы қажет.
68. Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын ағымдағы санитарлық күтiп ұстау және тазалау, залалсыздандыру және (немесе) көму орындары бар қоқыс шығаруға мамандандырылған жеке және заңды тұлғалар арқылы жүзеге асырылады және келесi шаралар жүргізілуі қамтамасыз етілуін көздейдi:
1) қалалар мен елді мекендер аумағындағы қоқыстарды, қалдықтарды жинау және оларды уақтылы шығаруды ұйымдастыру;
2) қалалар мен елді мекендердегі тиiстi санитарлық жайластыру: тұтыну қалдықтарын жинауға арналған алаңшаларды жоспарлы-тұрақты, ағымдағы тазарту, қалдықтарға арналған қоқыс жәшiктерiнің (оларды жинау тiкелей арнайы автомобильдер арқылы ұйымдастырылған жағдайларды қоспағанда) болуы, нормативтiк талаптарға сәйкес қоқыс жәшiктерiн ортақ пайдаланудағы орындарға орнату;
3) қалалар мен елді мекендер аумағын тазалау, суару, қоқыстарды жинау, қысқы мезгiлде – қарды жинау және шығару, көшелердiң жүретін жолдарын және жаяу жүргiншiлер жаяусоқпақтарын тайғаққа қарсы қоспалармен өңдеу, тұтыну қалдықтарын белгiленген орындарға шығару және көму, өзендердi, бұлақтарды, арналарды, тартпаларды, нөсерлiк кәрiздердi және су өткiзетiн құрылғыларды қоқыстан тазарту;
4) санитарлық қорғау аймақтарының нормативтiк шегiндегі аумақты жүйелi түрде күтiп ұстау жұмыстары.
Ескерту. 68-тармаққа өзгерістер енгізілді - Жамбыл облыстық мәслихатының 25.06.2015 № 38-15 шешімімен (ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк 10 күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).69. Елдi мекендердiң аумағын санитарлық тазалау жүйесi мамандандырылған ұйымдармен тұрмыстық және өндiрiстiк қалдықтарды жинау, жою, залалсыздандыру және қайта өңдеудi көздеуі тиіс.
70. Жаңадан салынатын учаскелерде ғимаратты пайдалануға енгiзетiн кезге тазалау жұмыстары ұйымдастырылуы қажет.
71. Ғимараттар мен құрылыстардың, жеке тұрғын құрылыстардың иелерi және (немесе) пайдаланушылары тұрмыстық қалдықтарды шығаруға уақтылы шарт жасаулары тиiс.
72. Кондоминиум объектiсiн басқару мақсатында құрылған көп пәтерлi тұрғын үйлердегi тұрғын жайлардың (пәтерлердiң) иелерiнiң коммерциялық емес бiрлестiктерi тиiс:
1) қоқыс жинағыштар үшiн алаңшаларды жабдықтауы;
2) азық-түлiктiк қалдықтарды, көшелiк және аулалық қоқыстарды жинауға арналған құрал-саймандармен аула сыпырушыларды қамтамасыз етуi;
3) қоқыс қабылдаушы камераларды, алаңшаларды, сондай-ақ қалдық жинаушы орындарды жүйелi жуу, залалсыздандыру және дәрілеуді қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдауы қажет.
73. Аумақты тазалауды жүзеге асыратын ұйымдар мен кәсiпорындар, тұрғын үйлердiң, ұйымдардың, мекемелердiң аумағынан қатты және сұйық қалдықтарды уақтылы (шарттарға сәйкес) шығаруы қажет.
5. Аумақтарды күзгi-қысқы кезеңде тазалау
74. Күзгi-қысқы тазалау кезеңi 1 қарашадан бастап 1 сәуiрге дейiн белгiленедi. Ауа-райы жағдайларының күрт өзгеруi жағдайында (қар, аяз) күзгi-қысқы тазалауды бастау және аяқтау мерзiмiн тиісті бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi түзетеді.
75. Жапырақ түсетiн кезеңде түскен жапырақтарды уақтылы жинау қажет. Жиналған жапырақтар абаттандыру бойынша кәсiпорындармен арнайы бөлiнген телімдерге немесе компостерлеу алаңдарына шығарылуы тиiс.
76. Тұрғын құрылыс аумағында, скверлер мен саябақтарда, қатты тұрмыстық қалдықтар үшiн контейнерлерде жапырақтарды өртеуге жол берілмейді.
77. Жапырақтарды ағаштар мен бұталардың тамыр бөлiгiне жинауға, сондай-ақ, оларды қоқыс жинайтын алаңшаларда және қоқыс жинайтын контейнерлерде жинақтауға жол берілмейді.
78. Қысқы кезеңде жолдар, бақ орындықтары, қоқыс салатын жәшiктер және шағын сәулет формаларының элементтерi, сондай-ақ олардың алдындағы және бүйiрлерiндегi кеңiстiк, оларға кiреберiс жолдар қар мен мұздақтардан тазартылуы керек.
79. Саябақтардағы, орман саябақтарындағы, бақтардағы, скверлердегi, бульварлардағы, аллеялардағы жолдарды тазалау кезiнде жасыл желектердiң жойылмауын және ерiген суды қайтаруды қамтамасыз ету шартымен құрамында химиялық реагенттерi жоқ қарды уақытша жинауға бұл мақсаттар үшін алдын ала дайындалған алаңдарға жинауға рұқсат берiледi.
80. Инженерлiк желiлерде болған апаттан пайда болған жаяусоқпақ пен жолдың жүру бөлiгiндегi мұзды, желi иелерi және (немесе) пайдаланушылары уатып жинайды.
81. Жол берілмейді:
1) тораптардың, көшелердiң жүру бөлiгiне және өтпе жолдарға, жаяусоқпақтармен, көгал алаңдарға және жасыл көшеттерге квартал iшiндегі жолдардан, аула аумақтарынан, кәсiпорындар, ұйымдар, құрылыс алаңдарынан, сауда объектiлерiнен жиналған қарды жылжытуға немесе орнын ауыстыруға;
2) жаяусоқпақтарда, жолаушылар көлігі аялдамасының отырғызу алаңқайларында, саябақтарда, скверлерде, аулаларда және басқа жаяу жолдар мен көгалдандырылған аймақтарында көктайғаққа қарсы реагент ретiнде сұйық хлорлы кальций пайдалануға;
3) көгал алаңдарға, гүлзарларға, егілген жас ағаштарға лас араласқан қарды, сонымен қатар мұз үйiндiлерiн роторлық лақтыруға және орынын ауыстыруға.
Ескерту. 81-тармаққа өзгерістер енгізілді - Жамбыл облыстық мәслихатының 25.06.2015 № 38-15 шешімімен (ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк 10 күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).82. Метеорологиялық қызметтерден күнi бұрын жалпы тайғақ болатыны туралы ескерту алған жағдайда, эстакадалардың, көпiр құрылыстарының жүру бөлiгiн өңдеу жұмыстары қар жаумай тұрып жүргiзiледi.
83. Жолдың шетiнде қар үйiндiлерi қалыптасқан жағдайда жаяусоқпақ пен көгал алаңдарға қардың орынын ауыстыруға жол берілмейді.
84. Аулаларға кiреберiс, шығу жолдары, квартал iшiндегі өтпе жолдар жүру бөлiгiнiң шетiнен бастап механикалық күреу мен сыпырудан кейiн бiрiншi кезекте тазартылуы тиiс.
85. Көшелерден және өтпе жолдардан қарды шығару екi кезеңде жүзеге асырылады:
1) жолаушыла көлігі аялдамалардағы, жер үстiлiк жаяу өтпе жолдардағы, көпiрлердегi және жол өткелдерiндегi, көпшiлiк баратын орындардағы (iрi әмбебап дүкендер, базарлар, қонақ үйлер, вокзалдар, театрлар), ауруханалардың аумағына және басқа әлеуметтiк маңызды объектiлердiң кiреберiс жолдарда бiрiншi кезекте (таңдаулы) қарды шығару қар жауғаннан кейiн 48 сағат iшiнде жүзеге асырылады;
2) соңғы (жаппай) қарды шығару бiрiншi кезектi шығару аяқталғаннан кейiн кезекпен, тапсырыс берушi анықтаған кезектiлiкке сәйкес шығарылады.
86. Қар тастайтын орындарды қалалар және аудандардың жергiлiктi атқарушы органдары анықтайды.
Қарды уақытша жинайтын орындар қар ерiгеннен кейiн қоқыстан тазаланып, көріктендірілуі тиiс.
87. Жаяусоқпақ, аула аумақтары және өтпе жол қар мен мұздақтан асфальтқа дейiн тазартылуы қажет. Мұздақ (көктайғақ) пайда болған жағдайда құм немесе ұсақ қиыршық таспен өңдеу жүргiзiледi.
88. Аулалар аумақтарынан және квартал iшіндегі өтпе жолдардан тазаланған қарды, аулалар аумақтарындағы автокөлiктердiң еркiн жүруіне және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына кедергi жасамайтын (жаяусоқпақтар, көгал алаңдар және жасыл көшеттерді қоспағанда) орындарда жинауға рұқсат етiледi.
89. Қар жинау кезiнде жасыл көшеттерге зақым келтiруге жол берілмейді.
90. Аула iшiлiк аумақтарға қарды үйгенде ерiген қар суының ағуын алдын ала ескеру керек.
91. Қыс мезгiлiнде үй, ғимарат және құрылыс иелерi және (немесе) пайдаланушылары шатырларды мұздан және сүңгiлерден уақытылы тазарту жұмыстарын ұйымдастыруы қажет.
92. Ғимараттың жаяу жүргiншiлер аймағына шығатын жақтарындағы шатырын тазарту жұмыстары қар жауғаннан кейiн жедел түрде қатерлi учаскелерге қоршау орнату арқылы жүргiзiлуi керек.
93. Көше жағына қараған шатырлардан қар мен мұздан жаяусоқпақтарға түсiрiп тазарту жұмыстары тек күндiзгi уақытта жүргiзiлуi қажет. Шатырдың басқа құламасынан, сондай-ақ жазық шатырлардан қар ауланың iшкi аумағына түсiрiлу керек. Мұздарды түсiрер алдында жаяу жүргiншiлердiң қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шараларын жасау қажет.
Ғимараттардың (құрылыстардың және құрылғылардың) шатырларынан түскен қарлар, мұздар мен сүңгiлер жедел түрде жүретін бөліктің шет жағына қарай көшенiң жүретін бөлігін тазалаушы ұйымдар кейінірек шығаруы үшiн орналастырылады.
94. Су ағатын құбырлардың шұңғымаларына қар, мұз және қоқыстарды тастауға жол берілмейді.
6. Аумақтарды көктем - жаз кезеңiнде тазалау
95. Көктемгі-жазғы тазалау кезеңi 1 сәуiрден бастап 1 қарашаға дейiн белгiленедi. Ауа райы жағдайлары күрт өзгерген жағдайда жазғы тазалау мерзiмдерi өзгеруi мүмкiн.
96. Аула аумақтарын, аула iшiндегi өтпе жолдарды және жаяусоқпақтарды қоқыстан, шаңнан және ұсақ тұрмыстық қалдықтардан тазалау, оларды жуу, сонымен қатар күнi бойы тазалықты сақтауды аумаққа тағайындалған және (немесе) бекiтiлген субъектiлер қамтамасыз етедi.
97. Аулалар аумақтарын құбыршек арқылы жуу және суару үшiн суару шүмектері әрбiр иеліктегі үйлерде жабдықталып, жарамды күйде ұсталуы тиiс.
98. Күрделi емес құрылыс объектiлерiнiң иелерi және (немесе) пайдаланушылары (автотұрақтар, бокстық гараждар, ангарлар, қоймалық қосалқы құрылыстар, ғимараттар, сауда және қызмет көрсету объектілері) бекiтiлген аумақты санитарлық тазалау және тазарту бойынша мамандандырылған кәсіпорындармен шарт жасасуға не оны өз бетінше күн сайын жүргiзуі тиiс.
99. Металл қоршаулары, жол белгiлерi және жол көрсеткiштерi таза ұсталуы тиiс.
100. Қала және аудан жолдарына бөлiнген белдеудің жиектеріндегі, сонымен қатар, көгал алаңдары ретiнде орналастырылған бөлу жолағындағы шөп жабындарының биiктiгi 15 сантиметрден аспауы тиіс. Белдеуді әр түрлi қоқыстармен және қалдықтармен ластауға жол берілмейді.
7. Қасбеттердi, ғимарат пен құрылыстарды күтiп ұстау
101. Қаптаманың, сылақтың, фактуралық және боямалы қабаттардың бүлiнуi, сылақтағы сызаттар, қаптама, кiрпiш және шағын блок төсеменiң жiктерiнен ерiтiндiнiң боялуы, тұтас жинамалы ғимараттардың жiктерiндегi герметикалық сылақтың бүлiнуi, қабырғалардың шығыңқы бөлiктерiндегi металл жабынның бүлiнуi немесе тозуы, су ағар құбырлардың бүлiнуi, дымқыл және тот басқан орындар, су аққан және тұздалған жерлер, үстіңгі қабаттың жалпы ластануы, жақтаулардың бүлiнуi және осыған ұқсас басқа да бүлiнулер анықталуына байланысты, одан әрi дамуына жол берілмей, оларды ғимарат және (немесе) құрылыс иелерi және (немесе) пайдаланушылар жоюы қажет.
102. Егер заңды немесе жеке тұлғалардың меншiгiнде, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқаруында, басқа да пайдалануда тұрғын емес немесе тұрғын ғимараттарда жеке жайлар болған жағдайда, осы тұлғалар алатын алаңына пропорцияда аталған ғимараттардың қасбеттерiн жөндеуге үлесін қосуға қатысады.
103. Ғимараттардың қасбеттерiн және олардың жекелеген элементтерiн қалпына келтiру, жөндеу және қайта жасау жұмыстары белгiленген тәртiпке сәйкес жүргiзiлуi қажет. Қасбеттерде орнатылған ақпараттық кестелер, ескерткiш тақтайшалар таза және дұрыс жағдайда болуы қажет.
104. Кiреберiстерді, жертөлелерді, көрмелерді, маңдайшаларды, сыртқы жарнама орналастыру құралдарын ғимарат пен (немесе) құрылыстың иелерi және (немесе) пайдаланушылары таза және дұрыс жағдайда ұстауы қажет.
105. Жол берілмейді:
1) балкондар мен лоджияларды өздiгiнен қайта жабдықтауға, терезелер мен балкондардың сыртқы жағына гүлге арналған жәшiктердi орнатуға;
2) белгiленген тәртiпте берiлген рұқсатсыз ғимараттардың қасбеттерiн, олардың құрылымдық элементтерiн өздiгiнен қайта жабдықтауға;
3) алдын ала сәулеттiк бөлiктердi қалпына келтiрмей ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерiне сырлау жұмыстарын жүргiзуге.
106. Қабырғаға бекiтiлген барлық болат элементтердi жүйелi түрде бояп, тот басудан сақтау қажет. Барлық құбырлардың қабырғалар мен фундамент арқылы өтетiн орындарында ашық орындардың болуына жол берілмейді. Коммуникациялар арқылы өтетiн көпiршелер, ғимарат және (немесе) құрылыс иелерi және (немесе) пайдаланушыларымен дұрыс және таза күйде болуы қажет.
107. Меншiгiнде ғимараттар мен құрылыстар бар кәсiпорындардың және ұйымдардың басшылары, ғимараттар мен құрылыстардың иелерi және (немесе) пайдаланушылары көрсетiлген объектiлердiң қасбеттерiн күтiп ұстауға, аталған нысандарға және олардың жекелеген элементтерiне (балкондар, лоджиялар, су ағатын құбырлар) қалпына келтiру, жөндеу және сырлау жұмыстарын уақытында жүргiзудi, сонымен қатар қасбеттерде орнатылған ақпараттық, ескерткiш тақтайшалардың тазалығын және дұрыс жағдайда болуын қамтамасыз етуге тиiстi.
108. Дүкендер мен офистердiң, орталық көшелерге алдыңғы жағымен шығатын көрмелері жарықпен безендiрiлуi тиiс.
109. Ғимараттар мен құрылыстардың түстiк шешiмi, сондай-ақ олардың қасбеттерi құрылысты есепке ала отырып, бiрыңғай түстiк гаммада орындалуы қажет.
8. Тұрғын мақсаттағы аумақты абаттандыру
110. Тұрғын ғимаратқа іргелес аумақ абатандырылуы, көгалдандырылуы, жарықтандырылуы, қоршалуы қажет, кiре берiс жолдары және жаяу жолдардың қатты жабыны болуы қажет.
111. Объектiлердiң құрылыстан және жолдардан бос аумағы абаттандырылуы және көгалдандырылуы қажет.
112. Ортақ пайдаланудағы көгалдандырылған аумақтар абаттандырылуы және шағын сәулет түрлерiмен: субұрқақтар және қауыздар, сатылар, пандустар, тiрек қабырғаларымен, шатырлармен, шамдармен жабдықталуы қажет. Шамдардың саны аумақты жарықтандыру нормалары бойынша анықталуы қажет.
113. Тұрғын кварталдар, ықшам аудандар аумақтарында, сондай-ақ үй маңындағы аумақта келесi тәртiп сақталуы қажет:
1) көпiрше, жаяусоқпақтар, жаяу жолдар, квартал iшiндегі өтпе жолдар мен жолдарды дұрыс қалпында ұстау;
2) аулаларда түрлi шаруашылық және қосалқы құрылыстарды (гараждар, сарайлар, қоймалар) өздiгiнен салуға жол бермеу;
3) үй маңындағы аумақтарға құрылыс материалдарын үйіп тастауға жол бермеу;
4) баланстағы (шаруашылық жүргiзудегi немесе жедел және (немесе) басқа басқарудағы) инженерлiк желiлердi дұрыс жағдайда ұстау, құдықтарды уақтылы қарау және тазалау;
5) шағын сәулет түрлерiн, спортқа, ойынға, балаларға арналған алаңшаларының және шаруашылық алаңшаларының жабдықтарын, қоршаулар мен шарбақтарды дұрыс жағдайда ұстау, олардың сыртқы түрiн таза ұстау.
6) ішкі аулалардың жолдарын жедел жәрдем және өрт сөндіру көліктерінің жүруіне кедергі болатындай етіп қалқаламау.
9. Қалалар мен елді мекендердің аумағын жарықтандыру
114. Қалалар мен елді мекендердегі аумақтарды жарықтандыру пайдаланушы ұйымдармен ұсталып, сыртқы жарықтандыру қондырғыларымен қамтамасыз етiледi, оларға мыналар:
1) электрмен жабдықтау құрылғылары, таратушы желiлер;
2) электр желiлерiн қорғау және жерлендiру құрылғысы;
3) басқару құрылғылары;
4) кронштейндер, тростық аспа тiректерi жатады.
115. Сыртқы жарықтандыру қондырғыларын күтiп ұстау және қызмет көрсету келесi шараларды қамтиды:
1) шамдарды тазалау, жарық түсiру деңгейiн өлшеу, шамдарды ауыстыру және шамдардағы iстен шыққан шашыратқыштарды ауыстыруды қоса есептегенде, ондағы сандық және сапалық көрсеткiштер берiлген параметрге сәйкес келуiмен сыртқы жарықтандыру қондырғыларын техникалық дұрыс жағдайда ұстау;
2) сыртқы жарықтандыру қондырғылары жұмысының регламенттелген тәртiбiн қамтамасыз ету, кесте бойынша уақтылы қосу және сөндiрудi бақылау, жанбайтын шамдарды, ақауларды анықтау, оларды жедел жою.
116. Металл тiректер, кронштейндер және сыртқы жарықтандыру қондырғыларының элементтерi жабу жағдайына қарай боялады.
117. Жарықтандыру тiректерiнде, инженерлiк желiлерде олардың иелерiмен және (немесе) пайдаланушыларымен келiсiмсiз жарнамалық қалқандар орнатуға жол берілмейді.
118. Кесте бойынша көшелердiң, жолдардың, алаңдардың жаяусоқпақ бөлiктерiнiң, жағалаулардың және жарықтандырылатын объектiлердiң сыртқы жарығын қосу табиғи жарықтың көлемiнiң азаюы кезiнде кешкi ымырт кезiнде 20 люкске дейiн, ал сөнуi – таңертеңгі күңгіртте 10 люкске дейiн артқанда берiледi.
119. Көшелердегi жанбайтын шамдар 10 пайыз аспауы қажет, алайда iстен шыққан шамдардың бiрiнен кейiн бiрi қатар орналасуына жол берілмейді.
120. Металл бағаналар, кронштейндер мен сыртқы жарық және байланыс желiлерiнiң құрылғыларының элементтерi таза, тот баспай ұсталып, сырлануы қажет. Жанып кеткен шамдарды ауыстыруды тиiстi қызметтер оны анықтағаннан кейiн 24 сағаттың iшiнде ауыстыруы тиiс.
121. Пайдаланудан шыққан құрамында сынап бар газ санатындағы шамдар - доқалы сынапты шам, металлдық сынаптық йодидтары бар доқалы шам, доқалы натрийлi, люминесценттi шамдарды сақтайтын арнайы орындарда сақталып, одан әрi қайта өңделуi үшiн арнайы кәсiпорындарға жеткiзiлуi қажет. Аталған шамдар түрлерiн қатты тұрмыстық қалдықтар полигон аумағына шығаруға жол берілмейді.
122. Жарық және электрлi көлiктердiң байланыс желiлерiнiң құлаған бағаналарын негiзгi магистральдарда кешiктiрiлмей бағана иесi және (немесе) пайдаланушы шығарады, басқа аумақтарда, сондай-ақ бұзылған бағаналар – 12 сағат iшiнде шығарылады.
10. Ортақ пайдаланудағы, демалу мақсатындағы аумақты көріктендіру
123. Саябақтар, скверлер, бульварлар, су қоймалары, жағажайлар, соның iшiнде оларда орналасқан жаяусоқпақ, жаяусоқпақ аймақтары, сатылық құрылымдарды қамтитын ортақ пайдалану аумақтарын тазалауды осы объектiлерге қызмет көрсететін және пайдаланатын ұйымдар мен аумақ бекiтiлген субъектiлерiмен жүзеге асырылады.
124. Ландшафт демалу аумақтарының шегiндегi алаңшалардың, жол-соқпақ желілерiнiң жабынына тақташаларды, ұсақ тастан және басқа да берiк минералды материалдарды, ерекше жағдайларда асфальт жабыны қолданылуы қажет.
125. Тоғандар мен басқа да су қоймаларының жағажай жолақтары абаттандырылуы қажет. Су қоймаларының сыртқы сулармен ластануын жоятын шараларды қарастыру қажет.
126. Алаңдарда, саябақтарда, скверлерде, демалыс аймақтарында, халық көп баратын жерлерде, көшелерде, тұрғын үйлердiң әрбiр кiре берiсiнiң алдында, әкiмшiлiк, қызметтiк ғимараттар, сауда объектiлерiне кiре берiсте, қоғамдық көлiк күту аялдамаларында қоқыс салатын жәшiктер орналасуы қажет.
127. Қоқыс салатын жәшiктер олардың толуына қарай тазартылады. Қоқыс салатын жәшiктер олардың ластануына қарай, бiрақ аптасына бiр реттен аз емес мөлшерде жуылады. Қоғамдық көлiк күту аялдамаларында орналасқан қоқыс салатын жәшiктердi аялдаманы тазалауды жүзеге асыратын ұйымдар жуып, тазалайды, ал басқа объектiлердiң маңында орналасқан қоқыс салатын жәшiктердi көрсетiлген объектiлердiң иелерi және (немесе) пайдаланушылары жуып, тазалайды.
Қоқыс салатын жәшiктердi бояуды иелерi және (немесе) пайдаланушылары жылына бiр рет (сәуiр), сондай-ақ қажеттiлiгiне қарай немесе сәйкес қызметтердiң ұйғарымы бойынша жүзеге асырады.
128. Көшелер, алаңдар, жағажайлар, саябақтар, гүлзарлар мен аулаларды ластауға жол берілмейді.
129. Жағажай аумағында ауыз су жеткiзiлген фонтандар орналасуы қажет. Фонтанддардың ағыны жағажайдың жасыл көшеттерiн суаруға қолданылуы мүмкiн, оларды ағын су қоймаларына жағажай шекарасы бойынша өзен ағысынан 100 метр төмен қашықтықта бұруға болады. Ауыз су iшетiн фонтандардан суды осы мақсаттарға белгiленбеген орындарға бұруға жол берілмейді.
130. Ауыз су iшетiн фонтандар үлгiлiк немесе арнайы әзiрленген жоба бойынша дайындалған болуы мүмкiн, олар демалу аймақтарында орналастырылады, сонымен бiрге спорттық алаңшаларда орналастыру ұсынылады. Ауыз су iшетiн фонтан орналасқан орын және оған кiре берiс жер жабынның қатты түрiмен жабдықталуы қажет, биiктiгi ересек адамдар үшiн 90 сантиметрден аспауы, балалар үшiн 70 сантиметрден аспауы қажет. Ауыз су iшетiн фонтандардың кем дегенде бiреуi демалыс аймақтарында мүгедектер үшiн қол жетiмдi болуы қажет.
131. Ашық және жабық түрдегi киiм ауыстыратын орындар, гардеробтар Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат берiлген залалсыздандыратын ертiндiлердi қолдана отырып, күн сайын жуылуы керек.
132. Жағажайға жыл сайын таза құм немесе малтатас төгiлуi қажет.
133. Қоғамдық дәретханалар демалушылар көп жиналатын орындардан және адамдардың келуі 50 метр қашықтықтан жақын емес, 500 адамға бiр орын есебiнен орнатылуы тиiс.
Жағажай аумағында орналасқан қоғамдық дәретханалар шомылатын жерден кем дегенде 50 метр және 200 метрден аспайтын арақашықтықта жабдықталуы тиіс.
134. Қоғамдық дәретханаларды елдi мекендердiң келесi жерлерiнде орналастыру қажет:
1) алаңдарда, көлік магистральдарда, пристаньдарда, жаяу жүргiншiлер қозғалысы көп көшелерде;
2) вокзалдар, теміржол станциялар, автостанциялар және автовокзалдар жанындағы алаңдарда;
3) қала сыртындағы және қала ішіндегі саябақтарда, скверлерде, бульварларда, жағажайларда, көрмелерде, стадиондарда, адамдардың жаппай демалыс орындарында;
4) сауда орталықтары, базарлар аумақтарында.
135. Елді мекен аумағындағы бұлақтар су сапасы мен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының оң қорытындысына сәйкес қатты жабынды түрімен тәсіл мен аумақта бұлақ суын алуға арналған құралмен (науа, құбыр, су ағатын құралдың басқа түрi), су жинайтын тостаған, су бұру жүйесiмен жабдықталуы қажет. Маңызды күзетілетін табиғат кешенінің аумағында жоғарыда аталған қорытындысыз бұлақты жабдықтау үшін қоршаған ортаны қорғайтын өкілетті органның рұқсатнамасы талап етіледі.
11. Қалалар мен елді мекендердегі көркем безендiру, шағын сәулет нысандары
136. Шығармашылық рәсімдеудің құралдары, сыртқы жарнама және ақпараттар құралдары таза күтіп ұсталуы, ретке келтірілген және белгіленген тәртіпте орналастырылуы, қаланың эстетикалық бейнесін бұзбауы қажет.
137. Сәулет-қала құрылыстық жағдайы өзімен тиісті сәулет-кеңістік ортаны және аумақты және құрылысты уақыттың белгілі кезеңінде пайдалану жағдайларын қалыптастыратын нақты аумақтардың элементтерінің сапа жиынтығын (құрылыс салу, табиғи ландшафт, жер учаскелері, көше-жол желісі, инженерлік жағдай жасау және тағы басқа) қарастырады.
138. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде пайдаланылатын материалдар (құралдар) және рәсімделуі экологиялық және санитарлық-гигиеналық қауіпсіздік нормаларына, аймақтың табиғи-климаттық жағдайына сәйкес заманауи сапа, қауіпсіздік және экология талаптарына сай болуы қажет.
139. Сыртқы жарнаманың және ақпарттардың жеке тұрған стационарлық құралдарын орналастыру қала аумағының нақты сәулет-құрылыстық жағдайларымен анықталады. Әр көше бойынша тиісті қызметтермен келісілген жобалық материалдарғы сәйкес, жарнама құралдарының бірыңғай түрі, ақпараттық алаң көлемі белгіленеді. Бұл ретте жоғары ауқымды конструкциялар арасының аралығы облыстық орталықтарда 100 метрден кем және басқа қалаларды және елді мекендерде 50 метрден кем болмауы қажет.
140. Жеке тұрған сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін монтаждау кезінде конструкцияның іргетасы жер деңгейі белгісінің деңгейінде немесе одан төмен орналастырылуы қажет. Аталған типті орналастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда іргетас сәндік рәсімделуі қажет. Бетондық негіз түскен жағдайда ол қалпына келтірілуі қажет.
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін құрайтын элементтер – іргетас, "тұғыры", тиісті эстетикалық түрде болуы қажет. "Тұғыры" таза болуы, қағаз - жарнама жеткізушілерінен тазартылған және боялған болуы қажет.
Жарнама конструкцияларын, жарнама объектілерін монтаждағаннан кейін (демонтаж) жарнама таратушы (баланс ұстаушы) 5 күннен аспайтын мерзімде аумақты немесе орналастыру объектісін абаттандыру қажет.
Жеке тұрған тұрақты объектілерде және сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде меншік иесі және оның телефон номері көрсетілген таңбалау болуы қажет. Таңбалау ақпараттық алаңның астына орналастырылуы қажет.
141. Жеке тұрған құрылымдар әдетте екі жақты нұсқада орындалады. Бір жақты дайындалған жеке тұрған конструкциялардың екінші жағы декоративті рәсімделуі қажет. Бекіту және қатайту конструкциялық элементтері (бұрандамалы біріктіру, тірек элементтері, технологиялық бекітпе) конструкцияның бүйір жақ беттері жабылып, сәндік рәсімделуі қажет.
142. Бір немесе одан да көп жағында ақпараттық хабарламасы (жарнама) жоқ стационарлық сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін тұрақты орналастыруға және пайдалануға жол берілмейді. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілеріндегі түсі кеткен, жыртылған ақпараттық жеткізушілер, сонымен қатар тақырыбы ескірген, соның ішінде әлеуметтік сипаттағы ақпараттық жеткізушілер ауыстырылуы қажет. Көрсетілген шаралар сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері иелерінің есебінен жүргізіледі.
143. Сыртқы (көрнекі) жарнама және ақпараттар объектілерінің конструкциялары жарық көзімен тәуліктің қараңғы уақытында жарнамалық - ақпараттық алаңды жарықтандыруды қарастыруы қажет. Жарықтандыру бойынша техникалық қиындық келтіретін немесе бастапқыда сәулет жобасында қарастырылмаған сыртқы жарнама (көрнекі) және ақпарат құралдары жарықтандыруды қарастырмауы мүмкін.
144. Сыртқы (көрнекі) жарнама стационарлық объектілерін және құралдарын немесе олардың жекелеген бөлігінің ернеу тасы жоқ жол жанынан, жол төсемінің жер жиегінен 2 метрден жақын орналасуына жол берілмейді.
145. Жарнама қондырғыларындағы бейнелерді (плакаттарды) көгал алаңдарға автокөлікпен кіріп ауыстыруға жол берілмейді.
146. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін, оның ішінде оларға жақын радиусы бес метр аумақты тазалауды сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің меншік иелері (баланс ұстаушы) жүргізу қажет.
147. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің инженерлік – техникалық шешімі объект бекітілетін үйлер мен ғимараттар элементтерінің тірек мүмкіндіктерін есепке алуы қажет және соның салдарынан олардың пайдалану сапасының жоғалуын жою қажет.
148. Жарықты жарнама қалалық кеңістікте автокөліктердің жүргізушілеріне және жүргіншілерге бағыт бойынша көмектесуі және жарық құрылымды міндеттерді шешуге қатысуы қажет. Орналасуы, габариттер, нысандары және элементтердің жарық түсті өлшемдері бойынша ақпарат есепті аралықтан анық көрінетін және нақты жарық ансамбліне үйлесімді енгізілген, қолданыстағы жол ережесіне қайшы келмейтін, тұрғындардың қалыптасқан тірлігін бұзбайтын болуы керек.
149. Шатыр конструкцияларын орнатуда электрмен қамтамасыз етілу желісінен апаттық тоқтату жүйесімен жабдықталуы қажет.
150. Сыртқы жарнаманың ұтқыр (тасымалдау) конструкциялары (шығарылатын қалқан, штендер) мекеме, ұйымдардың үй-жайларының кіре берісінен 5 метр шегінде жаяу жүргіншілер аумақтарында және жаяусоқпақтарда орналастырылады. Ұтқыр (тасымалдау) конструкцияларын жүргіншіні қабылдауға бағдарланған жолда орналастыруға рұқсат берілмейді. Ұтқыр (тасымалдау) конструкцияларында өзіндік жарықтандыру болмауы керек, бір жағының алаңы 0,6х0,9 метр.
151. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері жаяу жүргіншілердің өтуіне және көшелер мен жаяусоқпақтарды механикаланған тазалауға кедергі келтірмеуі қажет.
152. Сөрелер мен терезелерді рәсімдеу үйлер мен ғимараттардың эстетикалық түрін құртпауы, тауар өндірушілердің мекен-жайлары, тауарлар мен қызметтердің өткізу пункттері, байланыс телефондары, электрондық пошта, бағалар мен акциялар туралы ақпараттан тұруы қажет.
153. Маңдайша жазулар көлемді, аралық элементтер, қатты негіздегі қалқандар, ішкі және сыртқы жарықтандыруымен жарық қораптары (әріптер, эмблемалар, тауар белгілері, логотиптер) түрінде орындалады.
154. Жарықты жарнамаларды және маңдайша жазуларды қолданатын кәсіпорындар оларды күн сайын қараңғы түсе қосуы қажет және жанып кеткен жарық элементтерін уақтылы ауыстыруды қамтамасыз етуі қажет.
155. Жарықты жарнама немесе маңдайша жазудың жекелеген белгілері бұзылған жағдайда жарнама немесе маңдайшаны өшіріп тастау қажет.
156. Қандай да бір плакаттарды, хабарландыруларды және ақпараттық хабарламаларды ғимараттарға, дуалдарға, қалалық жолаушылар көлігін күту павильондарына, жарық тіректеріне, ағаштарға, осы мақсаттарға арнайы белгіленген жерлерден тыс орындарға жапсыруға және орналастыруға жол берілмейді.
157. Бір қабырғада саны екі бірліктен көп сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін (брандмауэрлер, баннерлер, тартпалар) тұрғын үйлерге орналастыруға жол берілмейді.
158. Құрылыс және бөлшек (көше) сауда (жазғы кафе, көрме, сауда алаңдарының қоршауы және басқада уақытша қоршаулар) объектілерін қоршау көркем рәсімделуі қажет. Көркем рәсімделу объект иесінің есебінен жүргізіледі.
159. Автокөлік жолдары мен елді мекендердегі бөлу жолағы шекарасында орнатылатын сыртқы жарнама, өзге де ақпараттық белгілер және көрсеткіштер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дайындалуы және орнатылуы қажет.
160. Тұрғын құрылыс аумақтары, қоғамдық аймақтар, гүлзарлар, көшелер, бақтар, демалыс алаңшалары шағын сәулет нысандарымен – күрке, көлеңкелі бастырма, гүлзарлар, сәкілер, қоқыс сауыттары, фонтандар, балалар ойынына, ересектердің демалысына арналған құрылғылар, газет стендтері, қоршаулар, телефон будкалары (бастырмалар), автокөлікті күту павильондарымен жабдықталады.
161. Шағын сәулет нысандары тұрақты немесе мобильді болуы мүмкін; олардың саны және орналастырылуы аумақтарды көріктендіру паспорттарымен анықталады.
162. Құрылыс салынатын учаске шегінде жаңа құрылыс кезінде шағын сәулет нысандарын дайындау және орналастыруды тапсырыс беруші бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырады.
163. Шағын сәулет нысандарының конструктивті шешімдері олардың тұрақтылығын, пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қажет.
164. Заңды және жеке тұлғалар - шағын сәулет нысандарының иелері және (немесе) пайдаланушылар өз есебінен оларды ауыстыру, жөндеу және бояуға міндетті.
165. Қала аумағында шағын сәулет нысандарын орнату және күтіп ұстау келесі талаптарды сақтаумен жүзеге асырылады:
1) сыртқы абаттандырудың барлық элементтері, соның ішінде ғимарат қасбеттерін өңдеу өртке қарсы қауіпсіздік нормалары мен бекітілген жобаға сәйкес атқарылуы қажет;
2) құрылыс иелері не (немесе) пайдаланушылар ғимараттың көше жаққа қараған қасбетін, айналасындағы алаңды және қоғамдық орындарды мерекелік безендіруді келісімсіз жүргізуге құқылы.
166. Ұтқыр және тік көгалдандыруды рәсімдеу үшін келесі құрылым түрлері қолданылады: трельяждар, шпалерлер, перголдар, гүлзарлар, вазондар.
167. Орындықтарды орнатуда жабынның қатты түрі немесе іргетас қарастырылуы қажет. Демалыс аймақтарында, орман-бақтарда, балаларға арналған алаңдарда "жұмсақ" жабын түріне орнатуға жол беріледі.
Іргетас болған жағдайда оның бөлігі жер бетіне шығып тұрмауы қажет. Үлкен жастағы адамның демалысына арналған орындықтың жабын деңгейінен отырғыш жазықтығына дейінгі биіктік шамамен 420 - 480 миллиметр болуы қажет. Демалысқа арналған орындықтың үстін суға төзімді өңдеудің түрлерімен (дұрысы – сіңіргіш қабілетімен) ағаштан жасау ұсынылады.
168. Қоғамдық, тұрғын, демалыс аумақтарында таксафондарды орналастыруда оларға электр жарықтандыруды қарастыру қажет. Таксафондарды орналастыру орнын телефон канализациясының және жарықтандыру үшін канал (құбыр) құрылғысының қосылу орынына жақын жобалау қажет. Сонымен қатар бір таксафонды (немесе әрбір қатардан біреуін) монетақабылдағыш қалқанының деңгейі жабын деңгейінен 1,3 метрді құратындай биіктікте орнату ұсынылады. Пошта жәшігінің қабылдау деңгейін жабын деңгейінен 1,3 метр биіктікте орналастыру ұсынылады.
12. Базарлардың аумағын күтiп ұстауға қойылатын талаптар
169. Базарды ұйымдастыру кезiнде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өртке қарсы ережелер, сәулет, құрылыс, ветеринариялық, экологиялық талаптар сақталуы қажет.
170. Базардың санитарлық жағдайы санитарлық нормалар мен ережелерде белгіленген талаптарға сәйкес келуi тиiс.
13. Құрылыс және монтаж жұмыстарын жүргiзу кезiндегі көріктендіру талаптары
171. Қазақстан Республикасының күші бар техникалық регламенттер, құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес құрылыстың барлық мерзiмiнде жүргізілетін жұмыстардың қоршаған ортаға, аумаққа және халыққа қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құрылыс алаңшасында еңбек қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, құрылыс алаңшасына іргелес аумақта тәртiп сақтау бойынша қала және аудан әкiмдерiнiң талаптарын орындауды қамтамасыз етуi қажет.
172. Жұмыстарды орындаушы бекiтiлген аумақтың құрылыс алаңы аумағын тазалауды қамтамасыз етуi қажет. Тұрмыстық және құрылыс қоқысы, сондай-ақ қар жергілікті атқарушы органдар бекiткен тәртiпте және мерзiмдерде уақтылы шығарылуы тиiс.
173. Қоныстану аумақтарында құрылыс - монтаж жұмыстарын жүргiзу кезiнде қалдықтар мен қоқысты ғимараттар мен құрылыстардың қабаттарынан лақтыру жолымен тастауға жол берiлмейдi.
14. Автомобиль жолдарын және көлiк инфрақұрылымы объектiлерiн абаттандыру және ұстау
174. Автомобиль жолдарын және көлiк инфрақұрылымын абаттандыру және ұстау талаптары Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары туралы заңнамасы және техникалық регламенттерге сәйкес белгіленеді.
Жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары орналасқан жерлер мемлекеттік меншікке жатады, бөлінбейді және жеке меншікке беруге жатпайды.
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында қарастырылған жағдайлардан басқа, жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының жерлерінде соғылған кез-келген құрылыстар, осы жерлерді пайдаланудың белгіленген келісім тәртібін бұзып пайдалану, заңсыз деп танылады және өз еркімен соғуды жүзеге асырған тұлғамен немесе оның есебінен бұзуға жатады.
175. Аялдама павильондарының және аялдама кешендерінің иелері, осы ғимараттарды тиісті жағдайда, қажет болған жағдайда оларды қалпына келтіру бойынша шараларды қабылдаулары тиіс.
176. Жол жабындарының, жер төсемдерінің, көпірлердің, жол өтпелерінің, су бұрғыш құрылыстарының, автопавилиондардың, жол белгілерінің, жол жиектеріндегі көшеттердің, қорғау құрылғыларының және автомобиль жолдарының жайластыру элементтерінің бұзылуына тыйым салмаған автомобиль жолдарын пайдаланушылар, сонымен қатар автомобиль жолдарын пайдалану ережелерін бұзғандар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапкершілікте болады.
15. Жолдарды күтiп ұстау
177. Нөсерлiк кәрiз жүйесi жоқ көшелердiң жүру бөлiгi сыпыру-тазалау машиналарымен тазартылуы қажет.
178. Жол төсемін жолдың жиегiнде жиналатын қоқыстардың су ағынымен жасыл көшеттер жолағына немесе жаяусоқпақға шықпайтындай етiп жуу керек.
16. Жолдарды қысқы тазалау
179. Көшелердің өтпе жолдары мен кiру жолдарын қыста жинау жұмыстары осы Қағидалар талаптарына, жұмыс технологияларын, техникалық құралдар мен тайғаққа қарсы қолданылатын қоспаларды анықтайтын регламенттерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында бекiтiлген кестеге сәйкес жүргiзiледi.
180. Қысқы тазалаудың бiрiншi кезектегi операцияларына:
1) жолдардың жүру бөлiгiн тайғаққа қарсы материалдармен өңдеу;
2) қарды күреу және сыпыру;
3) қар үйiндiсiн тасып шығару үшiн жинастыру;
4) жол тораптарын, қалалық жолаушылар тасымалдайтын көлiк аялдамаларын, әкiмдiк және қоғамдық ғимараттардың кiрме жолдарын, аулалардан шығатын жолдарды қар үйiндiсiнен тазарту жұмыстары жатады.
181. Екiншi кезектегi операцияға:
1) қарды шығару (тасу);
2) қар шығарылғаннан кейiн жол жиегiн тазарту;
3) мұзды уату және қар-мұздан құралған үйiндiнi шығару.
17. Жолдарды жазғы тазалау
182. Жолдың жүру бөлiгi барлық ластану түрлерiнен толық тазалануы және жуылуы тиiс.
Реттеушi сызық болып табылатын осьтiк, резервтiк жолақтар құмнан және әртүрлi ұсақ қоқыстан тұрақты тазаланып тұруы тиiс.
183. Жол жиегiндегi аймақ және ернеуi, сондай-ақ жаяусоқпақтар және жолаушылар көлiгі аялдамаларының отырғызу алаңы, трамвай жолдары топырақ-құмды қоқымдардан және әртүрлi қоқыстардан толық тазалануы және жуылуы тиiс.
184. Жолдың жағасы қоқыстардан таза болуы тиiс.
185. Темiрбетоннан құралған бөлу жолақтарының үстi құмнан, батпақтан және ұсақ қоқыстардан тұрақты тазаланып тұруы тиiс.
186. Жолдың жүру бөлiгiн жуған кезде лайлы суды және қоқысты жаяусоқпақтарға, көгалдарға, қалалық жолаушылар тасымалдайтын көлiк аялдамаларының павильондарына, көлiкке отырғызатын алаңдарына, жақын жерде орналасқан ғимараттардың, сауда нысандарының қасбеттерiне орындарға шашыратуға жол берілмейді.
18. Бөлiнген алаптарға iргелес аумақтар
187. Аумақтары автомобиль жолдарына жанасатын жер учаскелерiнiң иелерi және (немесе) пайдаланушылары және жер пайдаланушылар:
1) ортақ пайдаланудағы жолдарға жанасатын жолдар және өтпе жолдар құрылысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес асыруға;
2) ортақ пайдаланудағы жолдарға жанасу жерлерiн және оларға кiреберiстердi техникалық дұрыс және сәйкес санитарлық жағдайда ұстау, қоқыс, ластық және қардан тазалауға;
3) қозғалыс қауiпсiздiгiн нашарлататын және көрудi қиындататын жол маңындағы жолақта материалдар мен құрылымдарды жинауға жол бермеуге тиіс.
19. Жер асты және жер үстi коммуникацияларын көріктендіру және күтiп ұстау
188. Су желiлерiнiң қоқыспен бiтелiп қалуын болдырмау үшiн су ағатын коллекторларға, жауын қабылдайтын құдықтарға және арық жүйесiне сыпырындыны және тұрмыстық қоқыстарды тастауға жол берілмейді.
189. Су желiлерiнiң нөсер суларын қабылдайтын және байқау құдықтарына профилактикалық тексерудi және оларды жинауды бекiтiлген кесте бойынша, бiрақ айына бiр реттен кем емес мөлшерде мамандандырылған кәсiпорындар немесе балансында осы құрылғылар болатын басқа да ұйымдар жүргiзедi.
190. Нөсер суларын қабылдайтын құдықтардың торлары үнемi жұмысқа жарамды жағдайда болуы керек. Торлардың және құдықтардың өткiзу қабiлетiн шектейтiн бiтелуге, лайлануға жол берiлмейдi, сондай-ақ, құдықтар мен коллекторларды уақытылы тазалауды жүргізеді.
191. Жер асты инженерлiк коммуникацияларының иелерi және (немесе) пайдаланушылары:
1) жер асты коммуникацияларын күтiп ұстауға және жөндеуге жауапты болады;
2) жолдардың төсемдерiмен, жаяусоқпақтармен, көгал алаңдармен және құдықтардың люктарымен бiр деңгейде, қалыпты жағдайда ұстауды, сонымен қатар коммуникациялардың қанағаттанарлықсыз жағдайынан пайда болған жолдардың бұзылған шегiнде төсемдерiн қалпына келтiрiп жөндеудi қамтамасыз етедi (өз қаржыларымен немесе мамандарылған мекемелермен келiсiм шартқа отыру негiзiнде);
3) құдықтардың люктарын бар болуын және қалыпты жағдайда болуын бақылау және оларды уақытында ауыстыруға және болмаған немесе жоғалған кезде (тәулiк iшiнде) қалпына келтiредi;
4) коммуникацияның жұмысын реттеумен байланысты апатты жоюды тәулiк iшiнде қамтамасыз етедi (қар үйiндiлерi, мұз, лай, сұйықтықтар).
192. Жер үстi инженерлiк құрылғыларының иелерi және (немесе) пайдаланушылары инженерлiк желiлердiң қорғалатын аймағының шекарасындағы iргелес аумақтың санитарлық жағдайына жауапты болады.
20. Қағидалар бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
193. Осы Қағидаларды бұзған жеке және заңды тұлғалар "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексімен белгіленген жауапкершілікке тартылады.
Ескерту. 93-тармаққа өзгерістер енгізілді - Жамбыл облыстық мәслихатының 25.06.2015 № 38-15 шешімімен (ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк 10 күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).Жамбыл облысының қалалар мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидаларына 1-қосымша |
Абаттандыру
ПАСПОРТЫ
_____________________________________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның атауы)
_____________________________________________________________
(орналасқан мекенжайы)
_____________________________________________________________
(заңды мекенжайы, телефон)
Қала/аудан __________________________________________________
1. Басшының аты-жөнi
____________________________________________________________
(СТН)
_____________________________________________________________
2. ҚТҚ шығаруға келiсiм-шарт (нөмiрi, датасы)____________
3. Бөлiнген және бекiтiлген аумақтардағы қатты жабынның ауданы, шаршы метр______________________________________________________
4. Бөлiнген және бекiтiлген аумақтардағы көгал алаңдардың ауданы, шаршы метр
_____________________________________________________________
5. Бөлiнген және бекiтiлген аумақтардағы ағаштар, бұталар саны,
(дана)________________________________________________________
6. Бөлiнген аумақтардағы кiшi сәулеттiк формалардың болуы, (дана)
______________________________________________________________
7. Аула тазалаушылардың болуы (адам саны) немесе аумақты тазалауға арнайы ұйымдармен жасасқан келiсiм-шарт №______________________
Осы паспортта көрсетiлген деректер өзгерген жағдайда заңды тұлғаның басшысы, (жеке тұлға) _____________ кент (ауылдық округ) әкiмiнiң аппаратын хабардар етiп, аумақты тазалау және күтiп ұстау бойынша жаңартылған көрiктендiру паспортын алады.
М.О. ________________________________________ Т.А.Ә.
(заңды тұлға басшысының, жеке тұлғаның қолы)
"__"__________ 20 ___ жылы берiлдi
Әкім____________________ (қала/аудан) _______________Т.А.Ә.
М.О. (қолы)
бекiтiлген аумақтың СЫЗБАСЫ
Жамбыл облысының қалалар мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидаларына 2-қосымша |
________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
________________________________
________________________________
мекенжайы______________________
телефон_________________________
Өтініш
Маған
________________________________________________________________
(жұмыс сипаты)
_________________________________________________мекенжайы бойынша
Автокөлік қозғалысын жаба отырып (жабусыз)
(Қажеттілерін сызу қажет, егер жабық болса мекенжайды көрсетіңіз)
__________________________________________________мекенжайы бойынша жер қазу (құрылыс, жөндеу) жұмыстарын жүргізуге ордер беруіңізді сұраймын.
Паспорт (жеке куәлік)
№___________________________
_______________________берілді
Салық төлеушінің______________________ қолы______________________ қолы
Тіркелу нөмірі____________ Күні "___"____________20___ ж.
Жамбыл облысының қалалар мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидаларына 3-қосымша |
Жер қазу (құрылыс, жөндеу) жұмыстарын жүргізуге
ордерді беруге арналған
ШАРТ
№ _________ "___" ________ 20___ ж.
"____________________________" әрі қарай Ереже негізінде әрекет ететін және "Қызмет көрсетуші" деп аталатын жақ, бір тараптан:
____________________________________________________________________
(ұйым атауы, А.Ә.Т. жеке тұлғаның паспорттық мәліметтері)
алдағы уақытта "Тапсырыс беруші", _________________________ тарапынан
_______________________, ___________________ негізінде әрекет ететін, екінші жақ, төмендегілер туралы осы шартты жасасты:
1.Шарттың мәні
1.1. Қызмет көрсетуші осы шарттың 1.2 тармақтарында көрсетілген жер қазу (құрылыс, жөндеу) жұмыстарын жүргізуге арналған ордерді беруді міндетіне алады.
1.2.Тапсырыс беруші келесі жұмыстарды орындауды міндетіне алады: ______________________________________________________________
алда "Жұмыс" деп аталатын ___________________________________________
көлік қозғалысын біртіндеп жабуды.
1.3. Жұмыстарды орындау орны: _________________________________
4. Аталған жұмыстарды орындау үшін Тапсырыс берушіге жер қазу (құрылыс, жөндеу) жұмыстарын жүргізуге арналған ордерін беруге қажетті барлық құжаттарды тапсыруға міндетті.
1.5. Тапсырыс беруші осы шарттың 1.2. тармақтарында көрсетілген жұмыстарды 20___ жылдың "___" __________ нен 20___жылдың "___"___________ дейінгі мерзімде, асфальтбетонды жабындыны қалпына келтіру мен аумақтарды көріктендіру бойынша жұмыстарды 20___ жылдың "___" __________ нен 20___жылдың "___"___________ дейінгі мерзімде жүргізуді міндетіне алады.1.6. Қызмет көрсетудің кепілдік мерзімі шартқа қол қойған күннен бастап 2 жыл.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2.1. "Қызмет көрсетушінің" құқығы мен міндеттері:
2.1.1. Тапсырыс берушіге жер қазу (құрылыс, жөндеу) жұмыстарын жүргізуге арналған ордерді Тапсырыс берушінің сәйкес құжаттарды тапсырғаннан кейін осы шартқа қол қойған күннен бастап _____ күн ішінде береді.
2.1.2. Қызмет көрсетуші СН және Е мен жобалық құжаттардан анықталған ауытқулар орын алған жағдайда жазбаша ұйғарымды беруге құқылы;
2.1.3. Бұзылған көріктендірулерді қалпына келтіру бойынша орындалатын жұмыстардың сапасы мен орындалу технологиясын сақтай отырып, 1.5. тармаққа сәйкес орындалу мерзіміне бақылауды жүргізеді.
2.2. "Тапсырыс берушінің" құқығы мен міндеттері:
2.2.1. Тапсырыс беруші "Жер асты-жер үсті қондырғыларын салу, ауыстыру, күрделі құрылысы бойынша жұмыстарды жүргізу Ережесі" СН және Е мен осы шартта көрсетілген мерзімді сақтай отырып, сапалы жұмысты орындауға міндетті.
2.2.2. Осы шартпен қарастырылмаған тиісті емес жұмыстарды орындауда Қызмет көрсетушінің алдында жауапты емес. Қызмет көрсетуші осы шарттың талаптарына жауап бермейтін жұмыстарды қабылдамайды.
2.2.3. Қызмет көрсетуші қосалқы мердігермен шарт жасау шаралары бойынша шарт жасасқаны туралы ақпараттандырады. Ақпаратта шарттың мәні, қосалқы мердігердің атауы мен мекенжайы көрсетілуі тиіс.
2.2.4. Олардың қызмет үйлесімдігіне қосалқы мердігермен тартылған шарт бойынша жұмыстарды орындауға қатысты Қызмет көрсетуші алдында жауапты болады.
2.2.5. Жұмыстарды 20___жылдың "____"_______________ мерзімінен кешіктірмей жұмыстарды аяқтауға;
2.2.6. Жұмыстағы кемшіліктер мен ақауларды Қызмет көрсетушінің талабы бойынша тегін жоюға;
2.2.7. Қызмет көрсетушінің қатысуымен қазған жерлерді қайтадан жабуға;
2.2.8. Қыс мезгілі кезінде қазылған жерді 30-35 сантиметр жіпсік құммен жабуды, өтпелі бөлігіндегі жарықтың жоғарғы қабатын таптап, тас төсеу қажет;
2.2.9. осы шарттың 1.5.тармағында көрсетілген мерзімде ордерді бергенге дейін жолдың, жаяусоқпақдың, аулаларды уақытында қалпына келтіріп, жерді құнарландыру қажет;
2.2.10.. Жұмыс аяқталғаннан кейінгі үш күнтізбелік күн ішінде жолдың, тратуардың, ауланың бұзылған жабындыларын толық қалпына келтіргеннен кейін және жерді құнарландырған соң ордерді "Қызмет көрсетушінің" техникалық қадағалау бөліміне тапсыруы тиіс
2.2.11. Кепілдік мерзім ішінде 10 күнтізбелік күн шамасында өз қаражаты есебінен асфальтбетонды жабындылар мен басқа да көріктендіру элементтерін қалпына келтіре отырып, учаскеде орын алған ақауларды жою қажет.
3. Тараптардың жауапкершілігі
3.1. Осы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе дұрыс орындамаған жағдайда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауап береді.
4. Дауларды шешу тәртібі
4.1. Тараптар арасындағы даулар өзара сөйлесулер арқылы және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шешілуі тиіс.
5. Ерекше шарттар
5.1. Осы шарт заңды күшіне тараптар қол қойған соң енеді.
5.2. Осы шарт Тараптардың әрқайсына біркелкі тең заңды күші бар 2 (екі) данада жасалған.
5.3. Осы шарт 20__жылдың "____" ________________ нан 20__жылдың "____"______________ дейін жарамды, аталған мерзім осы шарттың 1.6 тармағында белгіленген кепілді мерзімге жатпайды.
ТАРАПТАРДЫҢ ЗАҢДЫ МЕКЕНЖАЙЫ:
"Қызмет көрсетуші" "Тапсырыс беруші"
СТН_________________________ СТН________________________
Мекенжайы__________________ Мекенжайы__________________
Есеп шоты__________________ Есеп шоты__________________
____________________________ ____________________________
Телефон____________________ Телефон____________________
Жамбыл облысының қалалар мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидаларына 4-қосымша |
__________________________________________________
(мемлекеттік мекеменің атауы)
№ ____ ордер
Тапсырыс беруші _____________________________________________________
(ұйым, лауазымы)
_________________________________ жұмыстар жүргізуге рұқсат беріледі
___________________________________________________________________
(жұмыс сипаты)
____________________________________________________________________
Мекенжайы бойынша______________________________ _______
Жұмыстың басталуы мен аяқталуы 20___жылдың "_____"___________ нен 20___жылдың "_____"____________ дейін.
Ескертулер__________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Жұмыс осы ордерде көрсетілген мерзімде басталып, аяқталуы тиіс.
Жұмыстарды келесі шарттарды орындай отырып жүргізу қажет:
1. Қопарылған жерді бекітілген үлгідегі қалқанды шарбақпен қоршау керек. Қоршау бұрыштарына қызыл шамды дабылдық фонар орнатып, түнгі уақытта жұмыс орнын жарықтандару қажет. Қалқанды шарбаққа ұйымның атауын жазу (әріптер мен сандарды – 16 сантиметрлік көлемде, жол белгілерін орнату) қажет. Барлық материалдар мен топырақты қоршалған учаске шегінде ғана сеуіп, қайта себуге жарамсыз топырақты жұмыс барысында уақытша сақтау полигондарына шығарып тастау қажет.
2. Жер асты қондырғыларының құдықтарына тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін оларды топырақпен толтыруға немесе құрылыс қоқыстары мен материалдарын тастауға жол берілмейді.
3. Траншеялар мен шұңқырлардың қабырғалары құламауы үшін шұңқырлардың терең түбіне еңістелген құлама бекітілуі тиіс.
4. Барлық түрдегі қазулар барысында қолданыстағы жер асты қондырғыларының зақымдануының алдын алу үшін жұмыс басталмас бұрын мүдделі ұйымдардың өкілдері (жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, газбенжабдықтау, электр мен телефон желісі, жол полициясы бойынша) келісу үшін шақыртылуы тиіс.
5. Жер қазу жұмыстарын орындау барысында механизмдермен жұмыстың жүргізілуіне жауапты тұлғалар машинистке механизаторлық әдіспен жұмыстың жүргізілу сызбасы жерінің механизімін тапсыруға және сақталуы қамтамасыз етілетін қолданыстағыжер асты қондырғыларының орналасуы мен жұмыс орнын көрсетуге міндетті.
6. Ашу жұмыстарын жүргізу барысындағы барлық жағдайда көлік пен жолаушылар жолындағы қозғалыстың, үй тұрғындарының жүрісі мен тұрғын үйге келушілердің қалыпты жағдайы сақталуы тиіс. Траншея арқылы шарбақты жаяу жүруші кішкене көпірі салынуы тиіс.
7. Траншея пен шұңқырларға себудің жетілдірілген жабындысы 20 сантиметрлік жабындыдағы құммен қатталған қабатта және жазғы уақытта су құйып, ал қыс мезгілінде – қатталған ұсақ құммен себіліп жүргізілуі тиіс.
8. Траншеяларды толтыру құмды сепкенге дейін телефонхат арқылы шақыртылып, жол қозғалысы ұйымының өкілінің техникалық қадағалануында жасалуы қажет. Төгу сапасы туралы әрбір қалыңдықтың нақты коэффицентін көрсете отырып, технологиялық қолдау көрсету жолымен зертхана қорытындысы арқылы жұмысты жабу актісі құрылады.
9. Траншеялар мен жеке шұңқырларға төгу кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жолдарда асфальтті немесе асфальбетон астындағы қатты негізді қалпына келтіргенге дейін қоршауларды алуға жол берілмейді.
10. Материалдар мен артық топырақты жинау жыртылған жердегі төгулер аяқталысымен 24 сағат ішінде құрылыс ұйымымен жүргізілуі тиіс. Мен, ________________________________________________________________ Жоғарыда аталған шарттар мен жұмыстарды ордерде көрсетілген мерзімде орындауды міндетіме аламын және аталған нысан толығымен қажетті жол белгілері, құрылыс материалдарымен қамтамасыз етілгенін растаймын.
Осы ордер бойынша міндеттерді орындамаған жағдайда әкімшілік тәртіпте жауапкершілікті артамын.
20___ жылғы "___" ________________ ___________________ ____________________ ________________________Тапсырыс берушінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, тапсырыс берушінің қолы, мөрі.
20___ жылғы "___" ________________ ___________________ ____________________ ________________________
Өкілетті орган лауазымды тұлғасының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, қолы.
Өкілетті органның мөрі (штамп).