Жамбыл облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 17-12 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 29 қазандағы № 2031 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағы 4-1) тармақшасына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Жамбыл облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу) Қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың өнеркәсіп салаларын, құрылысты, энергетиканы, көлікті, байланыс пен кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Облыстық мәслихаттың Облыстық мәслихаттың
      сессия төрайымы хатшысы
      Г. Кемелкулова Б. Карашолаков

      КЕЛІСІЛДІ

      "Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс,
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары басқармасы" коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Байтелиев Р.Т.
27 қыркүйек 2013 жыл

      "Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика,
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы"
коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Туяков Ж.Ш.
27 қыркүйек 2013 жыл

  Жамбыл облыстық мәслихатының
2013 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 17-12 шешімімен бекітілген

Жамбыл облысында жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу Қағидалары
1. Жалпы ережелер

      Осы Жамбыл облысында жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы, "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңы, "Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Жаңартылған Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10234 болып тіркелген)" негізінде әзірленді.

      Қағидалар Жамбыл облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу тәртібін анықтайды.

      1. Қағида Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдары, тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешен ұйымдарының облыстың өндірістік, әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешен объектілерін жылу маусымына дайындау және оның өтуі кезеңінде тұрақты қызмет көрсетуін қамтамасыз ету бойынша қызметін үйлестіреді.

      2. Облыстың тұрғын үй-коммуналдық және энергетикалық кешеніне жататын кәсіпорындар мен ұйымдар тұтынушыларды жылумен, электрмен, сумен, газбен, отынмен тұрақты жабдықтауды және су бұрумен қамтамасыз етеді, сонымен қатар энергия тасығыштардың қажетті параметрлерін ұстауды және тағайындалуын ескере отырып тұрғын үйлер мен ғимараттарда нормативтік температуралық режимді қамтамасыз етеді.

      3. Күзгі-қысқы жағдайларда Жамбыл облысының энергетикалық кешені, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала нысандарын жұмысқа дайындау жыл сайын жүзеге асырылады.

      4. Жылу беру маусымына дайындықты және өткізуді жалпы үйлестіру облыстық жергілікті атқарушы органмен құрылған аймақтық штабпен жүзеге асырылады.

      5. Облыстың қалалары мен аудандарында жылу беру маусымына дайындықты және өткізуді ұйымдастыруды қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары құрған қалалық және аудандық штабтармен жүзеге асырылады.

      6. Облыстың энергетикалық кешенін, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерін жылу беру маусымына дайындау жөніндегі шаралар жыл сайын әзірленеді және келесі тәртіпте ұсынылады:

      1) энергетикалық кешен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік салаға жататын кәсіпорындар мен ұйымдар жылу беру маусымы аяқталғаннан кейін энергетикалық кешен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерін дайындау жөніндегі шараларды әзірлейді және қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарына ұсынады;

      2) қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары ұсынылған шаралар негізінде қалалар мен аудандардың энергетикалық кешені, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала нысандарын дайындау жөніндегі шараларды әзірлейді және бекітеді және "Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ұсынады.

      7. Жылу беру маусымына дайындалу жөніндегі шараларды орындау жөніндегі есептер 15 сәуірден 1 қазанға дейін апта сайын келесі тәртіпте ұсынылады:

      1) энергетикалық кешенге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік салаға жататын кәсіпорындар мен ұйымдар қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарына кәсіпорындар мен ұйымдар бойынша есеп түрінде;

      2) қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары қалалар мен аудандар бойынша жиынтық есеп түрінде "Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне;

      3) "Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі облыс бойынша жиынтық есеп түрінде Жамбыл облысының әкімдігіне.

      8. Жылу беру маусымына дайындалу кезінде жоспарланған жұмыстар орындалмаған кезде есепке:

      1) орындалмау себептері көрсетілген анықтама;

      2) жағдайды түзету бойынша қолданылып жатқан шаралар;

      3) жұмыстарды орындаудың жаңа мерзімдері қоса беріледі.

      9. Қалалар мен аудандарды энергиямен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың жедел-диспетчерлік қызметтерінің өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталады.

      10. Энергиямен жабдықтаушы (энергия беруші) ұйымдардың тұтынушылармен (абоненттермен) өзара қарым-қатынастары, олардың арасында жасалған жылумен жабдықтау келісім шартымен (бұдан әрі – Келісім шарт) және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен анықталады.

      Ескерту. 1 бөлімге өзгерістер енгізілді – Жамбыл облыстық мәслихатының 07.10.2016 № 5-12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Жылу беру маусымына дайындық

      11. Жылу беру маусымына дайындық шаралары:

      1) өткен жылу беру маусымында анықталған кемшіліктерді талдау, оларды жою бойынша шараларды әзірлеу мен орындауды;

      2) облыстың энергетикалық кешені, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала нысандарын дайындау жөніндегі шараларды әзірлеуді және бекітуді;

      3) жылумен жабдықтау көздерінде, инженерлік желілерде қайта жөндеу, күрделі және ағымдағы жөндеу, сынау мен қайта жуу бойынша қажетті жұмыстарды жүргізуді;

      4) отын қоймаларын дайындау, энергия көздерінде негізгі және резервтік отынның нормативтік қорын құруды;

      5) ғимараттарды (үйлерді) жылу беру маусымына дайындау, үй ішіндегі жүйелердің жабдықтарын профилактикадан өткізу, жөндеу және ауыстыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуді қамтиды.

      12. Пәтер (үй-жай) иелерінің кооперативі, кондоминиумды басқару органдары:

      1) үй ішіндегі инженерлік желілер мен құрылыстардың, жалпы үйге ортақ жылу энергиясын есептеу құралдарының сақталуын, қауіпсіздігін, тиісті техникалық жағдайы мен пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      2) жалпы үйге ортақ қажеттілігі үшін пайдаланылатын жылумен жабдықтау жөніндегі қызметтердің тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, үй ішіндегі инженерлік желілер мен құрылыстарда жылу шығындарын болдырмауға жол бермейді;

      3) жылумен жабдықтау бойынша қызметтермен қамтамасыз етушіні орнатылған пломбалардың бүтіндігінің бұзылу жағдайы туралы хабарлайды;

      4) жылумен жабдықтау бойынша қызметтермен қамтамасыз етушілердің өкілдерін жалпы үйге ортақ жылу энергиясын есептеу құралдарына, үй ішіндегі инженерлік желілер мен құрылыстарға кедергісіз кіруін қамтамасыз етеді;

      5) жалпы шолуға қол жетімді орындардағы стендтерде үй ішіндегі инженерлік желілер мен құрылыстарда жөндеу мен қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдар туралы ақпаратты (атауы, байланыс телефондары, апаттық қызметтердің телефондары) орналастыруды қамтамасыз етеді;

      6) инженерлік жабдықтардың және кондоминиум объектісінің коммуникацияларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдайды;

      7) апатты жағдайлардың туындауын қоспағанда, меншік (пәтер, үй-жай) иелеріне инженерлік желілердегі сөндіру, сынау немесе жұмыс режимінде болатын басқа да өзгерістер туралы алдын ала хабарлайды;

      8) үй-жай (пәтер) иелерімен жиналыстар, жазбаша сауалдарды өткізуді ұйымдастырады;

      9) кондоминиум объектісінің санитарлық-техникалық және инженерлік жабдықтардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;

      13. Жылу желілерінің күзет аймақтары шегінде осы желілерге иелік ететін ұйымдардың жазбаша келісімінсіз:

      1) кез келген нысандар мен ғимараттардың құрылысын, монтажын және жер жұмыстарын жүргізуге;

      2) тиеу-түсіру жұмыстарын жүзеге асыруға, әртүрлі алаңдар, автомобиль көліктерінің тұрақтарын жасауға, әртүрлі материалдарды жиып қоюға;

      3) қоршаулар мен шарбақтар салуға;

      4) ұңғымалар мен шурфтарды орнатуға байланысты іздестіру және басқа да жұмыстар жүргізуге;

      5) биік жүгі бар немесе жүксіз машиналар мен механизмдердің жол немесе жер бетінен 4,5 метрден жақын өтуге (эстакадалардағы автожолдар үстінде төселген жерүсті құбырларының астында) жол берілмейді.

      Жылу желілерінің күзет аймақтарының темір жол және автомобиль жолдарына бөлiнген белдеулермен, басқа құбырлардың күзет аймақтарымен, байланыс, телекоммуникациялар, кабельдер желілерімен, түйісуі кезінде түйісу аумақ учаскелерінде, осы объектілерді пайдаланумен байланысты жұмыстарды өткізу мүдделі ұйымдармен өзара келісу бойынша жүзеге асырылады.

      Ұйымдардың иелігіне жататын жылу желілерінің күзет аймақтарындағы заңды және жеке тұлғалар қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етуге және бұзушылықтарды алдын алуға бағытталған талаптарды орындайды.

      14. Энергетикалық кешен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерінде апаттарды жою жылумен жабдықтау, жылу беруші және жылу тұтынушы ұйымдармен, жөндеу-құрылыс, көлік ұйымдарымен өзара әрекет ете отыра жүзеге асырылады.

      15. Жылу желілерін пайдаланатын ұйымдар, осы желілердің күзет аймақтарында жылу желілерін жөндеу үшін қажетті жұмыстарды жүргізеді.

      Меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың жер учаскелерінде орналасқан жылу желілерінде апаттарды алдын алу немесе олардың салдарын жою жөніндегі жұмыстар оларды хабарландыру арқылы жүзеге асырылады.

      Көрсетілген жұмыстарды орындағаннан кейін жылу желілеріне иелік етуші ұйымдар жер учаскелерін мақсатына сай қолдану үшін оларды жарамды күйге келтіреді.

      Жолдарда жүргізілген жылу желілерін қайта қалпына келтіру жұмыстарын қабылдап алуды жол органдары жөндеу жұмысын жүргізген ұйымның қатысуымен жүзеге асырады және тиісті актімен ресімделеді.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді – Жамбыл облыстық мәслихатының 07.10.2016 № 5-12 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.12.2019 №41-13 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      16. Жылумен жабдықтау көздерінде және орталық жылу беру пунктерінде жыл сайын күзгі кезеңде және жүктеменің қысқы максимумы өту кезеңінде жылумен қамту қажеттіліктерін қамтамасыз ету жұмыстары және жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстары орындалады.

      17. Тұтынушы мен энергия беруші немесе энергиямен жабдықтаушы ұйымдар арасындағы жылу пайдалану жүйелерінің жай-күйі мен қызмет көрсету жауапкершілігінің шегі олардың баланстық тиесілігімен анықталады.

      18. Тұтынушыларды жылу тұтыну қондырғыларын пайдалануға жіберу кезінде мыналар ескеріледі:

      1) жаңадан қосылатын және қайта жаңғыртылатын барлық жылу тұтыну жүйелері энергия беруші және (немесе) энергия өндіруші ұйымдармен келісілген жобалау құжаттамасына сәйкес орындалады;

      2) пайдалануға қосуға дейін және әрбір жылу беру маусымының алдында жылу тұтыну қоңдырғылары қабылдау-тапсыру техникалық сынаулардан өтеді.

      Жылу тұтыну жүйелерін пайдалануға енгізу тек тұтынушыда даярланған қызметшілер мен жылу тұтынатын қондырғылардың сенімді және қауіпсіз жұмысына жауапты тұлғалар болған, немесе осы қызмет түріне рұқсаты бар мамандандырылған ұйыммен қызмет көрсетуге Келісім-шартқа тұрған жағдайда ғана мүмкін болады.

      Энергия таратушы және (немесе) энергия өндіруші ұйым жылу тұтыну жүйелерін тұрақты пайдалануға рұқсатты тек оларды сынаудан кейін, анықталған ақауларды жойғаннан кейін, сараптау ұйымынан қорытынды алғаннан кейін және Келісім-шартқа отырғаннан кейін рұқсат береді.

      19. Жылу желілерінің құбырларын монтаждау, күрделі жөндеу және қайта жаңғыртудан кейін пайдалануға берудің алдында қайта жуудан және гидравликалық (температуралық) сынақтан өтеді.

      20. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың жылу беру маусымына дайындығы Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10516 болып тіркелген)" негізінде анықталады.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгерістер енгізілді – Жамбыл облыстық мәслихатының 07.10.2016 № 5-12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      21. Жылу беру маусымына тұтынушылардың инженерлік желілерін дайындау жөніндегі ұйымдастыру шаралары:

      1) инженерлік желілердің пайдалануына жауапты тұлғаны тағайындау;

      2) инженерлік желілердің пайдалануына жауапты тұлғаларды дайындау: оларды инженерлік желілерді пайдаланудың техникалық біліктілігін тексеру, техникалық қауіпсіздік ережелерін білуге үйрету және білімдерін тексеру;

      3) техникалық құжаттаманың толық пакетін дайындау;

      4) бақылау-өлшеу құралдарын және коммерциялық есептеу құралдарын тексеру;

      5) жертөле және шатыр жайларының барлық жылумен жабдықтау және ыстық су құбырларының жылу оқшаулауын орындау;

      6) кіреберістер мен жертөлелердің есіктерін жөндеу;

      7) шатырлардың және жертөлелердің терезелерін жабу;

      8) баспалдақтар орналасқан жерлердегі терезелерге қос шыны салу;

      9) баспалдақтар орналасқан жерлердегі жылу беру жүйесін қалпына келтіру және іске қосу;

      10) тұрғындармен пәтерлерді жылылауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      11) жылу пунктінің үй-жайларын жөндеу: ақтау, сырлау, қажетті жарықтандыруды және берік бекітілуін қамтамасыз ету;

      12) сыртқы құбырлар мен арматуралардың жылу оқшаулағышын қалпына келтіру;

      13) жылу пайдаланушы қоңдырғылардың орнатылған барлық тиекті, реттеуші арматураларын тексеру және жөндеу;

      14) техникалық термометрлерді тексеру, кейіннен техникалық майды құя отырып гильзаны тазарту;

      15) жылу беру маусымы аяқталғаннан кейін жылу тұтыну жүйелерінің элементтерін механикалық жағынан тазарта отыра, гидропневматикалық шаюды жүргізу;

      16) жөндеу іс-шараларын өткізу;

      17) пломбаланған, тексерілген монометрлерді орнату;

      18) жылу тұтыну жүйелерінің барлық элементтерін механикалық бекемділігі және жылу тұтыну жүйелерінің гидравликалық тығыздығын (гидравликалық сығымдау) гидравликалық сынаудан өткізу.

      22. Инженерлік желілер өтетін жертөлені жалға алушы немесе меншік иесі жөндеу және пайдалану жұмыстарын жүргізетін ұйым қызметкерлерінің еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

      23. Жұмыстар жүргізілгеннен кейін тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың жылу тұтыну жүйесін қабылдауды жылумен жабдықтаушы ұйым жүзеге асырады және техникалық дайындық актісімен ресімделеді.

      Техникалық дайындық актісімен қабылданбаған жылу тұтыну жүйелері жылу беру маусымына дайындалмаған деп есептеледі және қайта техникалық тексеруден өтуге жатқызылады.

      24. Тұтынушы жоспарлы жөндеу және апаттық-қайта қалпына келтіру жұмыстарын қоспағанда, жылу беру маусымына дайындық бойынша кешенді іс-шараларын орындамаса және энергия жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйым берген техникалық дайындық актісін ресімдемесе және сараптау ұйымының қорытындысын алмаса, жылу тұтыну жүйесін қосуға жол берілмейді.

      25. Тұтыну қасиеттері және жылу энергиясын беру режимі қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттамамен белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс.

3. Жылумен жабдықтау жүйелерін байқап көру

      26. Жылу беру маусымының басталуына қарай жылумен жабдықтау көздерінің, жылу беру желілерінің дайындығын тексеру және жасырынған ақауларды анықтау үшін жылумен жабдықтау жүйелеріне техникалық диагностикалау жүргізіледі.

      27. Жылу көздері қондырғыларын қосу және ғимараттарды (үйлерді) қосу мынадай тәртіпте жүргізіледі:

      1) жылу беру көздерінде жылу беру қондырғыларының сызбасын жинақтау, қондырғыларды қайта іске қосу және байқап көру, жылу желілерін сумен толтыру,берілетін және қайтарымды құбыр қысымына қою және циркуляцияны орнату жөніндегі жұмыстар орындалады;

      2) үй ішіндегі жүйелерде арматураны іске қосу орнын орнату, таратушы құбырлар мен жылумен жабдықтау жүйелерін сумен толтыру, тексеру бақылау-өлшеу құралдары мен реттегіштерінің болуын тексеру жөніндегі жұмыстар жүргізіледі;

      3) жылу көздері мен ғимараттарды жылумен жабдықтау жүйесіне қосу қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарымен келісілген кестеге сәйкес қатаң түрде жүргізіледі.

      28. Магистральді және таратушы жылу желілерін іске қосу және байқап көру іске қосу-жөндеу бригадасымен жүргізіледі.

      Іске қосуға дейін желінің іске қосылатын учаскедегі жабдықтарының жарамдылығы, сынау, шаю және қабылдау актілері тексеріледі.

      29. Байқап көру үдерісінде жабдықтау көздері бойынша анықталған ескертулер жылу беру маусымының басына дейін жойылады.

4. Жылу беру маусымы

      30. Жылумен жабдықтаушы ұйымдарға жылумен жабдықтау жүйелерін байқап көру, қосу кестелерін және гидравликалық және температуралық көрсеткіштердің есептік кестелерін 1 қыркүйекке дейін әзірлеу және қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарымен келісу ұсынылады. Осыған сәйкес тұтыншыларға белгіленген көрсеткіштің жылу тасығышын (су және бу) беру қамтамасыз етіледі.

      Жылумен жабдықтау жүйесіне қосу кестелерінде тұтынушыларды қосудың мына кезектілігі сақталуы тиіс:

      1) балалар, емдеу мекемелері, оқу орындары;

      2) тұрғын үйлер, қонақ үйлер, жатақханалар;

      3) қоғамдық және тұрмыстық ғимараттар, мәдениет мекемелерінің ғимараттары, әкімшілік ғимараттар, өнеркәсіп кәсіпорындары және басқа ғимараттар.

      Бір уақытта толтырылатын үй ішіндегі желілердің санын анықтау кезінде жылумен жабдықтау көздерінің шаруашылық-ауыз суларымен қамтылуын, су дайындау және қоректендіру құрылғыларының өнімділігін ескеру қажет.

      31. Барлық ғимараттарды (үйлерді) қосқаннан кейін пайдаланушы ұйымдар жабдықтардың жай-күйіне тексеру жүргізеді және үй ішіндегі жүйелердің бастапқы реттелуін жүргізеді.

      32. Пайдалану үдерісінде анықталған жылумен жабдықтау көздерінің, жылу желілері мен үй ішіндегі жүйелердің жұмысындағы кемшіліктер жылу маусымының басына дейін жойылады.

      33. Жылу беру маусымы кезінде жылумен жабдықтаушы ұйым Келісім- шартқа сәйкес:

      1) жылумен жабдықтау жөніндегі қызметтерді барлық тұтынушылардың қол жеткізуі үшін тең жағдайды жасауды;

      2) жылу беру желілерінің баланстық тиесілігі бөліміндегі шекарада тиісті жылу энергиясының көрсеткіштерін ұстауды;

      3) тұтынушыға тиісті сапада жылу энергиясын беру бойынша қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді.

      34. Жылу беру маусымы жарияланғаннан бастап:

      1) хабарландыру сызбасы анықталады, облыстың тұрғын үй-коммуналдық және энергетикалық кешен нысандарының жауапты қызметшілерінің кезекшілігі белгіленеді;

      2) кәсіпорындарда апатты-қайта қалпына келтіру бригадасы дайындалады;

      3) ғимаратты (үйді) пайдаланушы ұйымның қызметкерлер құрамы ғимараттың жылу тасығыш жүйесінің жұмысына және жылылаудың жай-күйіне кезеңмен тексеру және бақылау жасауды ұйымдастырады;

      4) жылумен жабдықтау көздерінде резервтік және апатты жабдықтардың жұмысы, құралдардың, материалдар мен қосалқы бөлшектерінің болуы тексеріледі.

      35. Жылу беру көздерінде және жылу беру желілерінде апаттық жағдай жарияланған сәттен бастап:

      1) барлық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және энергетикалық кешен нысандарында тәулік бойы кезекшілік енгізіледі;

      2) апаттық жағдайларда пайдалану үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда тетіктермен және материалдармен қамтамасыз етілген қосымша апаттық-жаңғырту бригадалардың күшейтілген дайындығы енгізіледі.

5. Жылу беру маусымының аяқталуы және жылу беру аралығы кезеңінде ыстық сумен жабдықтауды қамтамасыз ету

      36. Жылу беру маусымының аяқталуы жыл сайын хабарланады.

      37. Жылу беру маусымы аяқталғаннан кейін ғимаратты (үйді) пайдаланушы ұйымдар орталық жылу беру жүйесін сөндіреді және ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің жұмысын жазғы сызба бойынша қамтамасыз етеді.

      38. Жылу беру аралығы кезеңінде жылумен жабдықтаушы ұйымдар тұтынушыларды жылу көздері мен жылу желілері жабдықтарының бекітілген жұмыс сызбасы бойынша ыстық сумен жабдықтауды қамтамасыз етеді. Су бөлетін нүктелерге (шүмектерге, араластырғыштарға) берілетін судың температурасы техникалық және санитарлық норманың талаптарына жауап беруі қажет. Ыстық суды беру кезінде жылумен жабдықтау көздерінде ыстық сумен жабдықтау қондырғыларын жөндеу, элеваторлы тораптарды, автоматтандырылған жылу пункттері мен үй ішіндегі жүйелерді дайындау үшін қажетті уақытқа жергілікті атқарушы органдармен келісілген кестелермен бекітілген мерзімінен асатын үзілістерге жол берілмейді.

      39. Жылу беру желілеріне, жылу беру пункттеріне және жылу тұтыну жүйелеріне жөндеу жұмыстарын жыл сайын 1 қыркүйекке дейін жүргізу ұсынылады.

6. Қағиданы бұзу жауапкершілігі

      40. Қағидаларды бұзғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады