"Жамбыл облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 17-12 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 41-13 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 желтоқсанда № 4446 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағы 4-1) тармақшасына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жамбыл облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 17-12 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2031 болып тіркелген, "Ақ жол" газетінде 2013 жылғы 5 қарашада жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Жамбыл облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидаларында:

      15-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Жылу желілерін пайдаланатын ұйымдар, осы желілердің күзет аймақтарында жылу желілерін жөндеу үшін қажетті жұмыстарды жүргізеді.".

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыстық мәслихаттың кәсіпкерлікті қолдау, құрылыс, көлік және коммуналдық салаларды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы рет ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Жамбыл облыстық мәслихатының сессия төрағасы Ж. Айтишев
      Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы Б. Карашолаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады