РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағы 12-3) тармақшасына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ереже бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік - мәдени даму, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланыс және әйелдер істері мен отбасы - демографиялық саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Облыстық мәслихаттың хатшысы | Б. Қарашолақов |
Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 09 желтоқсандағы № 19–5 шешімімен бекітілген |
"Жамбыл облысының (қаланың, ауданның)" Құрмет грамотасымен марапаттау туралы" ереже 1. Жалпы ереже
1. "Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен марапаттау туралы" ереже (бұдан әрі - ереже) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді.2. Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасы (бұдан әрі – Құрмет грамотасы) мәслихат марапаты болып табылады.
3. Құрмет грамотасымен марапаттау азаматтардың көп жылғы жемісті еңбегін, олардың қабілеті мен дарынын және бастамаларын қоғамның танығандығын білдіретін аса маңызды моральдық көтермелеу болып табылады.
2. Құрмет грамотасымен марапаттау бойынша талаптар
4. Құрмет грамотасымен өз қызмет саласында кем дегенде 5 жыл еңбек өтілі бар Жамбыл облысының қызметкерлері марапатталады.5. Құрмет грамотасымен өндірістік және қоғамдық-саяси қызметтегі, ғылым, мәдениет, әдебиет, өнер, халыққа білім беру, денсаулық сақтау, дене тәрбиесі және спорт саласында, халыққа қызмет көрсету аясында, заңдылық және құқықтық тәртіпті, халықтар достығы мен ұлт аралық келісімді, мемлекеттік қорғанысты нығайту ісіндегі жеке үлесі үшін қызмет істеген облыс азаматтары марапатталуы мүмкін.
6. Құрмет грамотасымен Қазақстан Республикасының азаматтары және шетел азаматтары Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) елдегі және шетелдердегі келбетін көтеруге қосқан мол қоғамдық танымал үлесі үшін марапатталуы мүмкін.
7. Құрмет грамотасы:
1) үміткерді ұсыну сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте соттылық мерзімі өтелмеген немесе алынбаған;
2) сот арқылы іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған;
3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық іс-әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылған;
4) үміткердіұсыну сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте әкімшілік жазасы өтелмеген немесе алынбаған тұлғалар марапатталмайды.
8. Құрмет грамотасымен қайталап марапаттау жүргізілмейді.
9. Еңбек етіп жүрген кездерінде мерейтойларға байланысты марапаттау жүргізілмейді.
9.1. Құрмет грамотасымен марапаттауға ұсыну кезінде қаланың, ауданның құрмет грамотасы марапатының болмауына байланысты Жамбыл облысының Құрмет грамотасы марапаты берілмеуі мүмкін.
Ескерту. Ереже 9-1-тармақпен толықтырылды – Жамбыл облыстық мәслихатының 11.12.2014 № 33-8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
3. Құрмет грамотасымен марапаттау тәртібі
10. Құрмет грамотасына ұсынылған әрбір адамға белгіленген үлгідегі марапаттау қағазы толтырылады. Марапаттау қағазында марапатталатын тұлғаны сипаттайтын мәліметтер, сол саладағы және сол ұжымдағы жалпы еңбек ету өтілі, оның нақты сіңірген қызметі, жұмысының сапасы мен тиімділігі туралы мәліметтері, оның нәтижелері жазылады бұған дейін алған марапаттарының көшірмелері тіркелуі тиіс.Ескерту. 10-тармаққа өзгерістер енгізілді – Жамбыл облыстық мәслихатының 11.12.2014 № 33-8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
11. Марапаттау қағазына кәсіпорын, ұйым және мекеме басшысы қол қояды және дұрыс енгізілген мәліметтер үшін жеке жауапкершілікте болады. Марапаттау қағаздары кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің мөрімен бекітіледі.
Дұрыс толтырылмаған және бекітілген үлгіге сәйкес емес марапаттау материалдары қарауға қабылданбайды.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерістер енгізілді – Жамбыл облыстық мәслихатының 11.12.2014 № 33-8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
12. Құрмет грамотасымен марапаттау туралы өз кандидатураларын өз бетімен ұсынған тұлғалардан келіп түскен материалдар қаралмайды.
13. Марапаттау бойынша ұсыныстарды алдын ала қарау және әзірлеу үшін мәслихаттың өкілеттілік мерзіміне марапаттау жөніндегі комиссия құрылады (одан әрі - комиссия).
14. Комиссия отырысы әр айда 2 рет өткізіледі және мәслихат хатшысының атына марапаттау жөнінде жіберілген ұсыныстар марапаттау күніне дейін 10 күн бұрын қабылданады.
Ескерту. 14-тармаққа өзгерістер енгізілді – Жамбыл облыстық мәслихатының 11.12.2014 № 33-8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
15. Облыстық мәслихатқа марапаттауға ұсынылатындар саны:
1) әр облыстық департаменттер мен облыс әкімдігінің басқармалары әрбір марапаттау күніне 2 ғана қызметкерге ұсыныс жасай алады және олардың жалпы саны 6 аспауы тиіс;
2) әрбір облыстық мемлекеттік мекеме, кәсіпорын мен ұйым әр марапаттау күніне 2 ғана қызметкерге ұсыныс жасай алады және олардың жалпы саны 6 аспауы тиіс;
3) әр қалалық және аудандық әкімдіктер мен мәслихаттар әрбір марапаттау күніне 1 ғана қызметкерге ұсыныс жасай алады және олардың жалпы саны 3 аспауы тиіс.
Облыстық маңызы бар қала және аудандық мәслихаттарға ұсынылатын марапатталушылардың саны:
1) әр аудандық басқармалар мен қалалық және аудандық әкімдік бөлімдері әрбір марапаттау күніне 2 ғана қызметкерге ұсыныс жасай алады және олардың жалпы саны 6 аспауы тиіс;
2) әрбір мемлекеттік мекеме, кәсіпорын мен ұйым әр марапаттау күніне 2 ғана қызметкерге ұсыныс жасай алады және олардың жалпы саны 6 аспауы тиіс.
Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді – Жамбыл облыстық мәслихатының 11.12.2014 № 33-8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
16. Барлық мекемелер мен ұйымдар өздерінің жоғары тұрған органдары арқылы Құрмет грамотасымен марапаттауға үміткерлерді ұсынады.
17. Комиссия шешімі комиссия құрамының жартысынан астамы қатысқан жағдайда заңды болып саналады.
18. Комиссия отырысына комиссия құрамына кірмейтін және дауыс беру құқығы жоқ мәслихаттың депутаттары қатыса алады.
19. Комиссия отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелерінің көпшілігінің ашық түрде дауыс беруі арқылы шешім қабылдайды.
20. Комиссия өзі қараған ұсыныстың қорытындысы туралы кандидатураны ұсынған органға хабарлайды және тиісті хаттама толтырады.
21. Комиссияның ұсынысы бойынша мәслихаттың хатшысы марапаттау туралы өкім шығарады және ол өкім жергілікті баспасөз бетінде жарияланады.
22. Құрмет грамотасын мәслихаттың хатшысы, мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы, мәслихаттың аппарат басшысы, мәслихат аппараты басшысының орынбасары, аудандық, қалалық атқарушы органдардың басшылары тапсыра алады.
Ескерту. 22-тармаққа өзгерістер енгізілді – Жамбыл облыстық мәслихатының 11.12.2014 № 33-8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
23. Жоғалған Құрмет грамотасының орнына көшірмесі берілмейді.
24. Құрмет грамотасы келесі сипаттамада болуы қажет:
1) Құрмет грамотасы мұқабадан және ішіне салынатын қағаздан тұрады;
2) мұқаба түрлі - түсті қалың қағаздан жасалып, ішіне ақ қағазбен тоқыма бау желімделген;
3) мұқабаның көлемі 210х300 миллиметр (ашылған кезде 420х300 миллиметр);
4) мұқабаның биіктігінің төрттен біріндей деңгейде ортасына қарай Қазақстан Республикасының Елтаңбасы орналасқан;
5) ортадан сәл төменірек: "Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасы" - деген сөз жазылған;
6) мұқабаның ішіне салынған ақ қағаздың көлемі ашылған кезде 290х410 миллиметр;
7) оның бірінші бетінде Елтаңба салынған, ал ішкі бетінде Қазақстан Республикасының туы бейнеленген;
8) ішкі бетіндегі жазулар қазақ және орыс тілдерінде жазылады.
МАРАПАТТАУ ПАРАҒЫ НАГРАДНОЙ ЛИСТ
Ескерту. Ереже қосымшасымен толықтырылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 11.12.2014 № 33-8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).Руководитель (қолы)
"______"_________________ ______ ж.
(күні)
Ескерту: - марапаттау парағындағы деректердің дұрыстығына, қол қойған мекеме тікелей жауапты болады.
Примечание: - за правильность внесенных данных в наградном листе подписывающая организация несет ответственность.